Home » Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі!

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі!

Желтоқсанның аязында ызғарлы,

Талай қазақ азап шегіп, сорлады.

Бостандықты талап етіп, шырылдап,

Отаны үшін шықты алаңға батырлар.

 

Жүрегінде намыс оты сөнбеген,

Құрсауға олар ұлт қамы үшін көнбеген.

Ел есінде батырлары желтоқсанның,

Орын алған алашымның жүрегінің төрінен.

 

Талай жылды артқа тастап, мінекей,

Желтоқсанның таңы атты арайлы!

Ата-баба үміті ақталсын деп,

Болашаққа зор үмітпен қараймын.

 

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Туған жердің таймасын берекесі!

Тарихтағы желтоқсанның ызғарын,

Келер ұрпақ ешқашан да көрмесін!

Бердіқожа Бибіфатима ХАННАЗАРҚЫЗЫ,
«ҒАРЫШКЕР» балабақшасы МКҚК,
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Жетібай ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.