Home » Білім және тұлға » Айгүл КЕЛЕСҚЫЗЫ: «Білім ордасының беталысы айқын».

Айгүл КЕЛЕСҚЫЗЫ: «Білім ордасының беталысы айқын».

«Б.Майлин атындағы орта мектеп-бақша» оқу жылында үлкен өзгерістер күтіп тұр. Оқу ордасына жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Аталмыш үлкен өзгерістің алғашқы қадамдары қазіргі таңда жасалып жатыр екен. Бұл жайында мектеп директоры Айгүл Келесқызымен сұхбат барысында біліп, таныстық.

— Иə, мектебімізде қазіргі таңда жаңа бағытқа қарай жылжып келе жатырмыз. Мəселен солардың бірі мектебімізде өткен үлкен форум бізге ерекше пайдасын тигізді. Білім ордасына жаңа кабинеттермен жабдықталып, робототехникаа кабинеттеріне көшіру туралы жоба қолға алына бастады.

Білуімізше, бұл мектеп 1967 жылы жалпыға білім беретін мектеп ретінде ашылған болатын…

— Иə, 51 жыл бұрын жалпы білім беретін мектеп ретінде ашылғаны рас. Алайда осыдан 2 жыл бұрын метепке күрделі жөндеу жұмыстары жүршізіліп, жаңарып-жасарып өз жұмысында жаңаша бастады. Қазіргі таңда алжысызға үлкен идеяларымызды қойып соған бұйыртса жетміз деген ойымыз бар. Ең алғашқы мектеп ордасында білім алған адамдар қазіргі таңда осы мектептің мектеп директорының көмекшісі немесе мұғалімдік қызметін атқаруда.

— Қазіргі таңда бес күндік жоспар алға қойылғандегенмен кейбір сыныптар бұған ілігіп жатса,кейбір сыныптар бұған əлі күнге дейін іліге алмай етекінде жүр. Бұның себебі неде? Осы бескүндік жоспар мұғалімдермен қатар оқушылар үшін де өз тиімділігін береді деп ойлайсыз ба? Əлде өзіміздің алты күндік жоспарымыз дұрыс деп ойлайсыз ба?

— Бес күндік жоспар бізде орта буынды сыныптарда орнатылған. Ал аға буынды сыныптарда əлі қарастырылмады. Себебі мектебімізде бірнеше кабинеттер жетіспеушілігінен осындай жағдай туып отыр. Қазіргі таңда керсінше алты күндік жоспар қайта қолға алынды.Ал негізі бес күндік жоспар бізге үлкен септігін тигізді,біріншіден оқушылар екі күн миын шынықтырып сабаққа белсенді атсалысады.

— Соңғы жаңалықтарға құлақ түрсек, ҰБТ сынақтарында өзгеріс күтіп тұрғандай…

— Иə, əрбір реформаның өзіндік жақсы жақтары мен кемшін түскен тұстары да болады.Соңғы кезде тестілеу сынақтарының көбейіп кетуі балалардың өз ойын еркін жеткізіп,анық сөйлеп, əдеби жазуына кері əсер еткені белгілі. Сабақтан бөлек, жай əңгімелесуде де балаларда тақ-тұқ, қысқарған сөздермен сөйлесуге, жазуға құмар.Бұл болашақта үлкен қатер тудырады деп ойлаймын. Өйткені «Өнер алды – қызыл тіл». Əркім өз ойын түсінікті жеткізе білуі тиіс.Ал тіл – жүрекке бастайтын құрал.

— «Өнерліге қашанда өріс кең» демекші мектеп жұмысы оқушылардың үлгерімі, тəртібі жəне сонымен бірге, əртүрлі жетістіктерімен де бағаланады емес пе? Əртүрлі байқауларға қатысып тұратын жығарсыздар?

— Мақтанатын нəрсе көп. Мектебіміздің 4 оқушысы Алматы қаласындағы Республикалық бірнеше байқаулардың Гран-при жəне лауреат иегері. Мысалы: «Алматы əуені», «Хрустальный голос», «Қош келдің, əз Наурыз» атты байқауларға қатысып тұрамыз. Жəнеде біздің мектеп балалары спорт жағынан да белсенді. Тоғызқұмалақ, волейбол, футбол, баскетбол сынды спорт түріне қатысады. Мектебіміздегі балалар барлық сала жағынана белсенді.

Сіздің бізге берген, мұғалімдерге, оқушыларға берген жылы жарды тілегіңіз, кеңесіңіз.

— Мен оқушыларға беретін кеңесім «Уақытыңды босқа өткізбе», өміріңнің əрбір сəтін бағала. Осы жалған дүниеде орнын ойып тұрып алатындай адам болыңдар. Армандарың орындалсын!

— Еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

— Əңгімеңізге рахмет!

 

        Əңгімелескен: Сағымжан Жанерке,
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы,
Қабанбай ауылы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.