Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, дамудың даңғыл жолына түскелі қаншама жұмыстар атқарылғаны белгілі. Әлемдегі озық, дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосылу үшін, біздің стратегиялық мақсатымыз айқындалды. Ал, өркениетті қоғам көшіне ілесу үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес — ең маңызды мәселе. Осыған орай, елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары қарастырылып, маңызды қадамдар жасалуда. Бұл күресте бүкіл қоғам болып белсене атсалысуына тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің дамуына кері әсер ететінін бүгінгі жастар, ертеңгі мемлекеттік қызметкер білуге тиіс.
Осы орайда рухани адамгершілік және азаматтық тәрбие негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы негізінде №76 жалпы білім беретін мектепте 2017- 2018 оқу жылынан бастап «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс жасап келеді. Бұл клубтың негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру арқылы, оқушылар бойындағы саяси, құқықтық білімдерін, мемлекеттік институттарға деген сенімділігін арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Биылғы 2018-2019 оқу жылында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жылдық жұмыс жоспары жасалып, клубтың жетекшілігі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жусупова Анар Шоманқызы мен тарих пәнінің мұғалімі Жусупова Гулмира Құрақбайқызына жүктелді. Жоспарға сәйкес, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының отырысы ұйымдастырылып, клубтың алдағы жұмыс жоспарын таныстырып, 6, 7, 8 сынып оқушылары арасынан клуб мүшелігіне қабылдай отырып, төсбелгілер тағылды. Оқушылар арасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшілігін 9 «Г» сынып оқушысы Жайылганов Бейбарысқа жүктей отырып, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын, өз ойын еркін жеткізе алатын, көшбасшы болып қалыптасуда зор мүмкіндік екендігі аталып өтті.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының қазан айындағы жұмыс жоспарына сәйкес, «Қоғамдық тәртіп- ортақ мүдде» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында «Құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушіліктің» мағанасын аша отырып, қоғам үшін мұның маңызды тұстарын қатысушыларымыз еркін, айқын жеткізе білді. Іс- шара соңында, «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?» деген қорытынды сұрақта, өркениетті, дамыған отыз елдің қатарына ілесетінімізге кәміл сенеміз деген ойларын жеткізді.
Сонымен қатар, мектебімізде қараша айында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында 6-7 сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылса, желтоқсан айында 8- 9 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс- шара барысында оқушыларымыз қызмет беруші мен қызмет алушының дұрыс, білікті қызмет көрсету тәртіптерімен таныса отырып, заңсыз сыйақы бермей- ақ, мемлекеттік қызмет алудың жолдарын ашып айтты.
Қаңтар айында 8-9 сынып оқушылары арасында «Жемқорлық құқықбұзушылықтардың картасы» тақырыбында байқау ұйымдастырылды. Ал, ақпан айында 7, 8, 9 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықтың салдары» тақырыбындағы, ар ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын қойылымдар көрсетілді.
Наурыз айында, «Мемлекеттік қызмет елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында 5- 11 сынып оқушылары арасында шығарма байқауы ұйымдастырылса, сәуір айында 8- 9 сынып оқушылары арасында «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» тақырыбында бейнероликтер байқауы ұйымдастырылып, 9 «Г», 9 «Ә» сынып оқушылары жүлдері орындармен марапатталды.
Міне, осындай атқарылған іс-шарларымызда белсенділік танытқан әр-бір «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері өздерінің жоғары дәрежедегі ерекшеліктерін мықты тағылыммен ұштастыратын мемлекеттік қызметкерлер болмасына кім кепіл?
Тәуелсіз еліміздің тұғырын биік, тұтқасын нық ұстайтын, дүние жүзілік өркениетті елдермен терезесі тең болатын дәрежеде өркендетіп, әлемге танытатын, қабілетті, дарынды, адал, құқықбұзушылыққа төзбейтін, құқықтық білімді бойына сіңіріп өсіп кележатқан оқушыларымызға деген сенімім мол.
Жусупова Гулмира Куракбаевна,
Алматы қаласы «№76 жалпы білім беретін мектеп»
Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
тарих пәнінің мұғалімі