Home » Қылқалам » Ізденген жетер мұратқа

Ізденген жетер мұратқа

«Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» — деп Абай атамыз бекер айтпаса керек.

Шәкірт – саналы өмірдің ең басты кепілдігі ғой. Саналы шәкірттеріміздің бірі 7 «А» сыныбының оқушысы Азимхан Аяна. Ол өте ізденімпаз, талапшыл, барлық жақсы қасиеттерді бойына сіңірген ұқыпты шәкірт. Мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері өте жоғары. Аяна көп уақытын шығармашылық жұмысқа арнайды. Білімге құмарлығы оны алға жетелейді. Аяна мектеп табалдырығын аттағалы бері өзінің ізденімпаздығымен, шығармашылығы мен мектеп, аудан, облыс көлемінде жүлделі орындар алып келеді.

Ол аудан көлемінде тарих пәні бойынша өткізілген «Астана ұлтаралық бейбітшілік қаласы» атты ғылыми конференцияда, «Астана қаласында туризмді дамыту» ғылыми жұмысын қорғап І дәрежелі орынды иеленіп, облыс көлемінде жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.

Аянаның болашағы жарқын, алға қойған мақсатына жете білетін дарынды да, талантты шәкірт. Еліміздің дамып, өркендеуіне өз үлесін қоса алатын, жалындаған жастардың бірі болып, болашақта ой – өрісі кең тұлға болуына үміт артамын.

Азимхан Аяна
Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Юнусова А.
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті
№ 9 жалпы орта мектебі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.