Home » Жаңалықтар » СЕНЕН АРТЫҚ АДАМ ЖОҚ…

СЕНЕН АРТЫҚ АДАМ ЖОҚ…

Облыс білім беру басқармасы 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамын атап өту қарсаңында 2017 жылғы 24 ақпаны мен 3 наурыз аралығында облыстық «Менің анамның портреті», «Сенен артық адам жоқ…» және «Портрет моей мамы!», «Нет тебя дороже…» шығармалар конкурсының қорытындылары жасалды.

Облыс білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары 159 шығарма ұсынды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 92, орыс тілінде – 67.

 «Менің анамның портреті», «Сенен артық адам жоқ….» тақырыптары бойынша І-орынға облыстық Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 6-сынып оқушысы Нұрсая Олжатай, мұғалімі Р.Ж.Мұхаметжанова, ІІ-орынға облыстық Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы Жандос Әубакір, мұғалімі Б.М. Окпина және Павлодар қаласының № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Әлішер Акпаров, мұғалімі Т.Т.Акпарова, ІІІ орынға Екібастұз қаласының «Зерде» дарынды балаларға арналған мемлекеттік тілде оқытатын мамандырылған жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Нұрай Сагинтаева,  мұғалімі Қ.Қ.Қапашева, № 12 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ризагүл Мұхамеджанова, мұғалімі А.Р.Темірова және Баянауыл ауылы М. Жүсіп атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы Ақбота Саяқ, мұғалімі Б.Ж. Жасыбаева ие болды.

 «Портрет моей мамы!», «Нет тебя дороже…» тақырыптары бойынша І-орынды Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 7 сынып оқушысы Амина Каримжанова, мұғалімі Н.В.Мирошникова, ІІ-орынды «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені» ММ 9 сынып оқушысы Анастасия Никитенко, мұғалімі Н.В. Желтикова, Железин ауданы Еңбекші ЖОМ 7 сынып оқушысы Гүлдана Сүлейменова, мұғалімі Ж.А.Жамбусинова,           ІІІ-орынды Железин ауданы Новомир ЖОМ 8 сынып оқушысы Диас Рашит, мұғалімі А.Б.Амрина, Качиры ауданы № 2 Песчан ЖОМ 5 сынып оқушысы Анастасия Семенцова, мұғалімі Т.В. Семенцова және Баянауыл ауданы № 1 Майқайың ЖОМ 8 сынып оқушысы Ансар Жексенбек, мұғалімі Әсемгүл Рахимбекова бөлісті.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, мұғалімдеріне алғыс хаттар табысталды.

Жеңімпаздар жұмыстары білім беру басқармасының сайтында және «Сарыарқа самалы», «Звезда прииртышья» газеттерінде жарияланатын болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.