Home » Мақалалар » Тимур Бектұр: Экспо — білім мен тәжірибе алаңына айналмақ!

Тимур Бектұр: Экспо — білім мен тәжірибе алаңына айналмақ!

Нұр-Сұлтан қаласында бұрын-соңды болмаған IT университет өз жұмысын бастады. Осыған орай танымал IT маманы, блогер, интернет-маркетолог Тимур Бектұрмен сұхбаттасқан едік.

 — Армысыз Тимур мырза! Тұсауы кесілейін деп тұрған білім ордасы туралы әңгіменің әлқиссасын бастап берсеңіз!

​ ​ — Армысыздар!​ Астана IT университеті қыркүйек айынан бастап өзінің алғашқы түлектерін қабылдауды бастайды. Бұл- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мамандар даярлап шығару мақсатында ашылып жатқан білім ордасы. Бәріңізге белгілі 2017 жылы Expo-2017 халықаралық көрмесі өткен болатын. Бұл көрмеге арнайы салынған қалашық бар. Сол аймақтағы павилиондардың бірінде университет кампусы орналасады.
​ ​ ​Экспо тұрғын үй кешенінде оның жатақханасы болады. Қазіргі таңда 3 оқу бағдарламасының аясында 8 мамандық қарастырылған.

— Атап өте аласыз ба? 
Олар:
1.Ақпараттық технологиялар
2.Компьютерлік ғылымдар
3.Программашы
4.Медиатехнология
5.Телекоммуникация жүйелері
6. Интернет тауарлары
7. Киберқауіпсіздік
8.Бизнес және басқару

 — Сабақ беретін оқытушылардың біліктілігі қандай болмақ? Мүмкін, елімізде мұндай мамандар тапшы шығар? Оқытушылық, профессорлық құрам қалай?

— Өзекті сұрақ. Оқытушылардың құрамы 3 деңгейге бөлінген.
1. Шетелдік ғалымдар
2. Қазақстандық ғалымдар мен Болашақ бағдарламасының түлектері
3. Практик мамандар. Негізгі кәсібі оқытушы болмаса да, IT саласында, Start Up, кәсібімен,​ жетістікке жетіп жүрген адамдар тәжірибелік сабақтар өткізетін болады!

 — Университетке неше студентті қамтиын деп отырсыздар? Оқытушылардың саны қанша болмақ?

             — Мемлекет біздің университетке 600 грант бөлді. Одан бөлек 200 талапкерді ақылы бөлімге қабылдауымызға болады. Нақты айту қиын. Бірақ, 1000-ға таяу студентті қабылдауымыз әбден мүмкін.

— ​ Студенттердің әлеуметтік жағдайы деген тағы бар. Жатақхана мәселесі қаншалықты қарастырылған. Тұратын ғимараттардың сапасы қалай?

— Жатақхананың сапасы өте жақсы. Себебі, Экспо көрмесіне арналып салынған тұрғын үй комплексі бар. Олар өте сапалы жасалған. 1 бөлмеде 2 студент жатады. 1-студентке 1 айға — 25 мың, 10 айға — 250 мың теңгені құрамақ. Бакалавр бойынша 3 жыл білім алады. Біздің университет студенттерге теория ғана беріп қоймай, Эксподағы Astana Hub орталығымен бірігіп, тәжірибе жүзінде де дайындамақ. Astana IT университетінің студенті өз саласының аясында қандай да бір Start up жоба жасайтын болса, емтиханнан практика жұмысымен өтіп кете алады.

 — Осы университетке түсу үшін қандай пәндерді таңдаған дұрыс? Сабақтар қай тілде өтеді?

— Сабақтар 100% ағылшын тілінде өтеді. Киберқауіпсіздік, Телекоммуникация жүйесі, Компьютерлік жүйе бойынша — физика және математика, IT менеджмент бойынша — математика және географияны таңдауы тиіс. Осы профильдегі ҰБТ тапсырған студенттер ағылшын тілінен емтихан тапсырады немесе IELTS 5.0 сертификаты болса автоматты түрде оқуға өте алады.

— Университет ректоры тағайындалды ма?

— Әрине. Ректорымыз осы уақытқа дейін Suleiman Demirel университетінде ректорлық қызмет атқарған — Қанат Қожахмет мырза!

 — Маңызды сұхбат үшін алғысымды білдіремін. Сау болыңыз!

— Сізге де рахмет! Сау болыңыз!

Ержігіт Еркебайұлы Күнтубаев,
«BILIM AINASY»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.