Home » Бастауыш » «Математика сабағында логикалық есептерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру»

«Математика сабағында логикалық есептерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру»

«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек»                             (М.В. Ломоносов)                

  Кез келген мемлекеттің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ екені белгілі қағида. Дамыған 50 – елдің қатарына енуге мүмкіндік беретін құдіретті күш – білім. Оқушыға білім беру – күрделі мәселе. Оқушыға саналы білім сапалы тәрбие беру үшін түрлі факторларды ескеру керек. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең біліммен іскерліктің болуын, олардың шығармашылық пен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Білім беру саласының алдына қойылған мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыру болып табылады.                   Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан – ақ математикалық білімді ғылымның жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.
Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтанда математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күретамыры ретінде қарастырылады.
Оқушылардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасымен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Өйткені оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетімен білімді пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылыққа білетін дамыту үшін сабақта әртүрлі, жан – жақты болуы керек. Оқушының математикалық ойлауы дамуы үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс.

Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі. Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегінің бәрі бір – бірімен тығыз байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.

 

АБДУКАРИМОВА НИГАРА КАДИРЖАНОВНА, Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.

css.php