Home » Жаңалықтар » Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселесі қарастырылды

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселесі қарастырылды

   Жамбыл облысында барлығы 545 (395-балабақша, 150-шағын орталық) мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 55207 бала тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 84%, 3-6 жас аралығында – 98,6%.  Ал, 171 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда  14984 бала тәрбиеленуде. Яғни былтырғы жылмен салыстырмалы түрде балалардың бақшалармен қамтылуы артып келеді.  Демек, еліміздің мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мекемелеріне деген сұранысы мен ұсынысы тепе-теңдікті сақтап отыр. Осы және тағы басқа мәселелерге орай «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттырудың заманауи тәсілдері» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің бірлестік отырысының іс-шарасы Тараз қаласының №30 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өтті.

    Жалпы, Жамбыл облысы аумағында 2019 жылы 2899 орындық 27 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланған (23 жекеменшік балабақша, 4 шағын орталық). Осыған орай жыл басынан бері 2194 орынды қамтитын 15 жекеменшік балабақша ел игілігіне пайдалануға берілді. Нақтылай түссек, 80 орындық 1 балабақша, жоспардан тыс Шу ауданында 345 орындық 3 балабақша ашылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 1120 балаға арналған 16 мектепке мекеме ашу көзделіп отыр.

Ал, жоғарыда айтып өткен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында өңір бойынша 6712 педагог қызмет атқарады екен. Олардың мамандығы бойынша жоғары және техникалық, сонымен бірге кәсіптік білімі бар ұстаздар саны 2240, яғни 46,5%.

      Өңір бойынша тамыз конференциясы тұсында өткен жиынға Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Е.Бекбатырова, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы М.Қ.Жинақбаева, облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің басшысы С.К.Есеев, облыстық оқу әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі С.А.Джаманқұлова, «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласы филиалының теренері Ш.Қ.Альтаева және балабақша қызметкерлері  қатысты. Сонымен қатар:«Бұрындары балабақша санын арттыру үшін біз кәсіпкерлерге мектепке дейінгі ұйымдарды ашуға барынша қолғабыс жасаған едік. Бұдан былай балабақшалардың сапалық қызметі жан-жақты қарастырылады. Өйткені білім басқармасына келіп арызданушылар жетіп артылады. Жаңа талаптар енгізіліп жатыр. Дәліздердегі кілемшелерді алып тастау қажет. Осы мәселені облыстағы тиісті барлық бақша қызметкерлеріне тапсырамыз», — деп С.К.Есеев мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің осы және өзге де түйінді түйткілдердін қозғап өтті.

P.S. Ал, педагогтар арасында мектепке дейінгі білім беру саласын жетілдіру мақсатында кәсіпкерлер мен балабақша қызметкерлері ұйымдастырған көрме әлеуметтің көзайымына айналды.

Жансая Құрманғалиқызы,

Тараз қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.