Сыздықбекова Шамшат Мамырхановна,
«Болашақ» бөбекжай-балабақшасының
Ересектер «Қызғалдақ» тобы
Білім беру саласы: Кіріктірілген(5-сала).
Бөлімі: Көркем әдебиет, Сауат ашу,Математика, Жаратылыстану,Сурет.
Тақырыбы:Ертегілер еліне саяхат.(қорытынды сабақ).
Мақсаты:1.Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту,суретке қарап сөйлем құрау,буындату,дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін қорытындылау.
2.Тапсырма беру арқылы тура және кері санату,геометриялық пішіндерді ажырату,логикалық есептер,таңбаларды білу арқылы балалардың білімін тиянақтау.
3.Балаларды табиғатты сүйе білуге,аялауға,құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
4.Ұжымдық жұмыс арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,салыстыру.
Құрал жабдықтар:Ертегілер суреттері,атрибуттар,текшелер,сандар,табиғат бейнесі.
Сөздік жұмысы:ертегі,кейіпкер, сөз, сөйлем, дыбыс, буын.
Қостілдік компонент: ертегі еліне саяхат-путешестие в сказочный мир.
Іс-әрекет кезеңдері
Таңғы жиын:Армысың,Алтын күн!
Армысың,Жер ана!
Армысың,Аспан ата!
Армысың Ару көктем!
Армысыздар қонақтар!
Шеңберге біз тұрайық,
Қолымызды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Жүрекке жылу сыйлайық
Жинаған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық.
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Қ.Р-ң елбасы кім?
-Қ.Р.-ң рәміздерін ата?
-Қай қалада тұрамыз?
-Қай балабақшаға келеміз-«Болашақ» бөбекжай — балабақшас
Іздену-ұйымдастырушылық
-Енді балалар біз қазір ертегілер еліне саяхат жасаймыз.
Ертегілер еліне немен барғыларың келеді?
«Күнді іздеген достар.»
Айналаның бәрі әдемі ,күн күлімдеп,шуағын шашып тұр.Жаздың жайма шуақ күнінде орманда ерекшебір оқиға болады.Көңілді балапан ойнап жүреді,бір мезетте аспанды қара бұлт торлап,күн бетін жауып тастайды.Найзағай ойнап жаңбыр жауа бастады.
-Сендер бұл ертегі туралы білесіңдер ме?
-Қандай ертегі еліне келдік?
-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?
-Балапан неден қорықты?
-Оған кім көмектесті?
Бұлт:Достар сендер күннің әрдайым жарқырап тұрғанын қалайсыңдар ма?
-Бұлт:олай болса сендер қоршаған орта туралы айтып беріңдер.
Тәрбиеші:Балалар қалай ойлайсыңдар,күн су,ауа,бұлт бізге керек па?
Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
Табиғат нешеге бөлінеді.
-Тірі табиғақа нелер жатады?
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
Көктем туралы мнемотехника.(суретпен)
-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?
Дидактикалық ойын: «Табиғатты аялайық.»
Бұлт:Жарайсыңдар достар!Мен сендерге ризамын.Қазір күннің көзін ашып берейін.
-Ертегіде балапанға достары көмектесті.Достар қандай болу керек?
Дос туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
«Жыл басына таласқан хайуанаттар»
-Балалар әрі қарай саяхатымызды -жалғастырайық.
Енді ертегі еліне немен барғыларың келеді?
-Балалар қандай ертегі еліне келдік?-1жылда неше ай бар? -12 айды кім атап береді?
-Жыл басын ең бірінші көрген кім?
Енді балалар тышқан деген сөзді буынға бөліп,сөйлем құрап,дыбыстық талдау жасайық.
Ең алдымен сөйлем құрайық.
-Неше сөзден құралып тұр?
-Неше буын бар?
Дыбыстық талдау жасайық.
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Кім атап береді?
Жолақша текше арқылы дыбыстық талдау жасайды.
Енді серігіп алайық.Сергіту сәті.
«Балабақша әні»
«Қасқыр мен жеті лақ»
Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
Енді ертегі еліне немен барғыларың келеді?
-Қандай ертегі еліне келдік?
-Ой, балалар мына жерде ешкі жылап отыр екен.
-Қанекей,не үшін жылап отыр сұрап көрейік.
-Ешкі,ешкі сен неге жылап отырсың?
Ешкі:Менің лақтарымды қасқыр босатпай жатыр,егер тапсырмаларымды орындасаң ғана босатамын дейді.Ал,мен тапсырмаларды орындай алмай отырмын.
-Балалар ешкінің жағдайы мәз емес екен. Кәнекей,тапсырмаларды орындауға көмкетесеміз бе?
1-ден 10ға дейін тура кері санау.(3тілде)
Дидактикалық ойын: «Жоғалған сандарды тап»
Сандардың көршісін тап.
-3,5,7,9,сандарының көрші сандарын тап.
Соңғы тапсырмасы қасқырдың үйін табу үшін бізге есептер беріп жіберіпті,біз осы есептерді дұрыс шығарсақ,қасқырдың үйін табамыз.Ешкінің басында неше лағы болды? Оның нешеуін алып кетті қасқыр?сонда нешеу қалды?
6 үйде есептер бар сол есептерді шығарамыз.
Ал енді осы үйдің есігін ашу үшін бізге мына құлыпты аш деген тапсырма.
Ойын: «Құлыпты аш»
Балалар билеп жүреді,қолдарына геометриялық пішіндерді алып,шеңбер бойымен билеп жүреді,музыка тоқтаған кезде,сендер тез құлыптарыңды ашасыңдар.Ол үшін құлыптағы пішін мен қолыңдағы пішін сәйкес келу керек.Түсіндік па?
Қасқыр:Жарайсыңдар,сендер барлық тапсырмаларды белсенді орындадыңдар,мен лақтарды босатамынКешіріңдерші балалар.Рахмет сендерге.
Ешкі риза болып қоштасып кетеді.
Балалар енді қайда барғыларың келеді?
Ендеше шығармашылық әлеміне аяғымызбен жаяу барайық.
-Балалар кімге қай ертегі ұнады?
Олай болса 3-ке бөлінейік.
1.Күнді іздеген достар.1-ші сурет орталығына келді.
2.Жыл басына таласқан хайуанаттар жапсыру орталығына келді.
3.Қасқыр мен жеті лақ 3-ші құрастыру орталығына келді.
Енді шығармашылық жұмысымызды бастаймыз.
Ал балалар қауіпсіздік ережесін бәрімізде білеміз.Қауіпсіздік ережесін сақтайық
1ші-топ:күн суретін салады бастырып салу әдісімен
2-ші топ:Жыл басына таласқан хайуанаттарды ретімен жапсыру.
3-ші топ: жеті лақ қасқырды құрастырады
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Күтілетін нәтиже.
Білуі тиіс:жыл бойындағы өткен сабақтарды,ертегілерді,санауды геометриялық пішіндерді ,сөйлем құрауды,буынға бөлуді,табиғатты қорғауды,өз сезімдерін жеткізе біледі.
Болуы қажет:жыл бойы өтілген білімдерін тиянақтау.
Жасай алады:бастырып салу әдісімен сурет салуды,жыл басына таласқан хайуанаттарды рет-ретімен құрап,желімдеуді,қасқыр мен жеті лақ ертегісін құрастыра орындайды.