Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Абилова К., Бағыбергенова Ш.

Абилова К., Бағыбергенова Ш.

Абилова К.,
Бағыбергенова Ш.,
Ақтөбе қаласы, №11 мөлтек ауданы,
№21 мектеп гиназиясына дейінгі
«Кәусар бұлақ»шағын орталығының тәрбиешілері

 

«Бір ғана қуанышым бар — ол менің балаларым». Абай

Мақсаты:
Ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше есепеттелген. Балабақша, мектеп, ата-ана, тәрбиеші, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбиеші мен ата-ана арсындағы жағымды өзара қарым-қатынасты және ата-аналар мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты орнатудың кейбір әдістерін түсіндіру, таныстыру.
Сабақтың түрі: пікірталас ток шоу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, (топтың ата-анамен, балалармен жұмыс түрлері)
( Сонымен, солай дейік…. ток шоу тележоба бойынша пікірталас)
Тәрбие сабағының барысы:
І жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата-аналар және тәрбиешілер қонақтар!
Бүгінгі «Мектепке дейінгі білім беру жағдайындағы педагогтар мен ата-аналар ынтымақтастығы» атты қалалық іс-шара аясында өтіп жатқан «Бір ғана қуанышым бар ол менің балаларым» №5 «Ақбота» тобының тәрбиешілерінің жүргізуімен болатын пікірталас ток шоуымызға қош келдіңіздер!
ІІ.Жүргізуші:
Бүгінгі жалпы іс шараның тақырыбына сай Тәрбиенің бастауы отбасы және балабақша екені белгілі. Сол себебепті Балабақшаменен ата-аналар арасында, тәрбиешілер арасында жағымды тығыз қарым –қатынас болу керек.
Бүгінгі біздің ата-анамен және балалармен жұмыстар қарым-қатынас туралы қысқаша видеороликке назар аударсақ.
(Слайд кетеді)
Бұл видероликте балаларымыздың күн тәрті бойынша күнделікті жұмыстарымыз, ата-анамен жұмысымыз, көрсетілген.
І жүргізуші:
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы . Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен.
ІІ.Жүргізуші:
Атам қазақ айтқан «Бала — адамның бауыр еті» дейді. Олай болса бала бірінші тәрбиесі отбасына сонан кейін балабақшадан тәрбиеленеді. Осыған байланысты ата-аналардың балабақша туралы өз ойларын, пікірлерін билсек. Алғашқы қонағымыз Бақытгелдінің мамасы Бақытжанова Гаухар апаймызды ортаға шақырсақ.
(Қонақтың жауабы)
Тағы қим өз пікірлерін білдіреді?
Ақан апай: менің балам балабақшаға деген еш зауқы жок әрең әкелем балабақшаға деген қызығуушылығы жоқ осы жағдайға не жасауға болады?
І жүргізуші:
Дұрыс айтасыз.Ондай жағдайлар барлық балабақшаларда болып тұрады. Осы сұрағымызды біз тәрбиешіге қойсақ. Өмірге келгеннен кейін бала бірінші отбасынан тәрбиеленеді кейін баланы қоғамға яғни балабақша дайындау қажет болады. Баланы қоршаған ортаға, қоғамға балабақшаға қалай тәрбиелеу керек деген сұраққа жауап беру үшін. Келесі қонағымыз балабақшаға еңбегі сіңген тәрбиеші үлгілі ұстаз Мереке Қиятовнаға сөз берсек.
(Тәрбиеші Мереке Қиятовнаның жауабы)
А.С.Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен,оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Бірінші баланы балабақшаға деген қызығушылығыен арттыру қажет. Ол үшін мейірімділік, жарқын жүзділік жылы қарым- қатынас және баланы оқу іс әрекетіне деген қызығушылығын арттыру. Біз ата-анаға деген өз баласын сүйіспеншілікпен қолдау, түсіністік пен табыстылыққа деген сенімнің қоршауында өсіруге жағдай жасаймыз.
І.Жүргізуші:
Жауабыңыз орынды.
Баланы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу — біздің қоғамның басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшіншісі — құрбысынан» деген екен.
Баланы балабақшаға тәрбиелеуде ата-ана балаларға демеу көрсетіп тәрбиешілерімен тығыз қарым-қатынаста болуы керек.
ІІ.Жүргізуші:
Осы орайда. Ұлы Абай атамыздың тағы бір сөзін еске алсақ «Баланың ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы айналасы, тәрбиелейді» деген екен.Сонымен біздің ата-анадан кейінгі тәрбие балабақшаға және тәрбиешіге тікелей байланысты. Ендеше тәрбиеші туралы, өз пікіріңізді білдірсеңіз. Осы сұраққа Арудың әжесінің пікірін білсек.
(Қонақтың жауабы)
Абайдың 7 қара сөзінен айтылған
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі — білсем көрсем, үйренсем екен дейді.
Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйрету керек. Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам, балабақша, мектеп ықпалы өте қажет. Сондықтан қоршаған орта, балабақша, тәрбиеші мұғалім , ата-ана болып өмірге келген баланың тәрбиесіне ат салысуымыз керек.)
І.Жүргізуші:
Ендеше келесі кезекті студия қонақтарынан бөлек көрермендерге берсек. Көрермендерден бүгінгі тақырыбы бойынша бала тәрбиесіне арналған мақал мәтелдер сұрасақ .
(Көрермендер жауабы)
ІІ.Жүргізуші:
Бала тәрбиесі баршамызға ортақ болғандықтан кей кездері тәрбие процесінде ата-анамен тәрбиеші арасында кей жағдайда қиындықтар туындайды.
Баланы алуға келген ата-ана әр бір ұсақ түйектерге мін таға бастайды. Мысалы: Киімдерін дұрыс кимегенге, Ертеңгілікте дұрыс тапқпақ айтпағандығы туралы Ата-ананың осындай ашулы әрекетіне тәрбиешінің жауабы қалай болмақ? (Немесе қалай жауап беру керек) осы сұраққа балабақшамызға көп жыл еңбек еткен үлгілі тәрбиеші Жолдасбаева Жұмагүл апайға сөз берсек.
(Тәрбиешінің жауабы)
Кейде мұндай жағдай Ата анаға жылы шырайменен сіз ашулы ренжеулі сияқтысыз деп әңгімеге тартып себебін сұрауға болады. Ол себебін айтуы мүмкін сөйтіп арадағы жайт жақсара түседі. Сөйтіп ата ана ашуын басуға болады.
І Жүргізуші:
К.Д.Ушинский : «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» -деген сөзінен бастағым келіп тұр, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап,сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен.Ендеше қызықты бір ақпарат назар аударсақ
(Слайд көрсетіледі)
Ендеше бүгінгі тақырыпқа байланысты ойымызды қортындылау үшін барлықтарыңызды ортаға шақырамын. студиямызға келіп осындай сұрақтарымызға өз ой пікірлерін айтып белсене қатысқан қонақтарымызға үлкен рахмет айтамыз.
ІІ.Жүргізуші:
Енді «Бір ғана қуанышымыз бар ол менің балаларым деп ұлы данышпан ақын атамыз айтқандай Көз қуанышымыз балаларымызға арналған тілектерімізді жіпті ұстап жалғастырсақ. Ендеше біздің тілектерден жиналған жіп неге ұқсады? «Ұяға» Ендеше осы ұямыз біздің отбасымыз,балабақшамыз ендеше осы ұямыздың тыныштығын мейірімділікпен бақыт берекеге сіздер мен біздер болып жылы етіп сақтай білейік.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.