Home » Балабақша » «Өнер көзі – халықта»  

«Өнер көзі – халықта»  

Өнердің мақсаты – дүнені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы №19 «Балбөбек» балабақшасында «Өнер көзі – халықта» атты кең көлемді қалалық кластер өтті.

Кластердің негізгі мақсаты: өзіндік шығармашылық жұмыстарын саралау, біліктілік тәжірибелерін көрсету, ерекше қайталанбас рухани жаңашылдыққа апаратын үлкен жол болды. Жан-жақты балабақшадан келген қонақтар жаңадан мағұлматтар алды.

Семинардың ашылу рәсімін меңгеруші Жанар Малимбаевна Тайгонбекова сөз алып, келген қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Сонымен қатар «Жақсы көңіл күй – жан азығы» психологиялық тренингті өткізген Жамбыл облысы «Өрлеу» БАҰО филиалы, психологиялық-педагогикалық кафедарасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Шынар Малимбаевна Тайғанбекова өзінің теориялық біліктілігін көрсете отырып, эмоцианалды көңіл-күйлерін көтеру мақсатында кең ауқымды жұмыс жүргізді.

Педагогтардың мәртебесін және кәсіби құзыреттілігін, өзін-өзі бағалауын көтеру мақсатында Шынар Малимбаевна «Мамандық іскерлік шыңына апаратын жол» акмеологиялық тренингін өткізді.

Тренинг барысында педагогтарды 3D, 5D форматында топпен жұмыс жасауды үйретті.

Теориядан тәжірибеге көше отырып, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс «Эбру» техникасы бойынша мастер-класты тәрбиеші Айнур Пердебекқызы Оспанбекова көрсетті.

Сонымен қатар «Сіз бен біздің басты міндетіміз – бала жүрегіне жол табу» атты мектепалды даярлық топ ата-аналары мен қыз балалары өз өнерлерін көрсете білді.

«Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ» атты тақырыпта мектепалды даярлық топ балаларымен бапкер Нұрлан Жаңбырбайұлы Абенов қара белбеу мен VI дан иесі, Халықаралық деңгейінде спорт шебері, «А» класс бойынша Қазақстан Республикасы таэквандо құрама командасының бас бапкері өз шәкірттерімен жаттығу кезеңдерін көрсетті.

Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Фатима Ниязбекқызы Жұмабекова қорытынды сөз сөйлеп, осындай кең ауқымды бағдарламаға сай кластер өткізгені үшін  балабақша меңгерушісі Жанар Малимбаевна Тайгонбековаға өз алғысын білдіре отырып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Біріншіден балабақшада эксперименттік алаңын ашу, тәрбиеші Айнур Пердебекқызы Оспанбековаға өзінің шығармашылық жұмысын әрі қарай дамыта отырып, «Эбру» техникасы тақырыбы бойынша педагогтарға арналған әдістемелік құрал дайындауға және педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шынар Малимбаевна Молдагалиеваға арнайы жеке семинарлар, психологиялық тренингтер өткізіп отыруына ұсыныс жасады.

Семинар соңында келген қатысушылар өз ұсыныстарын, алған әсерлерін айтты.

Бүгінгі өткізілген кластердің ерекшелігі қайталанбас өнердің, рухани жаңғырудың, жаңашыл тәжірибиелік өнерлердің бастамасы.

 

Әмина Омарбекқызы,
“Білім айнасы”

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.