Турганбаева Улбосын Абеновна,
Астана қаласы
№69«Еркем – ай» балабақшасы
«Бәйтерек» мектепалды даярлық
тобының тәрбиешісі
Cаусақ жаттығуларының мағынасы туралы кітаптарда аз жазылған жоқ. Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан ойынды ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының(диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты. Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын ғалым М.И. Кольцова жүргізген зерттеу жұмыстарында көрсеткен.
Саусақ қимылдарының дамуы сөйлеу құзыреттілігінің дінгегін қалыптастырады. Ғылыми деректерге сүйенсек қолдың саусақ қимылдарын және сөйлеу мүшелерін бақылайтын бастағы ми қыртыстары бір-біріне жақын орналасқан. Қолдың саусақтары қимылынан жүйке бастағы ми қыртысына импульс жібереді де, оған жақын орналасқан сөйлеу аймақтарын белсендіреді.
Тақпақтардың сүйемелдеуімен орындалатын ұсақ моторика ойындарын ұйымдастыруына аса мән берген жөн. Бұл ойындар балалар үшін өте пайдалы. Себебі ойын баланың сөздік қорын көбейтеді, жеке сөздердің нақты әрі дұрыс айтылуын қалыптастырады.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға төмендегі ұсақ моторика жұмыстары қажет:
- саусақ ойындары;
- театр түрлері;
- дидактикалық ойындар;
- табиғи заттармен ойындар;
- шығармашылық жұмыстар;
- оригами (қағаз бүктеу).
Осы аталған жұмыстардың бір нешесінетолығырақ тоқталайық.
Қане аздап-шынығып көрейік.
«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.
Екіқырықаяқ Екіқолсаусақтарыбір-біріментүйіседі.
Жолменжүгірді.
Жүгірді, жүгірді.
Бір-біріменкезікті Екіалақандықосады.
Құшақтасқандары соншалық Сұқсаусақтарды айқастырады.
Құшақтасқандары соншалық Ортаңғы саусақтарды айқастырады.
Алақандарды айқастырады.
Екеуінкүштепажыраттық. Қолдардыжібереді.
Театр түрлері
Саусақты- сөйлеу қызметін дамытуда театрдың атқарар орны бөлек.
Балабақшада театрдың түрлерін көп қолданғаны дұрыс. Мысалыға, «Суретті театр», «Саусақтар театры», «Қолғаптар театры» т.б. Бұл үшін епті қолдармен қатар рөлге еніп ойнауға, монологтарды айтуға, жаңа рөлдер ойластыруға, қойылымдарды дыбыстауға деген ынтасы болу керек. Қуыршақтар әуез ырғағымен қозғалуы, бастарын бұрып, еңкеюі балалардың саусақтарымен орындалады.
Табиғи заттармен ойындар
Есте сақтау қабілетін қалыптастыруға, қолдың саусақтар қимылдарын жетілдіруге, аз-көп сөздерінің мағынасымен таныстыруға табиғи заттармен ойындарының көмегі көп. Бұл ойындар әсіресе бүлдіршіндердің қызығушылығын оятады.
Баладан дақылдардың түріне, көлеміне қарай ыдыстарға бөліп салуға көмек сұраңыз. Мысалы, бұршақты- үлкен, күрішті- орташа, тарыны-кішкентай ыдысқа салу керек.
Шөлмекке салынған дақылдарды шайқап, дыбыс шығаруға болатынын түсіндіру, дыбысты тыңдату. Бұл ойында шөлмектің аузына бұршақтарды салудың өзі балаларды қызықтырады.
Кішкентай қасықпен дақылды бір ыдыстан екінші ыдысқа салу. Қасықпен жұмыс кезінде қолдың басы қимылдайды, мұқияттылықпен, ұқыптылықпен орындауға бейімделеді.
Енді бұршақ түстеріне, пішіндеріне, көлемдеріне қарай отырып, суреттер салуға да болады.
Шығармашылық жұмыстар
Шығармашылық жұмыс жүргізе отырып баланың сөйлеу құзыреттілігіне әсер етуге болады. Қайшы, қағаз, тұзды қамыр, ермексаз, бояулар, қаламдарды қолдана отырып жүргізілетін жұмыстар тек сенсорлық қимылды жаттығу ғана емес. Шығармашылық жұмыс ойлау, сөйлеу қабілетінің белсенділігін, балалардың қоршаған заттар туралы түсінігін тереңдете отырып көрсетеді. Тәрбиешілер әдеттегінше сурет салудан бөлек, жарма, құм беттеріне де сурет салдырады.
Оригами
Оригами- қағазды бүктеу арқылы түрлі бейнелер жасау. Оригами жасау кезінде балалар екі қолымен бірдей жұмыс атқарады. Оригами ұсақ моториканың дамуына оң әсер етумен қатар мидың жұмысына, сөздік қор жинауына, сөздерді және сөйлемдерді дұрыс байланыстыра отырып сөйлеу қабілетіне тигізер пайдасы мол.
Мысалы, «Бақа» жасату.
Жолда бақалар кезікті
Аяқтарын соза секіреді
Ква- ква- ква!
Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, балалар ұсақ моторикасының дамуында жақсы нәтижеге жетеді. Сурет салуға, жазуға дайындаудан бөлек сөйлеу құзыреттілігін дамытады. Қолдың басының қозғалу икемі жақсарады. Бұл балалар жазу, сызуды сенімді түрде орындайды. Жоғарыда айтылған жаттығулар мен ойындар балалардың мектепте жақсы білім алуына әсер етеді. Сол себепті қолдың саусақтарының қимылдарын қалыптастыру үшін күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерде, серуенде әртүрлі ойындар мен жаттығулар қолдануды ұсынамыз.
Жазба тілді дамыту маңызды, әрі күрделі мәселе. Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын, саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы.
Л. С. Выготский: «әріп жазуға үйрету деп ойламау», — дей келіп, әрі қарай осы күнгі қолданылып жүрген дыбыстық талдаудың да жазуға үйрету жатпайтындығы туралы: «… тәжірибе көрсеткендей, сөз ішіндегі дыбыстарды талдай алатын бала сөз жазып кетеді деп айтуға болмайды, оған жазу механизмін үйрену қажет» дейді. Біз баланың мектепке дейінгі ішкі ойын сыртқа шығаруының табиғи тәсілін мектепке келген бірінші жылы «Әліппеден оқыған, жазғанымен, яғни оқу, жазумен оны бейнелеу өнерімен интеграциялауымыз, тәжірибе көрсеткендей, жазба тілді дамытудың көзі болады.»
Оқу мен жазу дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы жүргізілетіні баршаға мәлім. Сондықтан, ең бірінші талап – балалардың дыбыс есту қабілетін дамытып, тіліміздегі түрлі дыбыстарды ажырата білуге, дыбыстық талдауға үйрету. Ол үшін әр түрлі ойын түрлері пайдаланылады. Мысалы : «Еденге не түсті?», «Қай аспапта ойнадым?», «Кім атыңды атады?», «Қай жануар үн шығарды?».
Жазу процесін түзету үшін саусақтық бұлшық ет қимылдарын дамыту қажет. Ол үшін сурет, еңбек, жазу сабақтарында міндетті түрде арнайы жаттығулар өткізілуі қажет.
Менің жұмысымның бір бөлігі – қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Жаттығуларды орындау барысында балалардың жазу дағдылары қалыптасады, есте сақтау қабілеті дамиды. Жұмыс барысында осы әдістерді көп пайдаланамын:
- Қолдың ұсақ бұлшықеттерін жетілдіруге арналған жаттығулар.
( Саусақтарға арналған жаттығулар- «Алақан», «Алақанды қыздыру», «Саусақтар амандасады» т.б.).
- Трафарет, контурлармен жұмыс жасау, берілген нүктелерді қосу арқылы геометриялық фигураларды сызу, фигуралардың ішін штрихтау.
- Дәптер жолынан шықпай түзу, сынық сызықтардан тұратын оюлар салу.
- Әріп белгілеріне ұқсас заттар салу.
- Әріп элеметтерін сызу.
Сонымен қатар, әр түрлі дидактикалық арнайы ойындарды қолданған жөн.
Мысалы: «Кім пирамиданы тез жинайды?», «Сиқырлы дорба», «Кім жылдам?», (шашылған ұсақ заттарды жинау), «Кесілген суреттерді құрастыру». Бұл ойын барысында балалар саусақтарын жаттықтырумен қатар, ойлау, сөйлеу қабілетін де дамытады.
Тілі толық дамымаған балалардың көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту қажет. Өйткені, көру түйсігі негізінде балалар ұсақ әріп белгілерін ажырата білуге, оқуға, жазуға үйренеді.
Аталған жұмыс түрі мынандай бағытта жүргізіледі:
- Заттың ұқсастықтарын, ерекшеліктерін табуға дағдыландыру;
- Бірден көріп, дұрыс қабылдауға үйрету;
- Бүтінді бөлшектерге бөліп, бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету;
- Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге дағдыландыру;
- Көру қабілетін күшейту.
Сонымен қатар, осы бағытта Мария Монтессори әдістерінің бірін пайдалану тиімді.
Қазіргі білім беру жүйесі оқу үрдісінде оқытудың интербелсенді әдістерін кең қолдануды талап етеді. Сондай әдістердің бірі — Мария Монтессори педагогикасы өзіне көптеген мамандардың назарын аударуда.
Мария Монтессори – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің қазіргі заманда да маңызы жойылмаған әдістемесін жасаған итальяндық педагог.
М.Монтессори педагогикасының тиімділігі, өзектілігі қазіргі уақытта да өз нәтижесін беруде.
Ойын барысында балалардың көру түйсігі қалыптасады, саусақтарының қимылы бір қалыптан екінші қалыпқа ауысуы дұрысталады.