Home » Білім және өнер » Шәкірттеріммен мақтанамын

Шәкірттеріммен мақтанамын

Сəуір айының 15 ші жұлдызы Татарстан Республикасында жыл сайын өтілетін Челны собирает друзей атты халықаралық байқауға үш шəкірт дайындадым.
Дайындық жарты жылға созылды. Байқау жас ерекшелігіне қарай бөлінеді.
Азель Абдубай есімді шəкіртім 10-12 жас аралығында Эстрада вокал аталымында бақ сынап Бас жүлде иегері атанды.
Екінші шəкіртім Зарема Гатулина  6-9 жас аралығы «Халық əндері» аталымында — үшінші орын иегері  Жəне де ең кішкентай шəкіртім Далида Искендир  3-5 жас аралығы Патриоттық əндер аталымында бақ сынап Бірінші орын Лауреат атағына ие болды. Бұл байқау деңгейі өте жоғары.
Əділ қазылар төрайымы Белгілі композитор Ресейдің халық әртісі Симон Осиашвилли.

Осындай аңыз адамның қолынан жүлдеге ие болу біз үшін мәртебе.
Кəзіргі таңда Зереана Жолдас есімді шəкіртімді Түркияда өтілетін халықаралық байқауға Азель Абдубай есімді шəкіртімді Болгарияда өтілетін байқауға Аяжан Алтынхан есімді шəкіртім Румынияда өтілетін байқауға дайындық үстінде. Осы аталған шəкірттерім Арман- ай деп аталатын балалардан құралған тобымның мүшесі.

Отаным, Туған жерім, Астана, Анашым деп аталатын бейне баяндарымыз бар.
Әзірге жаңа əндер жазып жатырмыз. Мен шəкірттерімді биіктен көргім келеді.
Əрқашан олармен мақтанамын.

Айгуль Адиханова
Музыкалық жетекші,
Педагогика ғылымдарының магистрі,
Өнер саласының үздігі
Мəдениет майталманы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.