Түркістан – түркі елінің бас қаласы,
Түркістан – алты алаштың астанасы.
Қазақтың хандарының басын қосқан,
Түркістан – таусылмайтын асыл дастан.
Түркістан – тайсалмаған батыр қала,
Тарихтың тереңінде жатыр қала.
Абылай, Тәуке ханға мекен болған,
Үш жүздің басын қосқан асыл ордам.
Мәдениеттің ошағы бастау алған,
Ұлы дала «Алаш» деп ұран салған.
Түркілердің рухани орталығы,
Қасиет пен киеге тұнып тұрған.
«Кіші Мекке» атанған киелі жер,
Жапырағы жайқалған құнарлы дер.
Яссауи, Йүгінеки өмір сүрген,
Діндердің орталығы тұмарлы жер.
Тайқазанға бар әлем тамсанатын,
Музасындай ұстаның жар салатын.
Кожа Ахмет Яссауи кесенесі,
Құпия бояуымен қарсы алатын.
Іргетасы қаланған бұрыннан-ақ,
Төзімпаз ғой Түркістан діңі мықты,
Жүрмеңдерші, ағайын, қырын қарап,
Болайықшы Ер Түрік діні мықты.
Дәулеткелдіқызы Фатима
ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы,
Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі