Home » Жаңалықтар » Отандық ет өңдеуші тағы бір кешен іске қосылды

Отандық ет өңдеуші тағы бір кешен іске қосылды

11 шілде күні Ақмола облысы Шучинск қаласында Kazbeef Group  саладағы ең ірі ет өңдеуші кешенінің ресми ашылу салтанаты болды.

Қазіргі таңда KazBeef Group жемді өсіруден бастап, өнімді қаптауға дейінгі бүкіл толық өндіріс циклін американдық технология бойынша ұйымдастырып, мәрмәр сиыр етін өндіретін Қазақстан аумағындағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. Кешен жанында ондаған шағын ферма – «сателлиттер» шоғырланған, компания олардан жануарларды сатып алатын болады. Осылайша осындай бір «қозғалтқыш» бизнес арқасында бүкіл аймақ дамымақ.

Шараға тек еліміздің өңірлерінен келген журналистер ғана емес, шекара асып, осы шара үшін уақытын арнап келген қонақтар да болды.  Атап айтқанда: Metro Cash&Carry, Kazakh Invest, Rixos Borovoe өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімді тізгіндеп тұрған жүргізушінің көп тілділігі де қонақтармен байланыс жасауға септігін тигізді.

«Kazbeef- Қазақастандағы мәрмәр сиыр етін өндіретін №1 кәсіпорын». Бұны компанияның бас директоры- Бейбіт Ерубаев өз сөзінде қоса кетті.

Мұсылмандық салт-дәстүрге беріктігін көрсеткен кешен иелері құран оқытып, құбыланы бағыттап құрбандық шалып,  қан шығарды.

Ата жолды дәріптеген боймен келген қонақтар оң аяқпен ғимаратқа да кірді. Тілшілер мен серіктес өкілдердің көптігінен бұл рәсім 2 топқа бөлінді. Арнайы өңдеуші бөлмелерге кірудің өзіндік ережелері де бар. Киіміңіз бүлінбес үшін және де ішкі тазалық, өнімнің 100% сенімділігі үшін; қалат, бас киім, бахила. Кірдік: Қызу жұмыс,  бірақ температура салқын.  Өнімнің бұзылып кетпеуі үшін жасалған.  Әрқашан бұл белгілі суықтық бақылауда болады екен.  Арғы бөлмесінде тіптен үрлесең аузыңнан бу шығады.  Шілденің шыжыған ыстығында мынадай қара суық бөлмеге кіріп шығам деп те ойламайсың. Алғашқы бөлмеде етті турап,  тазалап,  жіліктесе,  одан кейінгілерінде оны Kazbeef деген арнайы жазуы бар қағаздарға орап, қаптап сақтау жұмыстары жүргізіледі.  Әр қалаға кететін етті мөлшеріне сай тең бөліп,  жөнелтуге дайындайтын көрінеді.

Қазақстанда мал шаруашылығы әрқашанда кірісі жоғары әрі салтымызға сәйкес сала болып келді. Ал бүгінгі күні бұл саланың ел экономикасы үшін ауқымы мен маңыздылығы жағынан мұнай саласының деңгейіне дейін өсуге бүкіл қауқары мен мүмкіндігі бар. Біздің жеріміз бен тарихымыз Қазақстанның әлемдегі ең көшбасшы ет өндірушілер қатарына қосыла алатындығын айғақтайды», — деп атап өтті Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев.

KazBeef Group – мәрмәр сиыр етін өндіретін Қазақстандағы №1 кәсіпорын. Kazbeef-тің өндіретін еті ең үздік американдық технология бойынша 180 күндік жеммен бордақыланатындықтан, бірегей дәмдік сапасы бар. Көбіне-көп Аргентина мен Бразилияда шөппен бордақыланып, өндірілетін еттен оның басты айырмашылығы осында жатыр.

Компанияның меншігінде Ақмола облысындағы 120 мың гектар жайылым жер бар, онда асыл тұқымды репродукторда ұсталатын ангус және герефорд тұқымдарының 5000-нан аса мал басы бағылады. Сондай-ақ, компания Зеренді ауданында қосымша 5000 ірі қара мал басын жеммен бордақылайды. Үстіміздегі жылдың шілде айының соңында жаңа бордақылаушы алаңды іске қосу арқасында бір уақытта ұсталатын ірі қара мал басы 15000-ға дейін жеткізілмек, бұл ішкі нарықты жыл сайын отандық өндірісте өндірілген сапалы мәрмәр сиыр етінің 6000-нан аса тоннасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Өнімнің азық-түлік қауіпсіздігі FSSC 22000 халықаралық азық-түлік қаупсіздігі менеджементіне сәйкес келеді және де өндірістің әрбір кезеңінде өнімнің сапасына қатаң бақылау жасалады.

Жоғарыда атап өткендей асыл тұқымды ірі қаралар АҚШ-тан алдырылған.  Елге әкелінген ірі қара мал сертификатталған және Американың Ангус және герефорд тұқымдары қауымдастығының базасына енгізілген.  2016 жылы өнімнің бас дистрибьюторы болып METRO Cash&Carry сауда желісі таңдап алынды. Kusto Group 2018 жылы «KazBeef Group» ЖШС мажоритарлық акционеріне айналды. Қазір компания қызметіне малды бордақылау, репродуктор, жем өндірісі.

Бақылап,  зерттеп қайттық.  Сенімді,  «Халал» сертификаты бар,  таза әрі қолайлы.  Бастысы- Отандық.

Мирас Хизатолла

BILIM AINASY

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.