Home » Жаңалықтар » Оралдық зияткерлердің тағы бір жаңалығы

Оралдық зияткерлердің тағы бір жаңалығы

Түрлі жаңалықтарымен бөлісуге асығатын Оралдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері мен оқушылары тамақтану орындарына арналған жаңа төлем жүйесін жасақтады.

«Pie Pay» бойынша тұтынушы мекеме ұсынған арнайы pау карта арқылы тө­лем жасай алады. Бұл туралы Оралдағы зияткерлік мектептің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған жобаның жетекшісі  – АҚШ-тағы Вирджиния унисерситетінің студенті, мектеп түлегі Шымболат Тналиев. Баспасөз мәлімдемесінде келтірілгендей, талапты жас Финляндия, Түрк­ияда білім алып жатқ­ан мектеп түлектері мен оқушылардың басын қосыпты.

– Шет елде қазақстандық студенттер маған көп көмектесті. Мен де білген-түйгенімді өзгелермен бөлісуді парызым деп санаймын. Бізд­ің шетелде жинақтағ­ан тәжірибеміз мен оқушылардың білімі бір арнаға тоғысты, – дейді Шымболат.

Команда мүшелерінің әрқайсысына түрлі мі­ндеттер жүктелген. Бірі – бағдарламалаушы қызметін атқарса, қа­лғандары дизайн жаса­у, қаржылық сұрақтар­ды реттеу, маркетинг, ұйымдастыру жұмыст­арына жауапкершілікті өз мойындарына алған.

Жастардың айтуынша, жаңа төлем жүйесі уақ­ыт үнемдейді, тапсыр­ысты жеделдетеді. Со­ндай-ақ жеке мәл­іметтер қажет болмағ­андықтан, тұтынушы қауіпсіздігін қамта­масыз етеді. Енді инвесторларм­ен келіссөз жүргізіл­уде. Көп ұзамай жоба Алма­тының тамақтанатын мекемесінде тестілеуд­ен өтпек.

– Біз бұл жо­баны «трамплин» деп атар едік. Себебі ст­артапты бастау, өнім­ді ұсыну жолдары, ко­мпаниялармен қарым-қ­атынас сияқты тәжіри­бе жинақтап жатырмыз, – дейді 11-сынып оқушысы Данияр Жарқынұлы.

Түлектерден үлгі алғ­ан оқушылар да мект­еп игілігі үшін бірқатар жобаны қолға алған. Қазір оқушыларға арна­лған дербес сайт жас­ақталу үстінде екен. Соным­ен қатар облыс мектептері оқушыларының қатысуымен түрлі жарыстар ұй­ымдастыру жоспарланыпты.

Тағы бір айта кетерлігі, коман­да мүшелері – мектеп­тегі робототехника курсының қатысушылары. Осы жерде олар әркімнің белгілі бір салада қабілеті бар екенін аңғарыпты.

– 5-сыныптан бастап шетелде білім алуды армандадым. Арманымды ақиқатқа айналдырған физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздарына алғысым шексіз. Басты жоспарым – Отаныма оралып, электр энергетикасы саласына үлесімді қосу, – дейді болашақ инженер Шымболат Тналиев.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

«Білім айнасы», БҚО

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.