Пазылова Жәудір Жамалдинқызы
Cәби Мағжан- бөбекжайының тәрбиешісі
Қызылорда қаласы
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу
Мақсаты: Л дыбысымен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Дауысты дыбыспен дауыссыз дыбысты ажырата білуге үйрету. Сөздер мен сөйлем құрау арқылы балалардың сөйлем құрау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктері: Кеспе әріптер, бейнероликтер, тақырыпқа сай суреттер.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын технологиясы.
Билингвалды компонент: лақ- козленок, лай- грязь, лашын- сапсан, лашық- лачуга, ләйлек- аист.
Барысы:
Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ, алдымен келген қонақтармен сәлемдесіп алайықшы.
Сәлеметсіздер ме?
Здравствуйте?
Good morning!
- Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін біз бір ойын ойнап жіберейікші. Сендердің ойын ойнағыларың келе ме?
Олай болса «Ойлан тап» ойынын ойнайық. Мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер біздің сиқырлы шамымыз жанатын болады. Ал қанекей ендеше ойынды бастайық.
Сауат ашу оқу қызметінде біз нені үйренеміз?(Сауат ашу оқу қызметінде әріптерді және дыбыстарды үйренеміз.)
Әріп дегеніміз не? (Әріп дегеніміз дыбыстың таңбасы, әріптерді біз көреміз және оқимыз)
Дыбыс дегеніміз не? (Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады)
Дыбыстарды біз нестиміз? ( Дыбыстарды біз естиміз және айтамыз)
Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дыбыс 2-ге бөлінеді, дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс)
Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді? (Дауысты дыбыс қызыл текшемен белгіленеді)
Ал дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді? (Дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді)
Дауысты дыбыс қалай айтылады? (Дауысты дыбыс кедергісіз, еркін айтылады)
Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? (Дауыссыз дыбыс кедергімен айтылады)
Өткен оқу қызметінде біз қандай әріп өттік? (Р дыбысы және әріпін өттік)
Р дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Р дыбысы дауыссыз дыбысқа жатады)
Балалар сендерге ойын ұнадыма? Олай болса орындарыңа отырып жайғаса қойыңдар.
Ғажайып сәт. (Анасы мен бауырларынан адасып қалған лақ келеді)
Балалар мына дыбыс қайдан шығып жатыр?
Біреудің жылаған даусы секілді.
Лақ: Сәлеметсіңдер ме балалар?
Балалар: Сәлеметсізбе?
Лақ сенің неге көңіл күйің жоқ? Анаң мен бауырларың қайда? Неге жалғыз жүрсің?
Лақ: Мен анам мен бауырларымнан адасып қалдым.
Жарайды лақ сен ендеше көңіл күйіңді түсірме. Сен бүгін бізге қонақ бол. Сенің анаң мен бауырларыңда сені іздеп келіп қалар. Балалар бүгін бізге қонаққа лақ келіпті. Лақ деген сөзде біз бірінші қандай дыбысты естіп тұрмыз? Біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы осы Л дыбысы және әрпі туралы болмақ. Лақ сен балалардың қасына жайғасып отыра ғой, сенде біраз нәрсе үйреніп қаларсың. Балалар ендеше барлығымыз назарымызды телеэкранға аударайық.
(Л дыбысы туралы видео көрсетіледі).
Лақ сөзі қандай дыбыстан басталады? Бірге айтайық Л Л Л. Л дыбысы созылмайды, кедергіге ұшырап барып шығады. Ол дауыссыз дыбыс. Л дыбысын көк бояумен белгілейміз. Қане ендеше барлығымыз қолымызға айналарымызды алып Л дыбысын айнаға қарап айтып көрейік.
Тіл ұстарту жаттығу.
Ла- ла- ла,
Араның түсі ала.
Лу- лу- лу,
Біздің Нұрай сұлу.
Осы Л л дыбысы туралы бейнежазба бізге не айтады екен, тыңдап көрейік.
Билингвалды компонент: лақ- козленок, лай- грязь, лашын- сапсан, лашық- лачуга, ләйлек- аист.
Енді осы сөздерді біз буынға бөліп көрейікші. Балалар естеріңде болсын сөзде қанша буын болса, сонша дауысты дыбыс болады екен. Қараңдаршы балалар Л дыбысы неге ұқсайды? Балалар мынау Л дыбысының баспа түрі. Ал мынау жазба түрі. Балалар осы Л дыбысын біз ауада жазып көрейікші. Енді осы Л әрпін алдымыздағы моншақтармен баспа түрін жазып шығайық. Л дыбысы балалар сөздің басында, ортасында және аяғында кездеседі екен. Ендеше балалар лақ, қала, тал, піл деген сөзді алдымыздағы текшемен жаза қойыңдар. Бұл тапсырманы орындамас бұрын балалар біз бір серігіп алайық. Сергіту сәтінеде бір ойын ойнап алайық. Ойынның аты «Дыбысты анықта» Маған көмекке екі бала келсін. Ал ендеше мен ойынды бастаймын. Мен сендерге Л дыбысынан келетін сөздер айтқанда қолдарыңды шапалақтайсыңдар, ал А дыбысынан келетін сөздер айтқанда аяқтарыңды тоқылдатасыңдар.
Жарайсыңдар балалар, барлығыңда дұрыс таптыңдар. Өте жақсы, тамаша.
(Музыка әуенмен ешкі лақтарымен адасып қалған лағын іздеп келеді)
Лақ: Анашым мен бүгін оқу қызметінде біраз нәрсе үйрендім. Балалар сендергеде көп рахмет. Сау болыңдар!
Балалар бүгінгі ашық оқу қызметі сендерге ұнадыма? Біз қандай жаңа дыбыспен таныстық? Л дыбысы қандай дыбысқа жатады екен? Біз Л дыбысын жақсы танып білу үшін біз тағыда бір ойын ойнап жіберейік. Мына киндер ойыншығында әріптер бар, осы әріптерді дұрыс орналастырсақ сөз шығады және сол шыққан сөзге қатыстырып сөйлем құрау керекпіз. Қандай текшемен белгіледік? Ал енді балалар келген қонақтарымызға не дейміз? САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!