Home » Жаңалықтар »  «XVIII-XX ғасырлардағы Польша татарларының Польша тәуелсіздігі үшін күресі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді  

 «XVIII-XX ғасырлардағы Польша татарларының Польша тәуелсіздігі үшін күресі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді  

Қазақстан Республикасы

Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі 1,

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ

Баспасөз қызметі

Тел.: 8 (7172) 69-30-56, 69-30-57, 69-30-54

E-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com

АҢДАТПА

 

2018 жылғы 8 қазан күні, 12.00 сағатта Елбасы кітапханасында Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі және Ұлттық естелік институтымен (Польша) бірлесе ұйымдастырылған «XVIII-XX ғғ. Польша татарларының Польша тәуелсіздігі үшін күресі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференция жұмысына Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов, Польшаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевич, поляк тарихшы ғалымдары Пиотр Кардела, Вальдемар Бренда, Лукаш Любич Лапински, Елбасы кітапханасы және елшілік қызметкерлері қатысады.

Көпке танымал емес этникалық-тектік құрылым болып табылатын Польша татарларына арналған конференция аясында аталмыш тақырыпта көрме ұсынылады.

«XVIII-XX ғғ. Польша татарларының Польша тәуелсіздігі үшін күресі» атты конференция – Елбасы кітапханасы мен Польшаның Қазақстандағы елшілігінің бірінші бірлескен жобасы емес. Серіктестіктің табысты нәтижелері деп мына шараларды айтуға болады: 2009 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Ұлы дала бейнесі …» көрмесі, 2010 жылғы қазан айында «Шопенге арнау» атты көрме мен музыкалық кеш, 2011 жылы өткізілген «Қазіргі заманғы поляк графикасы» көрмесі мен 2012 жылы өткен «Ынтымақтастық және өзара түсіністік жолымен» атты көрме.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.