Home » Спорт » Қазақстандық студент күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық студент күміс жүлдегер атанды

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің  студенті Дмитрий Федькович Польшаның Жешув қаласында өткен спорттық акробатика бойынша әлем Кубогының кезеңдік финалында күміс жүлде алды.

Сайыста Қазақстан, Ресей, Белорус, Польша, Германия, Қытай, Бельгия және әлемнің басқа да мемлекеттерінің атлеттері бақтарын сынады.

Дмитрий Федькович сайыстың барлық кезеңдерінде серіктесі Ангелина Яницкаямен үздік нәтижелер көрсетті.

Дмитридің спорттағы жетістіктерінің тізімі республикалық және халықаралық турнирлердегі жеңістерімен толығуда.

Дмитрий Федькович акробатикалық гимнастика бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасы Кубогының иегері, әлем және Азия чемпионы.

Дмитрий келесі жарыстарға қызу дайындыққа кірісіп кетті. Ол уақыт тауып, жеңісті сапарының әсерлерімен бөлісіп те үлгерді.

– Әлем Кубогы – бұл мықты әрі тәжірибелі спортшылардың жарыс алаңы. Сондықтан мұндай деңгейлі жарыстарға қатысу үлкен жауапкершілік әрі жарыс алдында түрлі сезімді бастан кешесің, – дейді Дмитрий. – Біз  жеңіске жету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Бастысы, өзімізді көрсете білдік. Мен алар асудың биіктей беретінін түсініп, бір жерде тұрып қалмау қажеттігін анық аңғардым. Сол себепті де алар асу әлі алда деп білемін.

0ec8db987b280ce5d07b82de3c238c59_crop_l_10_t_30_w_957_h_539_resize_w_878_h_

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.