Home » Мақалалар » Адами капитал-жаңғыру негізі

Адами капитал-жаңғыру негізі

        Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауымен  толықтай танысып шықтым. Елбасымыз: «Әлем бүгінде төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, техникалық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді »-деп айтқандай,  жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылуға бейімделу мен жетістікке жету үшін 10 міндетті айқындап берді. Аталған 10 міндеттегі басымдық берілген мін­деттердің бірі — адами капитал. «Адами капитал –жаңғыру негізі» демекші, «Адами капитал» деген ұғым егемендік алғаннан кейін ерекше маңызға ие болды. Тоталитарлық социализм дәуірінде адами капитал туралы мәселеге дәл бүгінгідей көңіл бөлінді деп айта алмаймыз.Адами капиталдың ел экономикасындағы рөлін бағалап, оның дамуына тікелей ықпал етіп, көп күш жұмсаған тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Адами капитал — жұмыскердің еңбек ету мүмкіндігін, олардың еңбегінің жемісі болуын, еңбек өнімділігі мен сапасын кетеретін білім, біліктілік, ілім, тәжірибе нысаныңда адамдарға салынатын капитал. Адами капиталдың жаңа сапасы- бүгінгі күнгі өзекті мәселе. Өнеркәсіптік, теа бол­сын бәсекеге қабілетті маман дайын­дауды міндет­теуде. Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдауда жаңа деңгей, жаңа дүниетаным, жаңа  міндеттер алға қойылып тұрхнологиялық, жаңа жұмыс орындық еңбек процесінің өзгерістерін, жаңалықтарын, жобаларының бәрін жасайтын – адам. Тек білімді адам жасай алады.«Өзінің та­рихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін мең­герген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деп көрсетілген Жолдауда. Кез келген қоғамда жастардың бет түзейтін идеалы болуы болашақ үшін маңызды десек, Елбасы Жолдауында қандай адам мемлекеттің құнды капиталы бола алатынын нақты көрсетіп берді. Ел болашағының кілті – қазіргі жаңа технологияларды меңгерген, соны­мен бірге түп-тамырынан ажырамаған, салты мен дәстүрін, тарихын білетін нағыз сапалы азаматтарда. Сол адами капиталды дайын­дап, болашағына жол сілтейтін, келешегімізді кемел біліммен сусындата­тын – біздер, ұстаздар қауымы. Елбасы өз Жолдауында мұғалім мәрте­бесіне ерекше тоқталып өтті. Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының айтқан сөзі көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру. Болашақ ұстаз да, дәрігер де, инженер де, біздің еліміздің болашағын жасайтын кадрлардың бәрі мұғалімнің, ұстаздың қолынан шығады. Әрбір үйде бала бар, ел боламыз десек, баланы бесіктен тәрбиелеуіміз керек. Ендеше оны тәрбиелейтін, жоғары деңгейге жеткізетін – ұстаз. Білікті ұстаздан білім алған сапалы ұрпаққа, яғни жаң­ғырудың негізі бола алатын адами капи­талға қол жеткізе аламыз. Демек, бұл Жолдау бізге қай саладғандығын байқаймыз.
Дана халқымызда «Игілік басы-ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Ендеше, Тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәнді болсын! Ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен келген егемендігімізді сақтап қалу, сақтап қана қоймай әрі дамыту қазақ халқының әрбір азаматының парызы. Өмір –ағым дейміз, ал, заман-ұлы көш. Олай болса, осы көштен қалып қоймай, Тәуелсіз еліміздің көк Туын көкке көтерер  рухы биік, санасы ояу, іскерлігі шыңдалған, иман жүзді, білімді азаматтарды тәрбиелей берейік!

Кенжеғараева Нұргүл Есенбекқызы,
 ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы,
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.