Home » Оқу-әдістемелік материалдар » АЙНАБЕКОВ А. Ю. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

АЙНАБЕКОВ А. Ю. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

       Резюме

В работе рассматриваются перспективы эффективной подготовки в вузе учителей физической культуры и необходимость определения педагогических условий для организации учебного процессе и удовлетворения современных требований. Данные педагогические условия могут быть развивающими и формирующими факторами профессиональной компетенции студентов. Проявление соответствие друг другу, характеризует и их взаимозависимость. Поэтому податная организационная форма в сравнении с формами индивидуальной и фронтальной является эффективной формой, ведущей от конкурентности и единению.

Summary

In the article the author examined the effective preparation of physical training teachers in higher education and defined the necessity of pedagogical conditions for organizing the teaching process and satisfaction of modern demands. These pedagogical conditions can be developing and emerging factors in the professional competence of students. Manifestation correspond to each other is characterized and their interdependence. That’s why, the organizational form of taxation in comparison with the individual and from forms in an effective form, that leading to competition and unity.

Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімін дайындаудың педагогикалық негізін тиімділігін жүзеге асыру үшін осы үрдісті ұйымдастыруға, оның талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарды анықтау қажет.

Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімін дайындаудың педагогикалық негізінің тиімділігін педагогикалық шарттарын негіздеу бойынша педагогика және психология ғылымдары саласында жүргізілген ғылыми зерттеулерге талдау жасалынды. Атап айтсақ, жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімін дайындаудың педагогикалық шарттарын Ж.К.Оңалбек, т.б. зерттеген еңбектерінде дене шынықтыру пәні мұғалімін дайындаудың оның өзіндік бағдарланған қасиеттеріне арналғанын дұрыс деп санаған [1, 259 б]. Атап айтсақ, С.Т.Каргин нақты педагогикалық шарттарды туғызу дене шынықтыру пәні мұғалімін жұмысқа даярлауда шешуші міндет атқаратындығын айтса [2, 110 б.]., Б.И.Орумбаев, Т.Қуанышев арнайы ұйымдастырылған даярлық жұмыстар педагогикалық ортада нәтижесін тапқан деп санайды [3, 192 б. 4, 75 б. ].

Н.М.Борытко педагогикалық шарттар деп педагогикалық үрдістің өтуіне маңызды ықпал етуші, мұғалімнің сыртқы саналы түрде құрастырған сыртқы себебі деп түсіндіреді [5, 164б.]. Олар сыртқы себептерді өзіндік жетістікке жету үшін оқуды ұйымдастыру формаларын білім мазмұны мен оқудың әдіс-тәсілдерін таңдау, құрастыру және қолданудың бағдарланған нәтижесі болып табылатындығын айтады.

Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімін дайындаудың даярлығын қамтамасыз ету үшін жоғары деңгейде оқу-тәрбие, мәдени-ағартушылық, ғылыми — әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастырушылық, денсаулықты сақтау — салауатты өмірді насихаттау жұмыстарын қатар алып жүруді қажеттілік етеді.

Аталған педагогикалық жұмыстар білімгерлердің 1-4 курстарда алатын білімі, іскерліктеріне сүйенеді. Осы жағдайда дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық қызметінің құрылымы мен мазмұны ескеріліп, академиялық оқу типі: лекция, семинар, практикалық сабақтар, спорттық жаттығулар және жұмысқа қалыптастыруды ұйымдастыру формалары: педагогикалық практика, сабақты талқылау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу әдіс-тәсілдері анықталып, зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты білімгерлердің жұмысқа даярлауды қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыз ететін қажетті педагогикалық шарттарды анықтау болып табылады.

Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімін дайындаудың педагогикалық негізінің тиімділігін психологиялық, ақпараттық бағдарлама құралдарымен қамтамасыз ету жұмысының білімділігінің, құндылығының мазмұнын байытуға, таңдау материалдарының қорын дайындауға және оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясы элементтерін пайдалану арқылы педагогикалық жұмыстардың әрекеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Оқу үрдісінде ойындарды топтық формада ұйымдастыру, ұжым мүшелерінің өзара бірлігі мен беріктілігін қалыптастыруға, белгілі бір нәтижеге жетудің табыстылығына, ұжымның сенуіне, бірін-бірі қолдауға ортақ құралдарды іздеу және табу секілді нәтижелер алуға мүмкіндік береді. Осы педагогикалық шарттар білімгерлерді жұмысқа қалыптастырушы шешуші факторлар болып табылады.

Ойындарды оқу-тәрбие үрдісін пайдалануда білімгерлер түрлі ойындар ойнады. Ойында нақты педагогикалық көріністі және педагогикалық қызметтің пәндік ойындар типі болып өзіндік мінез-құлықтарымен ерекшеленді. Сондықтанда ойындар жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімінің мазмұнын анықтап, бағытталған қарым- қатынастар жүйесін құрайды.Ойынға қатысқан білімгерлер ойын барысында көздеген мақсатына қол жеткізуде, күнделікті өмірде шешімін таба алмайтын мәселені ойын барысында шешіп, одан шығу жолдарын үйренді және ойындардың екі бағыттылығын есепке ала отырып іс-әрекеттің ойын деңгейінде жүзеге асырылуы және білімгерлердің қызығушылықтарын дамытуда нәтижелілігі анықталды. Сондықтан, жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімін дайындауда арнайы ұйымдастырылған ойындар білімгер біліктілігінің сапасын дамытуда және оларды жүзеге асыруда өзіндік нәтиже көрсете алды деп санаймыз.

Ойын нақты өмірде жиі кездесетін, жасырын қарама-қайшылықтарды көре алуға мүмкіндік береді, өйткені ойындар табиғатта, қоғамда болып жатқан қайшылықтардың орны мен шешілу мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасайды.

Ойын бастан өткізген оқиғаға байланысты мұғалімге өзіндік «Мен» бейнесін құруға және ойын барысында қалыптасатын қатынастарды талдауға, өзіне ұтымды, өзіндік бағалау бағанын көтеру іскерлігін дамытуға мүмкіндік алады. Ойын әрекетінің сыни тұрғыдан бағалау білімгерлердің ойын мазмұнын нақты өмірмен саралап отырып, ұсынылған идеалды және рационалды нормалары мен құндылықтарын салыстырып, талдауға мүмкіндік туады.

Мұғалім шығармашылық-түрлендіруші ойындар арқылы жаңа өлшемдер деңгейін қарастырып және әрекеттер жүйесін жобалап, сол арқылы мүмкіндікті пайдалана отырып әрекеттік мазмұнды түрлендіреді.

Осылайша, жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімін дайындауда тренинг-ойындар қолданылады. Тренинг ойындардың негізгі мақсаты: топтық талдау, құндылықтық бағалауды қамтамасыз ететін талдау, өз ұсынысы мен әдістемесін қорғай алу секілді іс-әрекеттерді қалыптастыру.

Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімін дайындаудағы жауапты кезең — 3 және 4 курстарда оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшелігін көрсету болып табылады. Мұғалім қызметтің нәтижелерін бағалау: түрлі педагогикалық ситуацияларды шешу, талдау, өзіндік бағалау сияқты әрекеттермен жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімін дайындаудың педагогикалық шарттарын қалыптастырудың жоғарғы деңгейі 4 курста ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, педагогикалық практика, сабақтарды талдау, мұғалімнің қызметін меңгеруі арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімін дайындауда дене шынықтыру пәнін жүргізуде кейбір дербес ерекшеліктерді ескерген жөн. Атап айтсақ, қазіргі уақытта кейбір жоғары оқу орындарында дене шынықтыру сабақтарын өткізуде өзіндік ерекшеліктері болу керек.

Ойындар әр түрлі болып өтілген сайын бұлшық ет топтарының оған қатысу мүмкіндігі де мол болады. Ол қозғалыстың көп болуы үшін дене қабілеттерін ғана емес, жалпы дененің дайындық деңгейін дамытады. Дене бітімі тұрғысының дұрыс қалыптасуы қимылды қозғалыс ойындардың тәрбиелік құрылымына да көп байланысты.

Олай болса, жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімін педагогикалық жұмысқа даярлау үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін дене шынықтыру мамандығы бойынша оқу-тәрбие үрдісін арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарттарға сәйкес жүргізу қажеттігі тағы да расталып отыр. Біздің жағдайымызда осындай педагогикалық шарттарға: білім беру мазмұнын саралау (дифференциациялау) арқылы оқытуды қарқындату; бағдарлап оқыту арқылы білім мазмұнының кәсіби басымдығын қамтамасыз ету; оқытуды психологиялық, ақпараттық бағдарлама құралдарымен қамтамасыз ету арқылы болашақ мұғалімнің жалпыпедагогикалық және кәсіби іскерліктерінің сабақтастығын қамтамасыз ету; рефлексиялық қызметке даярлығын дамыту арқылы өзінің кәсіби іскерліктері мен дағдысын бағалай алуға жағдай тудыруды жатқызып отырмыз.

Жоғары оқу орындарында дене шынықтырудың теориясы мен практикасында мұғалімнің педагогикалық қызметінің күрделі және құзыретті жүйе ретінде түрлендіруші, басқарушы, тасымалдаушы, субъект-субъектілі қатынас қалыптастырушы түрлерде қарастырылған. К.Х.Закирьянов, Б.И.Орумбаев, В.В.Лобачев т.б. ғалымдардың еңбектерінде дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметінің мағыналылығы терең зерттелгендігі айтылған [ 8, 149 б., 3,192 б., 6, 210 б.].

Осы аталған ғалымдардың еңбектерінде жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметінің құзыреттілігінің ерекше түрі ретінде мұғалім ұйымдастыратын және білімгерлердің тұлғасын дамыту, оларды қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын тәрбиелеуге бағытталған үрдіс болып саналады. Яғни, дене шынықтыру мұғалімінің іскерлігі мен дағдысы оның педагогикалық қызметінің нәтижесі ретінде оқыту үрдісінде қалыптасады және оның көрінісі өзін-өзі таныту құралдарынан, тәрбие тәсілдерінен, субъектінің табиғи белгілерінен және қатынастар жүйесінен анықталған.

Сонымен қатар, психологтар мен педагогтардың еңбектерінде жасалынған талдау жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімінің педагогикалық қызметі толық зерттелмегендіктен, педагогикалық қызметтің нәтижелік көрсеткіші ретінде қарастырумен шектелетіндігін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Жоғары педагогикалық оқу орындарында мұғалімді дайындаудың жалпы педагогикалық дайындау мәселесі бойынша О.Сәлімбаев, О.А.Абдулинаның, т.б [9,56 б, 10, 354б.]. зерттеген жұмыстарында жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандарды даярлауда ғылыми-теориялық негіздері педагогикалық қызметтің құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелген. оның ішінде жоғары оқу орындарында мұғалімнің іскерліктері мен дағдыларын педагогикалық маманның тұлғалық сапаларымен байланыстырмай қарастырған. «Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімінің өзіндік ерекшеліктерін психодиагностикалық қызмет нәтижелерімен дәлелдеу арқылы қарастырылған. Көптеген дене шынықтыру ғылымының теориялық негізін жасаушы ғалымдар «дене шынықтыруды спорттандандыру арқылы беру керек» — деп тұжырымдаған. Аталған тұжырымдамаға сәйкес жоғары оқу орнында дене шынықтыру спорттық жаттығулар арқылы жүргізілетін болса, оң нәтиже беретіндігін анықтап, жоғары оқу орнында дене шынықтыру пәні мұғалімдерін дайындауда спорттық қызметке бағдарлануы керек деп есептейді.

Дене шынықтыру пәні мұғалімінің педагогикалық қызметі салауаттандыру, ғылыми- әдістемелік, мәдени-ағартушылық, спорттық-дене шынықтыру, оқу-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастыру-басқарушылық әрекеттерін жүзеге асыруы тиіс. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығының жобасын құру жөніндегі педагогикалық еңбектер үш түрлі үлгіде қарастырылған. Атап айтсақ, кәсіптің, мамандықтың талаптарынан туған мәселелер; қазіргі жағдайлардан туындаған мәселелер; еліміздегі қоғамдық-саяси құрылымның ерекшеліктерінен туындаған мәселелер.

Қазіргі таңдағы маманның іс-әрекетінде инновациялық технологияны, яғни ғылымның жаңа табыстарына негізделген технологияны жасау, пайдалану және игеру талап етілуде. Маман шығарған өнімінің инновациялық технологиямен байланыстырса, оның өзінің де бәсекелестік қабілеті жоғары болады. Еліміздің қоғамдық-саяси ерекшеліктерінің мамандарға қойылатын талаптарын атап айтсақ, білім беру жүйесін инновациялық есепке алып жетілдіру, инновациялық экономиканы дамыту, инновациялық-индустриалдық дамуды жүзеге асыру, инновациялық әлеуетті қалыптастыру, инновациялық технологияны дамыту.

Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие практикасын мұғалімнің ғылыми мәселелерді қабылдауда жүзеге асыруға даярлығы тұрғысынан қарастыру. Біз жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімнің қызметін, инновациялық мәселелерді қабылдап және оны жүзеге асыру тұрғысынан қарастыруымызға болатындығын атап айта ТИГУ Жаршысы 211 № 3 (21); 2015 аламыз. Сондықтан, жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің өзіндік ерекшеліктерін қалыптастыруда дайындық және оны дамытуды анықтау барысында жүзеге асырылады. Аталған үрдісті жүзеге асырудың актілерін В.А.Ким (идея-ұстаным-орындау), М.Құдайқұлов (интуиция — білім — ебдейлік) зерттеулерінде көрсетілген [11,405б].

Л.А.Шкутина шығармашылық үрдісті үш сатыға бөліп қарастырды:

— өзіндік сын, дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу,бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, оның формаларын табу;

— интуиция, шығармашылық қиял, сөз ұшқырлығы, қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі, әдемілікті сезіне білу, батылдық, шығармашылыққа деген ішкі құштарлық;

— жаңаны, өзгеше тың дүниені сезіне білу, шығармашылық ой-талдауға бейімділік, қарама-қайшылықтарды түсіне білуде сезімталдық, танымдық қызығушылық, жан дүниесінде ішкі тартысты оята білу қабілеті, шығармашылық көңіл күйдің тууы; [12, 495 б.].

 АЙНАБЕКОВ А. Ю
Тараз қаласы.
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының
дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі-Түркістан. 2004, — 259 б. 2 Каргин С.Т. Влияние профессионального взаимодействия в вузовском педагогическом процессе на качество подготовки будущих учителей: Автореф. дис. …докт. пед.наук. – Алматы, 2000. — 110 б.

3 Орумбаев Б.И. Подготовка учителя физической культуры к работе в условиях рыночных отношений: Автореф. дис. …канд. пед.наук.-Алматы,1998. -192 б.

4 Қуанышев Т.Ш. Подготовка будущих учителей физической культуры средствами национальных игр: Автореф. дис..канд.пед.наук.- Алматы, 1993 — 75 б.

5 Борытко Н.М. Основания периодизации профессиональной подготовки в системе непрерывного образования педагога-воспитателя // Педагогический комплекс как региональная система непрерывного педагогического образования: тез. докл. науч.прак.конв.-Волгоград, 2001. – 164 б

6 Лобачев В.В. Компетентностный подход в подготовке будущего педагога физической культуры // Культура физическая и здоровье: научно-метод.ж-л.,2007 7 Орумбаев Б.И. Подготовка учителя физической культуры к работе в условиях рыночных отношений: Автореф. дис. …канд. пед.наук.-Алматы,1998.

8 Закирьянов К.Х. Методологические и педагогические основы процесса профессионального становления студентов университетов в условиях многоступенчатой системы образования (на материале ВКТУ): Дис. …докт. пед.наук. – Алматы, 1994

9 Салимбаев О. Научные основы формирования общеучебных умений и навыков школьников в естественно-научном образовании: Дис. …докт. пед.наук.- Алматы,1997

10 Абдуллина О.А. Общепедагогическая полготовка учителя в системе высшего педагогического образования. – М., 1990

11 Кудайкулов М.А. Дидактические проблемы формирования методи-ческих умений у будущего учителя: Дис. …докт. пед.наук. – Киев,1977

12 Шкутина Л.А. Подготовка педагога профессионального обучения на основе интеграции педагогических и информационных технологии: Автореф. дис. … докт. пед.наук. – Караганда,1999.ТИГУ Жаршысы 212 № 3 (21); 2015 ӘОЖ 159.9

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.