Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA — 2009 халықаралық зерттеуіне қатысты. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі туралы нақты тапсырма берілді.
Осы стратегиялық маңызды мәселені шешу тұлғаның негізгі функционалдық сапасын: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және бейтаныс жағдайда мәселенің шешімін таба білуін, кәсіптік даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім алушылардың функционалдық қабілеттері мектеп жағдайында қалыптасуға тиісті .
«Егер мұғалім ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ», — деген ұлы ғалым Д.И.Менделеевтің өсиеті бар.
Соған қарай қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мұғалімнің қажырлы еңбегі және талантты балалармен жұмыс істеуі қажет. Ғылыми тәжірибе жасау, сонымен қатар экологиялық білімін көтеру мақсатында балалармен жұмыс істеу тиімді.
Онда да жүйелі талдау әдісін қолдануға мүмкіндік жоқ. Зерттеу жұмысының нәтижесі болу үшін, мұғалімнің басты міндеттерінің бірі — әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігін таныта білуге жағдай жасау. Себебі, оқушы шамасына қарай өз ісіне бейім болады, ал бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Шын мәніндегі бейімділік әрекетті құштарлықпен ғана емес, оны нәтижелі орындаумен ерекшеленеді.
Қазіргі жаңа буын оқулықтары, оқытудың жаңа әдістері оқушылардың өз бетімен білім алып, дамуына мән беруде. Мұның өзі жас ерекшеліктері, қабілеттері әр түрлі деңгейдегі оқушының өз мүмкіндігін анықтауға жол ашуда. Кезінде өзіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі — ағартушы ғалым А.Байтұрсыновтың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі -балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдарын көрсетіп отыру.
Әрбір сабақ — мұғалімнің өз мақсатына жету уақыты. Сол себепті сабақтарда күнделікті сабақ жоспарын жасауда оқушының өзіндік іс-әрекетін қолдай алатын жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көңіл бөлінеді.
Өз бетінше жұмыс істеу — бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Онсыз оқушылардың шығармашыл қабілетін дамыту мүмкін емес. Егер оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен бейімділіктерін жүйелі түрде дамытып, олардың білім алуға шеберлігін және дағдысын дамытуға жағдай жасалса, әр оқушының өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргізілсе, онда жалпы қабілеттілік те, арнаулы қабілеттілікті де жоғары деңгейде дамытуға болады.
Қабілеттілік — адамның іс-әрекеті нәтижесінде дамып, ол жеке адамның ынтасына, бейімділік пен психологиялық үрдістер жиынтығына, шеберлік пен дағдысына байланысты болады. Білімнің жинақталуы адамның ынталануына септігін тигізіп, ал оның өзі жаңа білімді меңгеруге, сол білімді тереңдетуге, жан-жақты тұлға болып қалыптасуға жәрдем етеді. Жалпы қабілеттілік неғұрлым көбірек дамыса, мысалы: «Миға шабуыл»- тапсырмалар берілгенде оқушылар жұппен немесе шағын топпен орындайды. Сын айтылмайды, бірін бірі тыңдайды, дұрыс жауапты таңдайды ,ерекше идеяларды қолдайды.
«Миға шабуыл» стратегиясы мынандай кезеңдерден тұрады:
1. Ұйымдастыру сұрақтары
2. Миға шабуыл\ сұрақтарды талдау\
3. Дұрыс жауапты таңдап алу
«Мен- Сен-Біз» стратегиясы
Оқушы берілген тапсырманы жеке орындайды, жанындағы оқушымен бөліседі. Жинаған мәліметтерді талдайды, талқылайды, бір қорытындыға келеді.
«Әткеншек» стратегиясы
Сыныпты 4-5 оқушыдан топтарға бөледі. Әр топқа тапсырма беріледі.
1 кезең. Әр топқа маркер және А1форматты қағаз беріледі. Әр топ өздерінің идеяларын қағазға түсіреді.
2 кезең. Сағат тілі бойынша топтар қағазда жазылған идеяларымен жазбаша түрде пікір алмасады.
Ескерту: Сонымен, әр топтың формат қағаздары барлық топтарды айналып шығып,өздеріне қайтып келеді.
3 кезең. Әр топтан бір оқушы шығып, өздерінің презентациясындағы позицияларын қорғайды.
«Білемін, Білгім келеді, Білдім» стратегиясы
Сабақтың басында оқушыларға толтыруға кесте беріледі, не білемін, не білгім келеді бағандары толтырылады. Сабақтың қорытынды кезеңінде білдім деген баған толтырылады.
PISA Халықаралық зерттеу бағдарламасы әдіс тәсілдері арқылы ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның сырын түсініп алуымыз керек. Көптеген зерттеуші ғалымдар «әдіс тәсілдер арқылы ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сындарлы ойлау ой-дамытудың негізі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде.
Педагог К.Д.Ушинский былай дейді: «Біз жан — жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан -жақты зерттеп білуіміз керек».
Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор. Табиғат аясында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, тұжырым жасай білуге дағдыландыру, ғылыми конференцияларға қатыстыру, оқушының ойлау қабілетін дамыту, еңбекке баулу үлкен еңбек. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Назарбаев Н.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам.// Егемен Қазақстан.10 шілде 2012
2.«Білім туралы» заң.// Егемен Қазақстан.15 тамыз 2007
3.Бектемірова Н. Бұл өмірге жолаушымыз бәріміз. // Егемен Қазақстан.2012
4.«PISA Халықаралық зерттеуі» әдістемелік құрал Астана 2013
Салыбекова С.Н, ДЖАРКИНБАЕВА Г.А,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз қаласы
№35 орта мектебі