Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ұлттық тарихи мерейтойларға арналған “XXI ғасырдағы білім беру: теория, тәжірибе, перспектива” тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.
Конференцияға Қазақ гуманитарлық заң университеті, Еуразия Ұлттық Университеті, Назарбаев Университеті, тарих, экономика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары және докторанттары және Астана қаласындағы Зияткерлік мектеп (Халықаралық бакалавриат) мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Іс-шара мақсаты – тарихи зердені сақтау мәселелеріне зерттеушілердің назарын аудару, жас ұрпақтың патриотизм және жалпы тарихи мұраға құрметпен қарау тақырыптарына баулу, гуманитарлық пәндерді оқыту және кәсіби біліктілікті арттырудағы тәжірибе алмасу, сонымен қатар жоғары оқу орындары мен Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасында байланыс орнату.
Конференция пленарлық мәжілістен басталып, әрі қарай жұмысын 7 секцияда жалғастырды. Оқушылар гуманитарлық (қоғамдық ғылымдар, Қазақстан тарихы, дүние тарихы, экономика) пәндері бойынша жүргізілген өз зерттеулерімен бөлісіп, ғалымдар тарапынан кеңес әрі кері байланыс алып шықты.
Пленарлық мәжілісте «Кейс-стади технологиясын практикада қолдану», «Жолдау – 2017, жолдар арасында талқылау», «Қазақстан тарихын зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері», «Мәңгілік ел: Қазақстанда патриоттық тәрбиеленудің жаңа мүмкіндіктері», «Тарихи қойылым – деректанудың бір жолы ретінде», «Алаш және алғашқы оқулықтар» тақырыптарында баяндамалар ұсынылды.
Секциялар оқушылар, мұғалімдер және қонақтардың қатысуымен өтті. Онда қазақ тілінде «Ұлттын сүйген Ұлы жүрек» дөңгелек үстелі, «Түркі халқы. Кеше. Бүгін. Келешекте» зерттеу жұмыстарын қорғау, «Жәңгір хан қанаушы ма, әлде ағартушы ма?» дебат ойыны, «Қазақстан революциялар уақытында» атты зерттеу жобаларын қорғау, сондай-ақ ағылшын тілінде «Қазақстан дамуының жолдарының бірі ретінде ресурстарды тиімді пайдалану» және «Қазіргі Қазақстанның экономикалық ерекшеліктері» секциялары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар конференцияның салтанатты жабылу рәсімінде ғалымдар тарапынан ұсыныстар қабылданып, іс-шараға қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.
Home » Жаңалықтар » “XXI ғасырдағы білім беру: теория, тәжірибе, перспектива” тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференция