Home » Мақалалар » Шетелдік қонақ тәнті болды…

Шетелдік қонақ тәнті болды…

ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс екендігін атап өтті.

Яғни, қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі
және «ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор екендігін айтты. Жетісу ауданы №102 жалпы білім беретін мектебінде гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен Нидерландыдан келген халықаралық деңгейдегі сарапшы, профессор Хендрик Фрикенмен кездесу өтті. Кездесуге жауапты ағылшын тілі пәні мұғалімі Альжанова Пальмира Диханбайқызы мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қали Ақылбек Самарханұлы 7-11 сыныптарды дайындап, шетелдік қонаққа қазақ халқының салт-дәстүрлері «Тұсау кесу», «Асату», «Беташар» мен ұлттық мәдениетіне тән ерекшеліктерді «Қонақты төрге шығару», «Қонақ кәде сұрау», т.б. шараларды ағылшын тілінде таныстырды. Кездесу барысында профессор мектеп ұжымына CLIL технологиясы жайлы тренинг өткізді. CLIL технологиясы – пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. «CLIL» терминінің қолданыста жүргеніне айтарлықтай уақыт болмағанымен (1994 жылы), ол жаңа құбылыс болып табылмайды. Адам баласы көп тілді қоғамда өмір сүріп келеді. Көп тілді меңгеру қоғамда өмір сүру құралы болып табылады. Бүгінгі күні кіріктірілген оқу бағдарламасын Қазақстанда бірқатар мектептер қолданып отыр. Нақтырақ айтсақ, кейбір мектептерде Қазақстан тарихы, география, құқық негіздері пәндері қазақ тілінде, ал математика, биология, информатика, химия, физика пәндері ағылшын тілінде оқытылып жүр. Әрине, әдістің тиімділігін бірден айту қиынға соғады, себебі бұл бір емес, бірнеше жылдың жемісі. Ең алдымен, бұл әдіс оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып, өз мәдениетін бағалап, басқа мәдениеттерді құрметтеуге үйретеді. CLIL технологиясы бойынша екіжақты кері байланыс беріліп, шетелдік профессор мектеп ұжымына өз ризашылығын білдірді. Ерекше ықыласын мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларына білдірді. Оқушыларымыздың аялық білім деңгейі, ағылшын тілінде еркін сөйлеуі, қарым-қатынасқа түсуі қазіргі қоғамға сай екенін атап өтіп, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің еңбектеріне тәнті болды. Мектеп директоры Кержикеева Данагүл Рысбайқызы шетелдік қонаққа мектеп ұжымы атынан салтымыз бойынша кәде-сый жасап, кездесу соңы естлік суретке түсумен аяқталды.

 

 

Альжанова П.Д.,
ағылшын тілі мұғалімі
Қали А.С.,
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
№102 ЖББМ КММ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.