Home » Ашық сабақтар » Тіл-татулық тірегі  

Тіл-татулық тірегі  

Шокенова Бахытжамал Мухамеджановна,
«Болашақ» бөбекжай-балабақшасының  қазақ тілі мұғалімі,
Ергешова Севара Алишеровна,
орыс тілі мұғалімі
Прокопенко Дания Рафиковна,
ағылшын тілі мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін орны: Әуен залы.
Топ: Ересек «Василек» тобы.
Тақырыбы: «Тіл –татулық тірегі».
Мақсаты: Балаларды үш тілдің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. Психологиялық тұрғыдан ойын арқылы баланың танымдық қабілетін арттыру.
Көрнекіліктер: Ұлттық салт –дәстүрге байланысты қазақы бұрыш.
Пәнаралық байланыс: Сөйлеуді дамыту. Көркем әдебиет, Шығармашылық.
(Балалардың әуен залына кіруі, сәлемдесуі).
Ортаға үш ту кіреді. (Қазақстанның туы, Ресейдің туы, Ұлыбританияның туы).
Әнұран айтылады.
Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер және балалар! Бүгін біз сіздердің назарларыңызға
«Тіл –татулық тірегі» атты  іс – шарамызға  қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Ана тілі халықтың ең сенімді құралы болып табылады. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі дүние жүзінде ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі. Ал сендер ана тілінің тұғырын биікке көтеретін еліміздің ұланысыңдар.

Ведущий: Ежегодно, 22 сентября вся наша страна отмечает этот день как день языков народов Казахстана. Наш президент Н.А. Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на трех языках: казахском, русском, английском, не забывая при этом и своего родного языка. Это прекрасно, ведь знание языков – это наше богатство. В этом году мы празднуем 20-летие и сегодняшнее мероприятие мы посвящаем этому празднику.

Дания: Our language is connected with our thought and sense. It appeared in antiquity. It is close to the society’s life. All languages developed under influence of economic, political and geographical conditions.

Бүгінгі ересектер «Василек» тобымен бірге тіліміздің өркендеу кезеңдерін тамашалаңыздар!

Тақпақтар:

Айдын:

Ана тілім
Жүрегісің анамның
Жүрек – ана
Мен өзіңмен жаралдым.

Сабина:

Ана тілді білмесем

Шат-шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайраңдап

Қазақ болып жүрмес ем

Айбар:

Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.

Каусар:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, теңдігің.

Нурмина:

Ана тілім – елдігім

Ана тілім – ерлігім

Ана тілім – болмаса

Бүтінделмес кемдігім

Жүргізуші:

Мәртебесі тілімнің

Биік болсын, халайық

Достығымыз жарасып

Би – билеп, ән салайық.

Ән: Үш тілде.

Жүргізуші:

1991жыл. Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанды. Қазақстанның мемлекет екендігін дәлелдейтін өз белгілері пайда болды.

Олар:

ҚР-ның елтаңбасы,

ҚР-ның туы,

ҚР-ны ң әнұраны

Және ҚР-ның Тұңғыш елбасы Н.Ә. Назарбаев, және де өз тілі, мемлекеттік тілі-ҚАЗАҚ ТІЛІ.

Жүргізуші: Сейчас наши дети расскажут вам стихотворения на русском языке.

Максим:

Язык наш прекрасный –

Богатый и звучный,

То мощный и страсный,

То нежно-певучий

Амина:

Страницы волшебных

Волнующих книг!

Люби и храни

Наш великий язык!

А.Амина:

Язык твой как родная мать

Каторую не унижать нельзя, не оскарблять.

Его ты должен, друг, блогадарить

За то, что правильно умеешь говорить.

Шырайлым

Ана тілің-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте

Жүргізуші:

Айгөлек- ау,  Айгөлек

Айдың жүзі дөнгелек

Айдай толған кезінде

Би билейміз, дөнгелеп.

Би: Қазақ биі

Ведущий: Казахстан – многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей, и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся казахстанцы!

Жүргізуші: Kazakhstan is the multinational state. In our country lives more than 130 (one hundred thirty)  nations and nationalities, and live in piece and friendship, one solid family and called the Kazakhstanis.

Амира

Opening doors                           Опэнинг доорс

Opening books                           Опэнинг букс

Opening hearts                          Опэнинг хартс

It’s September.

Нурасыл

September is a time                   Септембе ис э тайм

Of beginning of all                     Оф бегининг оф ол

Beginning of school                   Бегининг оф скул

Beginning of fall.                        Бегининг оф фол

Максим

Off to school                               Оф ту скул

We go together                           Ви гоу тугезе

In September                              Ин септембе

Sunny weather.                           Сани уэзэ.

Самандар

The leaves are falling                      Зэ ливз а фолинг

One by one                                      Уан бай уан

Summer is over                              Саммэ ис овэ

School is begun.                              Скул ис беган.

Диана

Fall is fun                                         Фол ис фан

I like to run                                      Ай лайк ту ран

I see the sun                                     Ай си зэ сан

Fall is fun.                                        Фол ис фан.

Тосын сәт.

Әже: Сәлеметсіңдер ме?

Балалар:Сәлеметсіз бе?

Әже: Балалар бұл қай жер? Мен Астанадан Алматыға бара жатқан едім таза ауа жұтайық деп автобустан түсіп едік, Автобус сол сәтте жүріп кетті. Балаларды көріп немерелерімді сағынып кетттім.

Жүргізуші: Мұңаймаңыз әже, әлі-ақ немерелеріңізге жетесіз.

Әже: Балалар сендер қай қалада тұрасыңдар?

Балалар: Кентау қаласында тұрамыз.

Әже: Ал балалар балабақшаларыңның аты қандай?

Балалар: Болашақ балабақшасы.

Әже: Топтарыңның аты қандай?

Балалар: Ересек «Василек» тобы.

Әже: Балалар сендер балабақшаларыңды жақсы көресіңдер ма?

Балалар: Ия

Әже: Ал сендердің балабақшаларың қандай, үлкен ба кішкентай ма?

Балалар: Біздің балабақша үлкен әрі әдемі.

Жүргізуші: Әже көрдіңізбе біздің балалар қандай ақылды әрі білгір

Әже: Ал ондай болса мен сендердің тағыда білімдеріңді мақал – мәтел арқылы

сынап көрейін.

Тіл – тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.

Ойнап сөйлесең де

Ойлап сөйле.

Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

Өнер алды — қызыл тіл.

Жақсы сөз – жарым ырыс.

Әже: Жарайсыңдар балалар, Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын

Үнемі ауызда бұлтыңдайды,

Бірақ жұтылмайды.                          (тіл).

Бірде тәтті, бірде ащы.                     (тіл).

Тілден ұшып, құлаққа қонады.                     (Сөз).

Жүргізуші: Әже ендеше біздіңде балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыз

Макар:

Ана тілім- ұраным,

Ана тілім – құралым.

Ана тілім – болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

Айкен:

Любой язык по – своему велик

Бесценное наследство вековое

Так берегите свой язык,

Как самое на свете дорогое!

Дильназа

Down, down                                     Даун, даун

Yellow and brown                           Еллоу энд браун

The leaves are falling                      Зэ ливс а фолинг

Over the town.                                  Овэ зэ таун.

Ойын: Асық лақтыру.

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. «Сұңқар» тобы және «Қыран» тобы. Ортаға қойылған екі қорапшаға белгілі бір ара –қашықтықты сақтап, себетке салынған асықтарды, екі топ жарыса кезекпен асықты лақтырып жүгіреді. Қорапшаға түскен асықтарды үш тілде санап, асықты көп жинаған топ жеңіске жетеді.

Ведущий: Язык – это общественное явление, которое действует на протяжении всего существования человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек живет в обществе. Он постоянно связан с другими людьми.Средством общения служит язык. При помощи языка люди передают свой мысли, желания, чувства.

Ән: Солнышка смеется

Жүргізуші: 22 қыркүек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жариялаған еді.

Тренинг: Челлендж

Жүргізуші:

Қымбат маған ана тілім, бала тілім,

Қымбат маған бала тілім, ар тілім

Ақ сүтіңмен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар алтыным

Сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Ведущий:Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. Желание одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства все дружили, чтобы братьями росли, дети матери – Земли.

Ән: Қазақстаным алға!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.