Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округі Баққоныс елді мекеніндегі №27 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Республикалық конференция аясында «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 08,09 – 14,10,2018 жыл аралығында психолог Дана Ерубаеваның ұйымдастыруымен ата-аналарға конференция өткізілді. Аталған конференцияға мектеп директоры Б.Бекзатов бастаған бір топ мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. Конференция ҚР-ның әнұранымен бастау алды. Конференцияны мектеп директоры Б.Бекзатов ашып аталмыш шараның маңыздылығы туралы айтып Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде өскелең қазақстандықтардың позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік сезіміне, мықты адами қасиетке ие, саналы таңдау жасап, дербес шешім қабылдай алатын, Отанның игілігін ойлайтын жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленген азаматтар болуы қажет деп бірнеше рет атап айтқан болатын. Бұл міндеттің ойдағыдай шешім табуы үшін мектеп пен отбасы арасындағы өзара сыйластық пен сенімнің негізінде жемісті тығыз ынтымақтастық болуы керек. Мектеп пен отбасының балаға қойған талаптары моральдық адами құндылықтардың бірыңғай жүйесін ұсына отырып бір-біріне қарама-қайшы келмеуі керек.Бүгінгі ата-аналар конференциясының міндеті де осы.Мұнан соң мектеп психологы Дана Ерубаева жиналғандарды конференция бағдарламасымен таныстырып, ата-ананың немқұрайлығы мен зорлық-зомбылығының қысымындағы бала- екі жүзді, және оның қарсылығы мейірімсіздіктен кек пен ызаға айналады. Осымен бір мезетте оның өзіндік адамгершілік қасиеті де жоғала бастайды. Мұндай жағдайда жеткіншек жасындағы балалардың жаман әдеттерге бой алдыру мүмкін. Ал егер отбасы махаббат пен сүйіспеншілікте, кішіпейілділік пен мейірімділікте өмір сүрсе баланың өзіне деген сенімділігі, өзін-өзі бағалауы жоғарылап білім алуға деген талпынысы күшейеді. Сондықтан да ата-ананың педагогикалық мәдениетін көтеру кез-келген жеке отбасы мен түгел қоғамның міндеті. Балаларға көмектің ең дұрыс тәсілі бұл-олардың ата-аналарына көмек көрсету-деп американдық жазушы Томас Харрис дәл айтқан, — деп әрбір қатысушы тағы бір рет баланы жақсы,бақытты ету керектігін естеріне алу үшін оны позитивті әсерлі етіп туындататын, бала мен ата-ананы байланыстыратын сол бір керемет сезімді еске түсіретін жылы сезімдерді туғызатын материалдармен толықтырды. Шара барысында «Бақытты отбасы», «Балалар және интернет қауіпсіздігі», «Түсініспеушілік неге алып келеді?» т,б көптеген бейнероликтері көрсетілді. Сондай-ақ ата-аналар арасында психологиялық сауалнама ұйымдастырылып,толтырылды және ата-аналар өз ойларын ортаға салып, кеңестер берілді. Ата-аналармен психологиялық ойындар жүргізілді. Ақпараттық кітапшалар таратылып берілді.
Ата-аналар конференциясын мектеп директоры Б.Бекзатов қорытындылай келе сіздерге тамаша ата-ана болуды әр сәт сайын оларға махаббат, жылылық пен қамқоршылық таныту бақытын тілеймін! және мұндай маңызды шараларды көптеп ұйымдастыру ата-аналардың бала алдындағы жауапкершілігін нығайта түсетіндігіне сенім білдірді. Шара жоғары деңгейде өтті.
Дана Ерубаева Амангелдіқызы
Түркістан облысы, Жетісай ауданы
Жылы су ауылдық округі Баққоныс елді мекенінде орналасқан
№27 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы