Оқу орнындағы педагогика, психология пәнінің оқытылу тарихын зерделегенде кешегісі мен бүгініне айғақ боларлықтай тарихи деректер және мұрағат құжаттарына сүйене отырып, оқытушылардың педагогика және психология пән бірлестігіне қатысты кезеңдеріне тоқтала кетсек. Атағы дүйім елге тараған Гурьев педагогика училищесінің тарихы сонау 1929 жылдан басталады. Ол Атырау өңіріндегі алғашқы білім ордаларының бірі болды десек қателеспейміз.
1958 жылы сол училищеден соңғы рет 26-шы түлектер бітірді де, белгілі себептерге байланысты оқу орны жабылады.1976 жылы Гурьев педагогика училищесі қайта жаңарды. Училище директоры Ж.Көшеновтың басқаруымен алғашқы жылы 180 оқушы қабылданып, бастауыш мектеп бөлімі орыс, қазақ топтарында дәріс алса, алғашқы түлектер 1978 жылы өмірге жолдама алды. Сол жылдары мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш мектеп бөлімі мамандықтары бойынша педагогика және жеке пәндер әдістемесі мен бірлестігі шығарашылықпен еңбек етті.
1976- 2006 жылдары Х.Сахипова, М.Сергеева, Б.Утешова, Г.Суталиева, А.Досмухамбетова,М.Зейнеденова,Т.Жигульевцева,Ғ.Сұлтанова,Ж.ҚоңыроваС.Есқазиева,Х.Әбдіғалиева ұстаздарымыз педагогика пәнінен және жеке пәндер әдістемесінен дәріс берді. Пән бірлестігінің құрамында шығармашылықпен еңбек етіп, дүниеден өтіп кетсе де оқу орнында өзіндік қолтаңбасын қалдырған марқұм Ғ.Ильясовтың еңбектері ұмытылмақ емес. Оның жетекшілігімен орыс топтарының білім алушыларынан құрылған «Қызықты психология» үйірмесі облыс көлеміндегі байқауларға шығармашылықпен дайындалып, жүлделі орындарды иеленіп жүрді.
Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, 2002 жылдан Атырау облыстық «Сыни ойлауды дамыту» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «RWCТ-тренері», республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жүлдегері, «Зерттеу» конкурсынан 1-ші дәрежелі диплом иегері Есқазиева С.Т.және педагогикалық ойлары мен зерттеу жұмыстары халықаралық, республикалық, облыстық баспа беттерінде, конференция жинақтарында жарық көрген отбасылық психолог, «Өрлеу» біліктікті арттыру ұлттық орталығы» Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұрақты лекторы, «Педагогика- студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру», «Мектеп психологының көмекші құралы», «Жаңаша оқыту — заман талабы» оқу әдістемелік құралдарының авторы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Сұлтанова Ғ.Т. әріптестері мен шәкірттері үнемі мақтанышпен айтып отырады.
Бірлестік әр жылдары Педагог құзіреттілігін шыңдауда сапалы білім мен тәрбие берудегі инновациялар, Кәсіби жаңару мен жаңғыру жолында… тақырыбында жұмыс жасап келеді.
Жаңаша білім беру жолында білім беру тәсілі мен сапасын арттыру мақсатын алға қойған бірлестік мүшелері «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Адамды үйлесімді даму институтымен, Атырау облыстық КБАҚД «Өрлеу» институтымен, Атырау облыстық Білім беру басқармасы жанындағы әдістемелік кабинетімен, «Фолиант» баспасымен, қалалық, облыстық оқу бөлімдерімен және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің педагогика және психология факультетімен, қала мектептерімен, оқу орталықтарымен байланыста жұмысты жетілдіріп отырады.Колледжішілік, облыстық шараларға бірлестік мүшелерінің тұрақты және белсенді қатысып отырады.
23 қыркүйек Қатира Ермекқызы Дүтбаеваның туған күніне орай «Ұлы тұлғаң көз алдымда мәңгілік» тақырыбында жаңа қабылданған студенттерге арналған тағылым сағаттарын жүргізу дәстүрге айналған. Шарада Қатира Ермекқызы Дүтбаеваның өмірін, қызметін, еңбегін баяндайтын слайд, бейнеролигі көрсетіледі.
«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында С.А.Назарбаеваның туған күніне орай жыл сайын ашық сабақтар, кездесу кеші, семинарлар ұйымдастырылып отырады. «Қазақстан-Атырау» телеарнасының қонағы болумен қатар баспасөз беттеріне мақала жазу, ғылыми практикалық конференцияларға баяндамамен қатысу, болашақ мамандар шығармашылығына көңіл бөлуді де назарда ұстап отырады.
Жаңаша білім беру жолында білім беру тәсілі мен сапасын арттыру мақсатын көздеген бірлестік мүшелері кәсіби мамандықтағы шеберлікті жетілдіру, оқу-әдістемелік, мульти-аудио-бейнеқұралдармен жабдықталу сапасын жақсарту және сабақтарды өткізу әдістемесін, оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге, оқу — тәрбие үдерісінде ақпараттық технология мен оқытушы әдістемелік шеберлігінің үндесуіне көңіл бөлу,озық тәжірибені тарату жолында елеулі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізген бірлестік мүшелерін атап кеткен жөн болар.
Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі пән бірлестігінің мүшесі, қазір колледж директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Баймұқанова Гүлжан Қыздарбайқызы — Облыстық “Үздік педагог” сайысында, облыстық педагогикалық оқу конкурсында әділқазы мүшесі, «Ұстаз жолынан өнеге»,«Жаңа педагогикалық технологияларды оқыту» атты оқу — әдістемелік құралдың авторы, «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
Рабай Күнайым Түйешіқызы — Облыстық “Үздік психолог” сайысында әділқазы мүшесі, Облыстық білім беру ұйымдарында бірнеше семинар тренингтердің жүргізушісі, ұйымдастырушысы. Республикалық қашықтықтан өткізілген «Балалар өмірдің гүлі» тақырыбындағы Эссе байқауында Іорын; Республикалық қашықтықтан өткізілген кабинет байқауынан І орын; психология пәнінен қашықтықтан өткен олимпиададан 1 орын иеленді. V Республикалық тәуелсіз қоғамдық «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазы «Үздік ұстаз», «Қазақ елінің үздік педагог-психологы» төс белгісінің иегері.
Утебалиева Айжан Темірғалиқызы — облыстық «Үздік куратор — 2006» сайысының жеңімпазы, облыстық «Үздік педагог-2018» сайысының жеңімпазы, Облыстық білім беру ұйымдарында ата-аналарға арналған бірнеше семинар тренингтердің жүргізушісі, «Көшбасшы ұстаз — 2018» төсбелгісінің иегері.
Қабделова Әсем Сатымғалиқызы — «Ұстаздық шеберлік, педагогикалық әдеп» оқу — әдістемелік құралының авторы, қыз тәрбиесіне орай «Қыз тәрбиесі — құндылық кілті» бағытында студенттермен жұмыс жасап келеді.
Сатыбалдиева Мендығаным Насибулловна — UPDATED ASPECTS OF STUDENTS’ PROFESSIONL TRAINING FOR TEACHING INTERNSHIP Дубай қаласындағы халықаралық конференцияға қатысып қайтты.
Изимова Гүлмаржан Надирқызы — Республикалық қашықтықтан өткізілген «Балалар өмірдің гүлі» тақырыбындағы Эссе байқауында І орын, Облыстық «Үздік колледж НАРКОБЕКЕТІ» байқауында Бас жүлде;. Облыстық «Білім беру» ұйымдарындағы психологтер үшін педагогика – психологиялық олимпиада» байқауы. 3-орын, Халықаралық интеллектуалдық интернет олимпиадасы. «Солнечный свет» І орын иеленіп отыр.Мұндай үлгі тұтар мақтаныштарымыздың қатарында педагогика ғылымдарының магистрлері Балмағамбетова Д, Халдыбаева М,Досмағамбетова Г,Искакова Г, Жангуатова Г, ИсаеваА, ШыныбаеваА сынды әріптестер де әдістемелік ізденіс үстінде.
ҚР БжҒминистрлігі «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған педагог кадрларды даярлайтын гуманитарлық колледждердің бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы бойынша 232 академиялық сағат көлемінде бірлестік мүшелерінің 5 оқытушысы, жаңартылған бағдарлама бойынша 2 оқытушы біліктілігін арттырды. Бірлестікке қатысты «Педагогика», «Өзін-өзі тану», «Педагогикалық зерттеу әдістемесі» кабинеттері әдістемелік тұрғыда қайта жабдықталып, «Үздік оқу кабинеті» сайысында 1 орын, «Үздік портфолио — 2017», «Үздік портфолио — 2018», «Үздік әдістемелік бірлестік — 2017», «Үздік әдістемелік бірлестік -2018» байқауларында І орын иеленгені бірлестік оқытушыларының колледждегі тәрбиелік-танымдық іс-шаралардың негізгі ұйымдастарушылары, қала, облыс, республика деңгейіндегі шығармашылық байқаулардың белсенді қатысушылары ретінде танылған шығармашыл ұжым екенінің дәлелі.
Асқарова Армангүл Қаленқызы,
Атырау қаласы
Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі
пән бірлестік жетекшісі, педагогика,психология пәні оқытушысы