Home » Білім және өнер » «БІЛІМДІ ОҚЫРМАН» байқауы

«БІЛІМДІ ОҚЫРМАН» байқауы

Қазақстан Республикасында «2019 жыл-Жастар жылы» деп жариялауына байланысты Қарабұлақ ауыл округі бойынша «БІЛІМДІ ОҚЫРМАН» байқауы болды. Байқауды өткізуге жауапкер мекемелер – Қарабұлақ ауылдық округі әкімшілігі, Сайрам аудандық білім бөлімі, «Сайрам аудандық өзбек этно мәдениет бірлестігі» және ауылдағы барлық мектеп басшылары болып есептелді

Байқаудың мақсаты және міндеттер 1. Қазақ, өзбек және әлем жазушылары, ақындары, ғұламалары және олардың шығармаларының дүнежүзілік мәдениетке қосқан үлестері арқылы жас ұрпаққа насихаттау, олардың қазақстандық патриотизм сана сезімін арттыру.

2. Жастарды кітап оқуға ынталандыру;

  1. Жастарды кітап оқуы арқылы Қазақстан тарихын насихаттау, білімін арттыру; Байқауды ұйымдастыру және өткізу. Байқаудың тақырыптары бойынша әр мектептен 1 мұғалім қатысты. Байқауды ұйымдастыру және өткізу ауыл әкімшілігі және мәдениет бірлестігі тарапынан түзілген ұйымдастыру алқасына жүктелді.Төрешілер құрамы әрбір тақырып бойынша ұйымдастыру алқасы тарапынан дайындалады. Байқау 4 турдан тұрды. Байқауға №10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебінен 1-турына осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Юлдашева Н. 2-турына.Өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тохтасинова М. 3-турына.Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдиганиева М. Ал 4-турдың тақырыбы «Абай Құнанбаевтың өмірін» сахналық көрініс ретінде көрсету болатын. Бұл турда қатысқандар: №10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебінің директоры М.Таджиев-Абайдың әкесі Құнанбай атамыз рөлін, 23 жасты Абай рөлін сомдаған-осы мектептің математика пәні мұғалімі Абдураимов А.45-жасты Абай рөлін сомдаған –қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гултораев А.5 жастағы Абайдың рөлін сомдаған – Ирисматов З.Абайдың үміт артқан баласы Әбдірахманның рөлін сомдаған-Кочкаров А 8-«А» сынып оқушысы болды.

Айтады ғой: «Керек болса мұғалім артист болу керек» деп. №10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебінің директоры бастап, мұғалімдері сахнада өз шеберлігін көрсетті.

 

 Шажалилова Гулкарам Хамракуловна,
Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
№10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.