Home » Мақалалар » ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Биылғы жыл, біз үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы, яғни, 2018 жылдың 5 қазандағы Жолдауында 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Ал біз мұғалімдер, ұстаздар жастардың болашақ жоғары кәсіби маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Ол үшін мектептен сапалы білім беруіміз қажет. Қазіргі кезде тұлғаны жан-жақты білімді, танымы кең, ойы ұшқыр, зерек, саналы, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарына сай қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің негізгісі болып отыр.

Бұндай түйткіл мәселерді шешу үшін білім берудің жаңартылған мазмұнын тиімді пайдаланып, ондағы озық әдіс-тәсілдерді ретімен, тиімді пайдалану керек екені дау тудырмайды. Болашақтың осы шақтан да нұрлы болуына ықпал жасап, адамзат қоғамын жетістікке жеткізетін құдіретті күш тек біздің білімде. Яғни, білім беретін мұғалімдерде. Біздің білім берудегі басты мақсатымыз – жан-жақты дүниетанымы кең, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі озық, бәсекеге қабілетті жеке Тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыруда оқушыға білім мазмұнын терең түсіндіре отырып, игерген білімін таразылай білу керек екені де басты мәселе. Оқушылардың сабақтың өту барысында меңгерген біліміне талдау жасап, келесі сабаққа жоспар құру үшін кері байланыстың пайдасы зор. Кері байланыс оқушының оқу желісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы қажет деп білемін. Себебі, кері байланыс – рефлексия мақсаты – еске түсіру, өзінің сабақ барысындағы біліміне баға беру, оны талқылау және мәселелерді жеңіп шығу жолдарын қарастыру. Мұғалім қандай да бір оқушының кез келген кері байланысын жазған парағын оқи отырып, сабақ барысының сәтті-сәтсіз шыққан тұсын және тиімді іс-әрекет түрлерін, келесі сабағын қалай жақсартуға болатынын алдын ала болжай біледі.

Осы орайда 2019 жылдың 15.04-26.04. аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен Келес ауданында «Жаңартылған білім беру аясында «Жаратылыстану» және «Биология» пәні бойынша» біліктілік арттыру курсы өтті.

Курстан алған әсеріміз өте көп. Біз үшін 2 апта көзді ашып-жұмғандай тез өтті. Осы ретте қазақтың «Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп білгеннен сұра» деген жақсы бір сөзі ойыма оралып отыр. Біздің білімге деген ықыласымызды оятып, дәріс берген тренеріміз Медетова Лаура Сухрапқызына алғысымыз шексіз. Көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттер ерекше: шиыршықты оқытудың мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру, белсенді оқыту, төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып үйренген тренингтер біздің педагогикалық білімімізді тереңдете түсті.

Еңбек жолымды заман талабына сай жаңаша бастауға, нағыз педагог ретінде танылуыма бірден – бір жол ашты деп ойлаймын. Мен өз іс – тәжірибеме өзгерістер енгізе отырып, оқушыларымды жаңа қырынан таныдым. Болашақта барлық үйренгендерімді үнемі жетілдіріп, әрбір сабақтарымда қолданамын деп нық айтамын.

 

Кенжаева Айнур Эгамбердиевна,
Түркістан облысы, Келес ауданы, Қошқар ата ауылдық округы
№ 25 С.Сейфуллин атындағы жом

 

21 комментарий

  1. Айнур касыби шеберлыгыныз арта берсын!

  2. Тамаша.Енбегиннин жемисин коре бер.Саттилик.

  3. Болашақ оқушыларға осылай үлес қосып жатқан Айнұр апайға мың алғыс.Бұдан əрі қарай да еңбегіңіз жана берсін.Қазақ еліне зор пайдаңыз тиіп,шаршамай еңбетене беріңіз.

  4. Бұл кісінің атқаны өте дұрыс деп ойлаймын. Балаларға білім беру барысындағы, кері байланыс əдісі маған өте ұнады. Балаларға берер пайдасы зор деп ойлаймын.
    Айнұр Эгамбердиевна сізге сəттілік! Үлгілі шəкірттеріңіз көп болсын!!

  5. Маған ұнады өтте дұрыс жазылған жастарға жаңа білім беру осындай іскер мұғалімдерды қолдау қажет тек алға👍

  6. Мырзабаева Асем

    Өте жақсы айтылған.Мен қолдаймын!

  7. Өте тамаша жазылған.! Әр оқушының санасына сапалы білім беру мұғалімдер міндетіне жүктеліп отыр қазіргі кезде, осыған орай мұғалімнің біліктілігін арттыру мен дәрежесін жоғарылатса екен деймін.!

  8. Өте тамаша мақала екен маған қатты ұнады биіктерге өрлей беріңіз

  9. Нұрмұхамет

    Білім ең жақсы дейді, ал білімді үйреніп өзгеге жеткізу оданда қайырлы істеген. Ешқашан ол жолдан адаспаңыз және шаршап-шалдықпаңыз тілегім берген біліміңіз жемісті болсын! Әминь!

  10. Айнұр сіз жас болсаңызда ойыңыз ұшқыр ,дарынды жан екенсіз!Сіз тек қана өзім білсем деп емес өзгелер білсін үйренсін деп талпыудасыз 😊Сіздей жандар көп болса біздің Қазақстан аз күнде білімді азаматтар мен азаматтшалардың саны көбейері қақ☝️Тірлігіңіз алға бассын🌸Мен сізге тек сәттілік тілеймін🤗

  11. Ең жақсы білім дейді, ал оны өзгеге үйрету оданда қайырлы ісдеген. Сол жолда ешқашан шаршап-шалдықпаңыз тілегім берген біліміңіз жемісті болсын әмин

  12. Айнұр ханым бүгінгі жасап жатқан ісіңіздің жемісін көріңіз!Тірлігіңіз алға бассын😊Сіздей жандар біздің Қазақстанның мақтаныш болуға лайық жандар,сіз тек өзім білсем деп емес өзгелерде білсін ,үйренсін бәріміз бірге өсейік деп жүрген дарынды жандардың бірісіз💚Сіздей азаматшаның барына шын жүректен қуанамын😊

  13. Жас ұрпаққа сапалы, мəн-мағаналы , өнегелі тəрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.Тамаша жазылған баяндама.Сізге шығармашылық табыс тілеймін.

  14. Сабақты жоғары деңгейде өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мəлім.Мұғалім міндетті түрде білімін толықтырып отыруы керек.Бұл баяндамада осы жайында жақсы жазылған. Сізге шығармашылық табыс тілеймін.

  15. Өте жақсы жазылған, жарайсыз сізге шығармашылық табыс тіллеймін. Маған ұнады.

  16. Патенова Рабига

    Керемет.еңбегіңіз жана берсін.білімді ұрпақты тəрбиелеп шығара берейік.

  17. Гулнара

    Қазіргі таңда жүріп жатқан білім саласындағы жаңартылған білім мазмұны аясында жасап жатқан еңбегіңіз одан əрі нығая берсін.Сіз тəрбиелеген жастар Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуына кəміл сенемін.Болашақ -жастар қолында деп бекер айтылмаған.

  18. Мускина Айнур апайымызгада мын алгыс жас болсада оте билимди, шаршамай уйретти, кайталады, есимизге жаксы кондырды.

  19. Ұлбосын

    Айнұр жас та болсаңыз ойыңыз ұшыр талапты маман екеніңіз көрініп тұр, еліміздің келешек жас кадрлері сіз сияқты жауапкершілігі мол ұстаздан білім нәрімен сусындай берсін, талмай шәкірттерді тәрбиелей беріңіз

  20. Ұлбосын

    Қазіргі таңда білім саласында түрлі реформалар енгізілуде, осының барлығы қайтсе қазақ жастары алдыңғы қатарлы елдер қатарынан көрінеді деген оймен жасалып жатыр деп ойлаймын және де осы бағдарлама аясында жас мамандардың ізденістері қарқынды. Айнұр маған сіздің мақалаңызда жеткізген ойыңыз қатты ұнады. Еңбегіңіз жана берсін.

  21. Vip.kaybyldaeva@mail.ru өте керемет еңбегіңіз жана берсін биіктерден көрініңіз жұмысыңызға шығармашылық табыстар тілеймін біз ең мықты тренеріміз біз сізді мақтан тұтамыз тек алға

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.