Home » Балабақша » Білім берудегі жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы

Білім берудегі жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы

Жас ұрпақ – ер тірегі ертеңіміздің кепілі. Әрбір тәрбиешінің міндеті мектепке дейінгі мекемеге келген тәрбиеленушілерді Отан сүйгіштікке, ақыл-ойын дамытуға, мектепке дайындауға тәрбиелеу. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздары өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашағына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткіншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.

Қазіргі таңда біздің Республика білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беруде батыл қадам жасалуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық – педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажетті туындауда. Тәрбиеленушілерге тәрбиемен қатар, білім беру деңгейіндегі озық технологияларды тиімді пайдаланудың мақсатын үйрете жүріп, үйрену.

Білім беру саласында озық технологиялардың енуі тәрбиешінің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді. Оқу іс-әрекетінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану тәрбиеленушілердің қызығушылығын арттырады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.

Педагогикалық ізденіс барысында тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу – үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Тәрбиеленушілерге жаңа тақырыпты түсіндіру барысында мысалдарды көрсете отырып, интерактивті тақтаның көмегімен жұмыс істеймін, сұрақтарға жауап аламын. Оқытудың осындай әдісінде балалар білімін шыңдай түседі.

Жаңа ұрпақты тәрбиелеу міндеті біздің мойнымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ -деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп көрсетілген.

Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы технология әрбір тұлғаның білім алу үдесінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер беріледі.

Дәл осы жаңа технология әрбір тұлғаның білім, тәрбие алдында шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.

Біліми беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:

  • Ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
  • Білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
  • Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияның енгізуді қамтамасыз ету;
  • Электрондық оқулықтарды жасақтау.

Білім беруді ақпараттандыру жаңдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз.

Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін оқыту әдіснамасын жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызып отырғандықтан алдыма мынандай мақсаттар қойдым:

  • Өз біліктілігімді көтеру;
  • Жаңа технологияны қолдана отырып, білім сапасын көтеру;
  • Жаңа ақпаратпен, технологияны енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
  • Электрондық оқулықты пайдалану.

Бүгінгі заманға балалардың мақсаттары, идеялары, құндылықтары мүлдем өзгеше. Бұл тұрғыда тек педагог мамандар ғана жұмыс істемеу қажет. Педагогтармен қатар психолог мамандар қоса жұмыс жасау керек.

Сабақ өту барысында интерактивті тақтаның мүмкіндіктері баланы оқытуда бейне және ойын бағдармаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа технологияны қолданып, жүйелі сапалы білім беру үшін де мықты педагог болуымыз керек. Мықты педагог болу үшін көп іздену керек. Ізденістік және тынбай еңбек етудің арқасында ғана адам үлкен жетістікке жетеді. Алдындағы тәрбиеленуші балаларда сапалы білім алып, мектепке дайын болып барады. Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеленушілер ойын баласы болғандықтан, ойын арқылы өткізілген сабақтарды қызыға тыңдайды және тез ұғады. Бала өз ойын ашық жеткізе білу керек, әр баламен жеке жұмыс жасай білу керек. Тез, орташа, баяу қабылдайдын балалар болады. Мұндай балалармен жұмыс жасағанда жаңа технологияны қолдану қажет. Сабақты тартымды өткізу үшін әр сабақты тартымды етіп, түрлендіріп отыру керек.

Ол үшін білім технологиямен шектеліп қана қоймай, әр түрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.

Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдардың қолданудың маңызы зор. Осындай құралдардың бірі мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен қолдану.

Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудыға мақсат – баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады.

Осыған сәйкес: мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

Адилова Нуржанат Сагатбековна

Қарағанды қаласы, КМҚК «Қарлығаш»

балабақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.