Home » Жаңалықтар » Математикалық Олимптағы жеңістер

Математикалық Олимптағы жеңістер

Мяньян қаласында (ҚХР) математикадан биылғы жылдың 13-18 тамыз аралығында өткен Батыс-Қытай олимпиадасына 6 мемлекеттің 267 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 1 алтын және 3 күміс медальді жеңіп алды.

Республикалық командасының құрамында Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10-сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир күміс медальді иеленді.

Бұл – оның 2015-2016 оқу жылында халықаралық деңгейдегі төртінші медалі. Республикалық пән олимпиадасының екі мәрте жеңімпазының қоржынында халықаралық айтулы білім жарыстарының – Жәутіков Халықаралық олимпиадасының қола медалі, «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасының және (IMO) Халықаралық математикалық олимпиаданың алтын медальдары бар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.