Home » Жаңалықтар » XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы

XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде 2018 жылы қаңтар айының 11-15 күндері аралығында математика, физика және информатикадан XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

Бұл зияткерлік олимпиадаға 73 команда (482 оқушы) қатысты, оның ішінде:

  • 50 команда 15 шетел мемлекеттерінен, 317 қатысушы;
  • 23 команда Қазақстан Республикасынан, 165 қатысушы.

Алматы қаласынан2 мектеп және 1 құрама командаларынан 21 оқушы №№39, 134, 165, 178 лицейлерден, «Білім инновация» лицей-интернаттан, «Тамос Эдьюкейшн» физика-математикалық мектептен және «Haileybury Almaty»қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды (1 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль).

 

Алтын медаль:

  • Асматуллаев Рахман, №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы, математика.

 

       Күміс медаль:

  • Цехавой Алексей, №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы, математика;
  • Құсайынов Жанболат, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, информатика;
  • Билялов Шыңғыс, «Haileybury Almaty» жекеменшік мектебінің 11-сынып оқушысы, математика;
  • Жолдасов Қуаныш, №39 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы, математика

 

Қола медаль:

  • Зиманов Алихан, «Тамос Эдьюкейшн» физика-математикалық мектебінің 10-сынып оқушысы, математика;
  • Шишкин Багдат, №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы, физика;
  • Алуадин Айдын, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, информатика;
  • Шынтас Нұртас, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, математика;
  • Гаитов Рашид, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, физика.

 

Аталған олимпиадаға:

 

  • 2016 жылы 22 оқушы қатысып, оның 8-і (36%) жүлдегер болса (2 күміс, 6 қола медаль);
  • 2018 жылы21 қатысушының 10-ы (48%) жүлдегер атанды (1 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль).

 

Үш жылдың ішінде жүлделі орындардың саны 12 пайызға артты.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.