(15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл)
Кездесу кеші мақсаты: Ауған соғысына қатысқандар жайлы жастарға мағлұмат беріп, оларға ардагерлердің ерлігін насихаттау, майданда опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, есімдерін қастерлеуге және отансүйгіштікке баулу.
Көрнекілігі: Слайд, бейнероликтер, фотосуреттер, көрініс,кітап көрмесі
Жүру барысы:
(Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады)
Жүргізуші:
Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен
Ардагерлер – естелігі ерліктің,
Ұрпақтары – бұтақтары
Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ардагерлер, ұстаздар мен студенттер және бүгінгі кездесу кешінің қадірменді қонақтары! 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ардагерлермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.Кешімізді ашу үшін сөз кезегін колледж директоры Қарабаева Айжан Сарсенқызына ұсынамыз.
Жүргізуші: 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс -зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтардың бірі – Ауған соғысы. Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Статистика бойынша 10 жылға созылған Ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453-ке жетті. Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924-і қаза тапты,21 адам қаза тапты. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Атырау қаласынан 700-ге жуық сарбаз қатысып, оның 1-еуі хабарсыз кетті, ал 14-і сол соғыста қаза тапты. Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық. (Еске алу. 1 минут үнсіздік)
Жүргізуші:Батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз біздің ортамызда.
1.Атырау облысы Ауған соғысы ардагерлер Одағы қоғамдық кеңесінің төрағасы — Қайыржанов Ғабиден Қатипұлы.
2.Ауған соғысының ардагері, отставкадағы майор – Бектелеуов Қамалбек Нұриұлы.
Ауған соғысының ардагері — Қуанғалиев Бауыржан Нығметұлы.
4.Ауған соғысының ардагері – Үлкенбаев Бейімбет Нариманұлы.
5.Ауған соғысының ардагері – Баймуханов Миралы Базарбайұлы және де әріптесіміз, Ауған соғысының ардагері-Арыстанғалиев Марат Ғалижанұлы. Ол бүгін басқа жерге кездесуге шақырылғандықтан қатыса алмай отыр, ол да бүгінгі күні бізбен бірге деп есептейміз.
Жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет барма?»-деген ойлы сөзі бар. Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді.Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.
КӨРІНІС.
Сарбаз: 12 жауынгер қалды, қанды шайқастан жараланған 1 адам, қару-жарақ пен суымыз да бітуге айналды. Шақырайған күннің аптап ыстық лебі денені, әр талшығын күйдіріп барады. Ащы тер терең жарақатқа құйылғанда жараңа тұз сепкендей боласың. Бірақ біздің денеміз жараланса да, жүрегіміз тілінсе де рухымыз өлген жоқ, өшкен жоқ.
Пришел приказ и по приказу мы встаем
Взяв АКС садимся ночью в самолет,
В тот рании час, когда земля вокруг спала,
В Афганистан приказом воля занесла.
Афганистан, проклятый горный дикий край,
Приказ простой вставай, иди и умирай,
Но как же так ведь на земле весна давно,
А сердце режет мечты и горести полно.
3 сарбаз:
Бауырым, бұл хатымды аласың ба?
Ауғанның тауларының арасында,
Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,
Жатырмыз ессіз-түссіз жар астында.
Қоршаудамыз, барады айдан асып,
Анталаған жаулармен тайталасып,
Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан,
Шер-қайғыңды енді кімге айта аларсың?
Командир: Жолдас жауынгерлер, біз, әр елдің түкпір — түкпірінен келген бір бүтін бауырлармыз! Біз Кеңес Одағы алдында Ауғанстан жеріндегі өз азаматтық борышымызды қасық қанымыз қалғанша өтеуге келдік. Ақтық деміміз таусылғанша шайқасамыз!
Бәрі тұрып: Алға, Алға, Алға – дейді.
Жолдас жауынгер, Біздің взвод жауынгерлерінің азық-түлігі мен суы азаюға қалды. Әскери бөлімге Кабулдан азық- түлік пен қару-жарақ әкелу керектігі туралы хабар беріңіз! Тапсырманы бұлжытпай орындаңыз!
Жауынгер: Құп болады, командир,Бұйрығыңызды орындаймын! (Осы кезде оқтың, пулеметтің даусы естіліп бәрін қырып кетеді. Тапсырманы орындауға кеткен жауынгер келеді)
-Бауырлар, бауырларым, сендерге не болған, бауырлар? Бауырым, көзіңді ашшы,бауырым! Бауырым, ояншы, бауырым, бауырым, көзіңді ашшы бауырым,бауырым! Жолдас командир, жолдас командир, бауырым, жолдас командир, жолдас командир, көзіңді ашшы, жолдас командир, жолдас командир, жоқ, жолдас командир! (айқайлайды, жылайды).
-Кеш бопты. Жолдас бауырларым, мен сендерді құтқара алмадым, сендерді жат жерде соңғы сапарға шығарып саламын деп ойладым ба? Жоқ, Отан алдында борышымды өтеймін деп келген мына сендерге осындай қасірет, қарғыс атқыр жердің топырағы бұйырады деп ойладым ба? Кешіріңдер мені бауырларым! Алайда, бауырларым, мен Сендерді нағыз ержүрек батыр екендеріңді елге жария етемін.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың иесі, жалындаған жас ұрпақтың арнау өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз. (Студенттердің көркемсөздерін тыңдау)
Жүргізуші: «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті » деген екен бір қария.Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен оттың астына өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін ғанибет. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол.Ендеше, сіздерге колледж студенттерінің қояр сауалы бар екен, жауап берсеңіздер.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздердің алдарыңызда колледждің 2002 жылғы ұлдарына әскери есепке тіркелген куәлігін салтанатты түрде тапсыруға және Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай облыстық «Жас Мерген» сайысында жүлделі орын алған студенттерді марапаттауға рұқсат етіңіздер!
Ән: «Жаса, жаса Қазақстан» Жүргізуші: Қадірменді қонақтар колледждің ұл балаларының дайындаған автоматты бөлшектеп жинақтау жаттығуын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Айбынды ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге бейбіт өмірдің бақытты күндерін тілей отыра ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, жанұяларыңызға амандық тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!
Самал Табылдықызы Масатова,
Атырау қаласы
Қ.Дүтбаева атындағыгуманитарлық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, п.ғ.магистрі