Home » Жаңалықтар » «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – Жыл шебері-2017» аймақтық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – Жыл шебері-2017» аймақтық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Жолдауында: «Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс»-деп атап көрсетті. Сондықтан, әрбір азамат өзінің еліне пайдалы болуы үшін мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Яғни, жастарға өзінің қалаған жұмысшы мамандығын алуға бізде барлық мүмкіндік бар. Біздің жастарымыз бос қиялмен өмір сүрмеуі қажет, керісінше туған Қазақстанға қызмет етіп, өз елінің экономикасын көтеруге үлес қосу керек.

Айта кетейік, 2017 жылы облыстық бюджет есебінен 12,5 мың адам «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» аясында техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық, қызмет көрсету салалары бойынша, ал «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 11437 адам мамандандырылады деп жоспарлануда.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынған болатын. Шарада кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың тәжірибелік дайындығы, кәсіптік біліктілігі, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілігі сынға түсті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен наурыз айының 27 мен 30 аралығында халықаралық «WorldSkills Kazakstan – Жыл шебері-2017» чемпионаты өткізілді. Техникалық және кәсіптік білім беретін колледж студенттерінің жұмыстары ұсынылған бұл байқау елімізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылдардағы нәтиже үлкен көрсеткіш берген болатын. Бүгінде шеберлердің қызығушылығын арттырып қана қоймай, ондаған жастың шырағын жақты. Қатысушы студенттерге қойылған талап пен берілген тапсырмалар бағамдарына қарай, чемпионат қорытындысында жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 35 колледжден 79 қатысушы тоғыз мамандық бойынша, яғни «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Әрлеу және декоративті жұмыстар», «Электромонтаж», «Пісіру технологиясы (сварочные технологии)», «Кірпіш қалау», «Аспаз ісі», «Дизайн және киімдерді моделдеу», «Инженерлік графика CAD» және «Плитка жапсыру» мамандықтары бойынша екі күн ішінде сараптамашыларға өздерінің шеберлігін көрсете білді. Кентау көпсалалы колледж директоры О.Бегисбаева мен директордың оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Абдирахмановалардың басшылығымен бір топ білімгерлер додаға қатысты. Нәтижесінде бірінші орынға ие болған тоғыз қатысушылардың ішінде Кентау көпсалалы колледжінің «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының СЭЗиС-14-1 тобының 3 курс студенті Аманкелді Талғат «Сырлау және әрлеу жұмыстары» саласы бойынша және СЭЗиС-13-1 тобының түлегі Садуақас Алішер «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» саласы бойынша Анарбаева Диларам Рузиматқызының жетекшілігімен жүлделі бірінші орынның иегері атанды. Абдлезов Жахангир СЭЗиС-14-2 тобының студенті «Тас қалау жұмыстары» саласы бойынша оқытушылар Орынбетов Дәурен Әмірұлы және Абдраимов Қанышбек Уразбекұлының жетекшілігімен Омаров Мұхамедәлі «Қаптау жұмыстары» саласы бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды. Бұл үлкен жеңіс.

Жеңімпаздар мамыр айында Астана қаласында өтетін Ұлттық Чемпионатқа қатысатын болады. Техникалық және кәсіптік білім мекемелері студенттерінің арасында өткізілетін «WorldSkills Kazakhstan Жыл шебері-2017» аймақтық чемпионатының жеңімпаздарына Облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары мен бағалы сыйлықтар, «Бал Текстиль» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС, т.б. кәсіпорындар тарапынан да бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Бұл жалғыз оқушылардың ғана емес, барлық ұстаздардың да жеңісі болып саналады. Биылғы жыл біздің колледж үшін, табысы мол жыл болып басталды.

 

Анарбаева Диларам Рузиматовна

ОҚО, Кентау қаласы,

Кентау көпсалалы колледжінің

арнайы пән оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.