Home » Ашық сабақтар » Еңбектеу мен доға немесе білте таяқтың астынан өту

Еңбектеу мен доға немесе білте таяқтың астынан өту

Білім беру саласы: денсаулық

Бөлімі: дене шынықтыру

Тақырыбы:

Мақсаты: 1.Еңбектеу мен доғаның астынан өтуді кезектестіріп орындауды үйрету;

2.Нұсқаушының берген белгісіне қарай жылдам жауап беруге үйрету;

3.Көлденең тұрған нысанаға затты лақтырып жаттықтыру.

Құрал-жабдықтары: бала санына қарай түсті орамалдар мен құм салынған қаптар. 2-3 доға, 3-4 үлкен шығыршық немесе жәшіктер.

Оқу-қызметімізді бастамас бұрын cергіту сәтін жасап алайық:

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып,бір тұрып

Бір тынығып алайық.

1.Орамалмен орындалатын ЖДЖ:

1.Бір орамалдан ұстап алып, бір қатарлы саппен жүру.

2.Бір орында тұрып 20 рет секіру (үзіліспен 2-3 рет қайталау )

Б.қ: отыру, аяқтарды аздап алшақтау қою, жерде жатқан орамалдың бір ұшынан екі қолмен ұстау. Қолдарды жоғары көтеру және оларды еденге түсіру.

Б.қ тұру, аяқтар иық деңгейінде қойылған, жерде жатқан орамалдың ұшынан екі қолмен ұстау. Алға иілу, орамалды еденге тигізу, түзу тұру. Б.қ отыру, аяқтар бірге қойылады, жерде жатқан орамалдың бір ұшынан екі қолмен ұстау. Бір аяқты тізеден бүкпей жоғары көтеріп, орамалға тигізу, аяқты түсіру. Жаттығуды 5-6 рет қайталау.

Алаңның бір шетінен екінші шетіне қарай жүру және жүгіру (арақашықтығы 10 м);

-Еденде жатқан шығыршықтан-шығыршыққа секіру

  1. Орамалды бір қолға ұстап алып, бөлме айналасында бірінің артынан бірі жүгіреді (15-20 сек).
  2. Бір қатарлы сапта жай жүру.
  3. Еңбектеу (5-6 м) және доға астынан өту. Доғаға дейінгі қашықтық 5-6 м-ден кем болмауы тиіс. Шығыршық немесе жәшік еденде не бала көзінің деңгейінде тұруы мүмкін. Балалар сызықтан немесе арнайы қойылған жіптен өтіп кетпеуін қадағалануы тиіс.
  4. Оң және сол қолмен құм салынған қапшықты көлбеу лақтыру.
  5. Бір орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру.
  6. «Көпіршік» қозғалысты ойыны.

Балалар педагогпен қол ұстасып, шеңбер бойында тұрады. Педагог «көпіршік жарылды» деп белгі бермейінше, балалар бірінің қолынан бірі ұстап тұрады. Одан кейін балалар қолдарын жіберіп, жүрелеп отырады да, «тарс» деп айтады. Балалар қайтадан көпіршік үрлейді де, артқа қарай жылжып, дөңгеленіп тұрады.

Есетова Ляззат

«Құлыншақ» балабақша

дене шынықтыру нұсқаушысы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Құрық ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.