Жүсіпбекова Гүлнұр Кәрібайкызы,
Астана қаласы № 60|
«Арай» балабақшасының ІІ-санатты тәрбиешісі
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу.
Мақсаты: Шыршаны әшекейлеу үшін түрлі әдістермен, қылқаламмен, мақталы таяқшамен сурет салу әдістерін үйрету арқылы эстетикалық талғамын дамыту,әдемілікті,әсем безендірулерді
сезіне білуге тәрбиелеу.
Педагогтың іс-әрекеті:
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз,қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз.
Еш уайымды білмейміз!
Педагог балаларға Жаңа жыл мерекесі жайлы, мерекеге Аяз ата мен Ақшақар келетіндігі жайлы айтады.
Қолданылатын көрнекті құралдар: демонстрациялық
материалдар, шырша, ертегі кейіпкерлері.
Қажетті құрал-жабдықтар: шырша,мақталы таяқшалар, бояулар, қылқаламдар.
Сөздік жұмыс:шырша, әшекей, моншақ.
Балалардың іс-әрекеті:
Балалар тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.
Балалар Жаңа жыл мерекесі жайлы,Аяз атанның сыйлық әкелетіндігін,үйлерінде құрған шыршалары, шыршаны қалай безендіргеңдері жайлы әңгімелейді.Шыршадағы ілініп тұрған түрлі түсті ойыншықтар жалы да айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Бұл мереке балалар әр-түрлі ертегі кейіпкерлеріннің костюмдерін киіп,өз өнерлерін көрсететіндігін, оларға Аяз ата сыйлықтар беретіндігін жайлы түсіндіреді.
-Ата-аналарың мерекеге арнап үйде шырша қойды ма?Сендер оны қалай безендірдіңдер?Сендерге кім көмектесті?
Педагог балаларға дайын шыршанның суреті салынған дәптерлері таратады.Тиінге шыршаны безендіріп беруге көмектесулерін сұрайды.Шыршам ойыншықтарының түсі әртүрлі болатын айтады. Дөңгелек ойыншықтарды мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен салу тәсілін көрсетеді.
Балалар қысқа шыршалар суретіне қарап, шыршанның басын қар басып қалғаннын айтады.
Балалар өздері қалаған түсті таңдап алып, дайын шырша үлгісіне мақта оралға таяқшамен немесе қылқаламмен дөңгелек ойыншықтарды салады.Ойыншықтармен безендірілген шыршаны тамашалайды.
Балалар түстердің атауларын қайталап, естеріне түсіреді.Сурет салғанда жұмыс орындарын ластамай,таза ұстап,жұмыстары аяқталғаннаң кейін жинау керектігін түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Педагог тиінің баларға шырша безендіруге көмектескені үшін риза екенің айтады.Балаларға мерекеге арнап жаттаған тақпақтары мен өлеңдерін айтқызады.
Күтілетін нәтижесі:
Біледі:шыршаны әшекейлеуді.
Игереді:Жаңа жыл мерекесі туралы түсінікті.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Балаларға тиінге шыршаны қалай безендіргендерін түсіндіріп береді және мерекеге арнайы өз өнерлерін көрсетеді.
Меңгереді:мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен дөңгелек ойыншықтар салуды.