Home » Мақалалар » «READING TIMES»

«READING TIMES»

«Кестелер үйі», «Ақылдылар баспанасы», «Жан үшін дәріхана», «Даналылар үйі», «Кітап қоймасы палаталары», «Әдебиеттер ордасы» — әртүрлі елдерде және түрлі уақыттарда кітапханаларды осылай атаған. Адамдар әрқашан да кітапты құрметтеп және оны аса қымбат қазына ретінде қорғай білген.

«ЭКСПО – 2017» халықаралық арнайы көрмесіне «Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО ПҚ БАИ «READING TIMES» – «ОҚУ МИНУТАСЫ» өткізілді. «Болашақ энергиясы» жай таңдалмаған және өзекті тақырып. Үлкен масштабтағы әлемдегі 115 ел қатысатын іс-шараның аяқталуына да аз ғана уақыт қалды. Дегенмен, оған деген қызығушылық бәсеңдемеуде, керісінше күннен күнге сұраныс артуда. Естеріңізге салатын болсақ, көрме қыркүйектің 10 күні аяқталады. EXPO-ның барлық инфрақұрылымдары аяқталғаннан кейін де белсенді түрде қолданылатын болады.
«READING TIMES» негізгі мақсаты – біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларының оқу ой-өрістерін және келешекте толыққанды көркем мәтіндік материалдарды эмоционалды түрде талқылауларын қалыптастыру.
«READING TIMES» үдерісінде тыңдаушылар 2 минут ішінде ЭКСПО жайлы ұсынылған мақаламен танысу, өз ойларын айту, Астанадағы өтіп жатқан көрме туралы ойларын және өздерінің пікірлерімен бөлісуі тиіс болатын.
Ең үздік әлемдік тренер Брайан Трейси айтқандай, адам жылына бір кітап оқу керек деген. Егер де күнде 15 минуттан кітап оқыса, онда аптасына қызығушылық танытатын орта көлемдегі кітапты оқып шығуға болады. Қорытындысында, оқылған кітаптар қоржынында айына 4 кітаптан, ал жылына – 50 кітап.
«READING TIMES» тыңдаушылардың жасанды емес қызығушылығын, оқуға деген қарым-қатынастың тиімді түрін байқатты. Тыңдаушыларға жадынама брошюралар, мазмұнды тақырыптық кітап көрмесі, сонымен қатар ЭКСПО туралы бейнефильм үлкен ақпараттық қолдау болды.

Қ.Әблина,
қоғаммен байланыс және
баспа қызметі бөлімінің бас маманы,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО ПҚ БАИ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.