Сабақтың мақсаты: 1)Үй жануарлары мен жабайы жануарлары туралы білімдерін тиянақтау және түс атаулары мен сандарды қайталау.
2) Жануарларға қамқорлық көрсетіп мейірімділік таныту.
3) Ағылшын тілінен сөздік қорын дамыту.
Көрнекіліктер:жануарлардың суреті бар карточкалар, маскалар,түрлі түсті қарындаштар, боялатын суреттер.
Ұйымдастыру бөлімі: шаттық шеңбер:
Hello, hello, hello, how are you?
Hello, hello, hello, how are you?
I’m good, I’m great,
And wonderful.
Педагог: балалар тақтаға қараймыз. Тақтада жануарлардың суреті ілінген. Қазір біз сіздермен «жануарларды ажырат»деген ойын ойнаймыз
Балалар: тақтаға үй жануары мен жабайы жануарларды бөліп орналастырады.
Педагог: балалар түстерді есімізге түсірейік, мынау қандай түс?
Балалар: қоңыр түс
Педагог: коңыр түсті біз ағылшын тілінде қалай атаймыз?
Балалар: Brown
Педагог: балалар сұр түсті ағылшын тілінде қалай атаймыз?
Балалар: Grey
Педагог: балалар тақтада тұрған жануарлардың түстерін атайық?
Балалар: қасқыр сұр түсті-grey. Аю коңыр түсті-brown. Мысық қара түсті-black. Ит ақ түсті-white. Түлкі қызғылт түсті-orange.
Педагог: жарайсыңдар балалар түстерді есімізге түсірдік. Партада алдарыңда түрлі түсті қарындаштар мен түсін жоғалтып алған суреті жатыр, қане жануарлардың түстерін тауып бояп көмектесейік
Балалар: йә
Педагог: балалар суретті боямас бұрын саусақ жаттығуларын жасайық « one, two, three, four clap, clap
one, two, three, four clap, clap»
Өзіндік жұмыс: балалар суретті бояиды.
Педагог: өте жақсы балалар. Қане кім бояп болды?
Педагог: Арай тұра ғой қандай түске боядың?
Арай: мен түлкіні қызғылт түске боядым. A fox- orange
Өте жақсы. Енды шаршаған шығармыз сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті
If you happy and I know it
Clap your hands clap clap
If you happy and I know it
Clap your hands clap clap
If you happy and I know it
If you really want to show it
If you happy and I know it
Say hoorey.
HOOREY
If you happy and I know it
Say haha
HAHA
Педагог: балалар орнымызға отырамыз. Енді теледидардан сурет көрсетіледі балалар суретке қарап ағылшын тілінде айтады.
Педагог: өте жақсы балалар.
Педагог: мен сіздерге жануарлардың даусын тыңдатамын сіздер қай жануар екенін табасыздар.
Педагог: балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Балалар: жабайы жануарлар, үй жануарлар туралы өттік, санауды, түстерді қайталадық.
Педагог: балалар осымен сабағымыз аяқталды. The lesson is over goodbye!
Балалар: Goodbye teacher!
Шаудирбаева Гүлдана Боранбайқызы,
ағылшын пәні мұғалімі, №39 «Хиуаз» балабақшасы,
Маңғыстау обл. Ақтау қаласы