Home » Балабақша » Сумен тәжірибе жасау

Сумен тәжірибе жасау

Білім беру саласы: Таным

Оқу қызметі: Жаратылыстану

Мақсаты: Судың мөлдір екенін, бірақ оның кез-келген түске бояуға немесе ластауға болатынын көрсету. Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту;

Қолданылатын  көрнекі құралдар: жобалау-зерттеу технологиясы

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, әңгімелеу, түсіндіру. Сұрақ- жауап, зерттеу.

Сөздік жұмыс: сұйық

Билингвалды компонент: су-вода

Мотивациялық-қозғаушы

Балалар, балалар, бүгін бізге қонаққа  апайлар келіп отыр. Жылулық  шеңберіне тұрып, амандасып алайық.

Жылулық шеңбері:
Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

-Жарайсыңдар,балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Балалар ,көктем мезгілінде неше ай бар?

-Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай?

Жарайсыңдар, балалар!

Бүгін ауа райы тамаша болып тұр екен,  ендеше біз саяхатқа шығайық

Ұйымдастырушылық-ізденушілік:  

Кәнекей, бәріміз қайыққа отырамыз. Біз зертханаға жолға шықтық. Ауа райы тамаша. Өзенмен келеміз. Табиғат қандай әсем. Аспандағы күн біздің денемізге шуағын шашып тұр. Таза ауамен терең тыныс алып зертханаға келдік.(Терең тыныс алу). Міне, біз зертханаға да келіп қалдық.

-Бүгін мен зерттеуші ғалым болам, сендер менің көмекшім боласыңдар. Зертханада біз қандай ережелерді сақтаймыз. Айқайламаймыз, менің бұйрығымсыз еш нәрсеге тиіспейміз. Орындарымызда отырамыз және мені мұқият  тыңдаймыз.  Ендеше, мен сеңдерге жұмбақ жасырайын

1)Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ

Ол не?

(Су)

-Иә, балалар, дұрыс айтасындар, жұмбақтың шешуі-су

Су-мөлдір, сұйық зат. (Стақандағы суды көрсету).

-Су адамға не үшін қажет екен?

-Суды ішеміз, тамақ әзірлеу үшін пайдаланамыз, шомыламыз, киімді жуамыз, үйді тазалаймыз.

–Ал енді су кімге және не үшін қажет екенін білесіңдер ме?

-Иә, сусыз адам да, жануар да, өсімдік те тіршілік ете алмайды. Көрдіңдер ме, балалар судың қажет емес жері жоқ, сондықтан да суды үнемдеп пайдалану керек, суға қоқыстар тастауға болмайды. «Су-тіршілік көзі» деп бекерге айтпаған.                                                                                                                       Тәжірибе жасап көрсету.

Мына ыдыстағы мөлдір суды татып көрейік , дәмі бар ма екен? Енді суға тұз салып көрейік, және оның дәмін көрейікші ащы екен.

Менде екі түрлі ыдыс бар, пішіндері әр түрлі. Бұлардың ішінде су бар. Судың пішіні қандай? 

Балалар: Әр түрлі.

Тәрбиеші: Су қандай ыдысқа құйылса, сол ыдыстың пішініндей пішінге айналады.

— Су қандай зат екен?

Балалар алдымен суды иіскейді, содан кейін апельсин қабығын иіскейді. Осыдан судың иісі жоғын анықтайды.

Балалар: Су – сұйық зат екен. 

Сергіту сәті

“Жау-жау жаңбыр ” өлеңі

-Тамаша, балалар, ендеше мен сендерге бір тәжірибе көрсетейін.Мына үш ыдыста мөлдір таза су құйылып тұр. Кәне енді бәріміз бұл ыдыстағы суға бояулар салып көрейік. Балалар, қараңдаршы, ыдыстағы суымыз өзгеріп бара жатқан сияқты. Енді қараңдаршы мөлдір суымыз қандай су болып кетті .Дұрыс айтасыңдар сары түске айналды.

-Келесі ыдыста көк түске айналды.

-Соңғы ыдысымыздағы бұл мөлдір суымыз қызыл түске боялды.

Сонымен, балалар, суға қаңдайда бір бояу қоссақ не қоссақта мөлдір суымыз түсін өзгерете алады екен.

Тосын сәт

Сиқыршы келіп, сумен жасалатын сиқырлар көрсетеді.

Полиэтиленді пакетке су құйып, оның ауызын жабады, және сол пакетті ұшы бар ағаштармен тесеміз, су ақпайды, ағаштарымызды қайта алсақ су ағады, сарқырамалар сияқты.

Газды суды ашып, ішіне жүзімдер салсақ, жүзімдеріміз газды судың ішінде жоғары-төмен түсіп, билейді екен. Сіздермен өте қызықты тәжірибелер болды деп ойлаймын. Ал, енді менің баратын жерлерім бар. Сау болыңыздар! — асығыс  екенін айтып балалармен қоштасады

 «Не өзгерді?» ойыны

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін арттырып, сөздік қорын молайту.

Тақтаға тамшылардың суретін іліп, суды не үшін пайдаланатынымызды айтып беру. Судың өмірге қажеттілігін жеткізу. Енді, біз өз тобымызға қайтайық.

-Балалар кемемізге мінейік. Тобымызға қайтайық. біз топқа келдік.Міне, балалар, сендер  кішкентай зерттеушілер болдыңдар, рахмет сеңдерге.
-Сусыз тіршілік жоқ. Су адамдарға, жануарларға, құстарға, өсімдіктерге де керек.                                        Балалар қайталап айтады .

Рефлексиялық түзетушілік

-Балаларды мақтау, мадақтау

-Балалар біз сусыз өмір сүре аламыз ба?

-Суға түкіруге бола ма?

Жарайсындар балалар!
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін  нәтижелер:

Қайталай алады: судың тіршілік үшін қажет екендігін ұғынып, оның маңызы туралы түсінікті;

Түсінеді:  судың мөлдір болатынын және тіршілік үшін ( адам, жануарлар, өсімдіктер) қажет екендігін түсінеді;

Қолданады:    суды зерттеуде судың сұйық екенін  біледі, «сұйық» сөзін қолданады.

 

 

Ахметова Айсауле Нұржанқызы

Қызылорда қаласы

Арал қаласы

«Алтын балық» бөбекжайының

тәрбиешісі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.