Home » Газет міндеті » Құрметті оқырман!

Құрметті оқырман!

   img_3997     Мемлекеттік және орыс тілдерінде шығатын,  оқушылар мен ұстаздарға сондай-ақ ата-аналарға арналған  «Білім айнасы» газетінің, bilimainasy.kz сайтының алаңына қош келдіңіз.

Кезінде Ахмет бабамыз халықтың көзі, құлағы һәм тіліне балаған газет басылымы бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жойған емес. Ол қоғам ішінде болып жатқан әртүрлі жаңалықтарды қалың бұқараға уақытылы жеткізіп, заман ағымындағы жағдайларды талдап, сараптап әрі билік пен халық арасындағы өткел болып отыр. Міне, сол мақсатта  таудай талап пен межелі міндетті арқалап, еліміздің білім саласына арналған  – «Білім айнасы» газеті ақпарат айдынына жүзіп шықты.

Қасиетті дінімізде әрбір адамның тал бесіктен жер бесікке дейін білім ізденуі талап етілген.  Білім алу – тек оқушылар мен студенттердің еншісіндегі амал емес, ол әрбір адамның мойнындағы міндет. Ендеше, «Білім айнасы» газетінің үлкен мақсатты көздеп, білім саласына жасаған алғашқы қадамына сіз куә болып отырсыздар.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында “Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.” – деген қағиданы ұстана отырып осы басылмды аштық. Біз, оқушылар мен ұстаздардың айнасы  іспеттес жақсылығын  қуана жар салып хабарласақ, көңіл толмаған жерде қынжыла жеткізетін білім саласына арналған  Республикалық ғылыми–танымдық бұқаралық ақпарат құралы болуды мақсат етеміз.

     Газеттің мақсаты – білім беру жүйесіндегі барлық субъектілер арасындағы қарым-қатынастың нығаюына, рухани  сабақтастықтың заманауи деңгейде жаңғыруына ат салысу.

     Газеттің ұстанымы – «Саналы ұрпақ-болашақтың кепілі». Педагог  мамандардың  құзіреттілігі  мен  әлеуетін  арттыруды  басты  принципке ұстай отырып, оқушылар мен ата-аналарды бірлікке шақыру.

2 комментария

  1. I together with my guys were found to be analyzing the excellent recommendations found on your web page then unexpectedly I got an awful suspicion I never thanked the website owner for those strategies. All of the boys appeared to be for that reason excited to study all of them and now have very much been tapping into these things. I appreciate you for truly being considerably kind and for getting this form of terrific ideas millions of individuals are really desirous to discover. My very own sincere apologies for not saying thanks to sooner.

  2. !!! jaqs eken!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.