Home » Поэзия » Әпкеме тілек!

Әпкеме тілек!

Туыла сала «Ыз»¹ болған,
Арқадағыларға із болған.
Бауырларым барым деп,
Ойлағаны біз болған!
Қаршадай ғанa кезінде,
Жүрекке аздап сыз қонған.
Күйдіріп бала қолдарын,
Сынаққа сонда кез болған.
Емдеуге Шымға келгенде
Әкеммен бірге мен болғам.
Тұрмыс құрып ертеден,
Ойынға көңіл бермеп-ең.
Мойымайтын сынаққа,
Батыр-ең неткен терең-ең.
Алысып небір сұмдықпен,
Сөңілді-ау талай керегең!
Басыңа қара бұлт қонған,
Кеудеңе тас боп мұз тоңған.
Жігерің еріп құм болған,
Көздеріңе мұң толған.
Түндерді қара қақ жарған,
Мықтылығыңа таң қалғам!
Кішігірім тозақты,
Басыңнан өткен азапты.
Бір адам көрді дегенге,
Сені білмесем сенбесем.
Мен ауылда жүргенде,
Ауырып үйге келгенде,
Итпенен сөйлескеніңе,
Сенермем өзім көрмесем!
Барлығы қалдау арқада,
Тәубә дедім Аллаға!
Қалған өмірің өтсінші,
Тек қана жақсы ортада.
Нәбиден болып шапағат,
Алмайық ешбір жаманат!
Анаңның аман-саулығы,
Нұрсұлтан!² Саған аманат!
Қайта алып қалам қолыңа,
Жаңарттың ескі жолыңды.
Жырларың лайым мол болғай,
Көңілге ыстық-қонымды.
Газеттен талай көрерміз,
Мақалаларды болымды.
Ұстаздық қылып жалықпай.
Жинадың сыйлық-марапат,
Қырық беске келгенде,
Қуаныш қой бұл ғаламат.
Шаттыққа толсын шаңырақ
«От души» соқтық шапалақ!
Бар тілегім жазулы,
Жайылған аппақ парақта,
Тілектеспіз әрқашан,
Жүрсекте біздер жырақта.
Қуанышымыз мол болғай
Тілегім соңғы сол болғай
Төрт көзіміз түгелдей,
Жолығайықшы Жұмақта!

1-Әпкеміз тілі шығар-шықпас мен ызбын деген екен. Онысы мен Қызбын дегені екен.
2-Нұрсұлтан әпкеміздің үлкен ұлы.

Ізгі тілекпен, бауырыңыз Айнабек Сыдықов
Шымкент. 24.04.2019ж

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.