Home » Мақалалар » Мақтанышы шәкіртінде!

Мақтанышы шәкіртінде!

«Маған жақсы ұстаз бәрінен қымбат, өйткені ол — мектептің жүрегі!». Жүрексіз өмір болмаса, ұстазсыз білім мен тәрбиенің өркендемейтіні хақ. Білімі мен күш жігерін сарп еткен оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі де – ұстаз!
Білім беру жүйесінде жақсы қарым-қатынастың орны ерекше. Жүрісі, киім кию стилі, сөйлеу әдебі, мейірімі мен сүйіспеншілігін орынды қолдана білген ұстаз – үлгі тұтарлық ұстаз!
Кез – келген оқушының жүрегінен орын таба білген ортасына сыйлы ұстаздың бірі – Батыршаева Роза
Роза Батыршаева 2018 жылдың 17 – ші қыркүйегінен бастап Шымкент қаласы, Асанбай Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары ретінде бүгінгі күнге дейін қызмет атқарып келеді.
Роза Сағынбайқызы жауапкершілігі мол, өзіне және өзгеге талап қоя білетін ұстаз. Еңбек сүйгіш, жұмыста білімділігін, белсенділігін көрсете біледі. Үздіксіз білім көтеріп отырады, сонымен қатар спортпен айналысады.
С.Р.Батыршаева қазақ, орыс тілін жетік біледі. Р.С.Батыршаева әріптестерінің арасында беделді басшы, қиналған әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды. Бос уақытын өз пәні бойынша білімі төмен оқушылармен жұмысына арнайды. Білім көрсеткіштері пән бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын, оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады, үлгілі отбасы иесі, аяулы ана.

Марапаттары:
24.09.2014 жылы «Ыбырай Алтынсарин» медалімен және дипломымен марапатталды.
05.01.2015 жылы педагогика саласы бойынша «Жыл лауреаты» медалымен және сертификатымен марапатталды.
20.04.2015 жылы «Мәңгілік ел –қазақ елі» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы материалдары журналына «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартын іске асыруды ұйымдастыру» атты мақаласы жарияланды.
Б.№0063 2013 жылы №01-0003 шешімімен «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталды.
№7(84)2017 ж. Білім көкжиегі Республикалық ғылыми әдістемелік журналы басылымға шыққан үздік мақаласы үшін марапатталды.
2017ж ОҚО Шымкент қаласы «1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне» орай еліміздің кемелдене түсуіне атсалысып, күнделікті атқарып отырған адал еңбегіңіз үшін «Алғыс хат» . Қала әкімі Н.Сауранбаев.
2018-2019 оқу жылы «Қазақстан Республикасы Астана қаласы Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығы» Бастауыш сынып оқушылары арасындағы еліміздің оқу жүйесін жаңаша дамытуға дарынды оқушыларды пәнді олимпиада арқылы анықтаудағы жоғары көрсеткіштері үшін «Алғыс хат».Олимпиада орталығының директоры Б.Зияданова.
2018-2019 оқу жылы «Қазақстан Республикасы Астана қаласы Бастауыш
сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығы» Білім беру жүйесін
дамыту, оқу –тәрбие процесінің сапасын көтерудегі баға жетпес үлесі
үшін «Алғыс хат». Олимпиада орталығының директоры Б.Зияданова.
2018ж Ұлттық жаңғыру білім мен сананың кемелденуі» тақырыбында өткізілген бастауыш сынып апталығында атқарған сапалы еңбегі үшін «Алғыс хат». Мектепішілік
2019ж «Жалындаған жас ұрпақ –жаңғырған ұлы дала» тақырыбындағы бастауыш апталығында жас ұрпақты тәрбиелеу мен қалыптастыруда атқарған сапалы еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапатталып, ұстаздық еткен еңбек жолында көптеген жетістіктерге ие болған жайы бар!
Ісі игі, білімі алтын ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз!

Шымкент қаласы,
№77 Асанбай Асқаров атындағы
Мектеп-лицейінің ұжымы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.