Бүгінгі күні жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі, жастар біздің болашағымыз. Келешек мемлекетті дамытатын да, басқаратын да жастар. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында республикадағы жалпы білім беретін мектептерінде балаларды тәрбиелеу жұмыстарының ерекшеліктерін терең мазмұнда, кең ауқымды түрде атап көрсеткен. Рухани жаңғырудың бір саласы өзінің мәдениеті мен ұлттық бейнесін сақтау болып есептеледі. Әрбір ұлт тілін, дінін, салт-дәстүрін қадірлеп, ұрпақтан — ұрпаққа жалғастыру парызы болып табылады.
Елбасының 21 қарашада 2018 жылы жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының мәні зор, ұрпаққа бағыт беретін, айқын болашақ жоспары ретінде саналады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде №76 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары да, жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыруда өз үлестерін қосып келеді. Патриоттық тәрбиедегі ең бастысы жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды және өз елінің келешегі үшін жауап беру сезімін қалыптастыру екендігін ұстаздар жақсы біледі. Әрбір сыныпта тәрбие сағаттарында, мектепішілік мерекелік шараларды бұл бағыт ерекше қамтылған. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында сынып сағаттар мен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, ақын-жазушылардың ұрпақтарымен кездесулерде өткізілді
Сонымен қатар Тұңғыш Президент күніні орай 5-6 сынып оқушылар арасында патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектепте арнайы жұмыс жоспар құрылып мерекелік іс- шаралар ұйымдастырылып және «Біз Тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз» атты насихат топтың аудандық байқауы өткізілді. Тәуелсіздік күніне арналған шараға ауданның барлық мектептері қатысты. Байқау соңында команда жеңімпаздары іріктеліп, марапатталды.
Оқу-тәрбие жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, өзге ұлттың рухани байлығын, өнерін, мәдениетін негізге ала отырып, жасұрпақтың бойларына сіңіру мақсатында «Тігу техналогиясы» бойынша 9-сынып қыздары арасында, ұлттық киімдерді тігу үлгісі бойынша мектепішілік байқау ұйымдастырылды.
9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған, тарихта мәңгі есте қалатын мерекелік іс-шара да атап өтілді.
Болашақта, Тәрбиенің жан – жақты дамыған, рухани – адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастығы және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптасатыны анық деп білемін.
Жусупова Анар Шумановна,
Алматы қаласы «№76 жалпы білім беретін мектеп»
Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары