«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» отбасылық сайысы
Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығайтуы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Керекті құралдар: доптар, кеглилер, шығыршық, уақ доп, құрсаулар, кедергілер, қаптар, шайба, хокей клюшкасы, секіргіштер. Жүргізуші: дене шынықтыру маманы – Қазыханова Марта Асылбекқызы Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар, бүгінгі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысымызға ересектер және ортаңғы тобымыздың бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысады. Жарысқа қатысушыларды шақырамыз, Әр таңды бақытпенен атырамыз. Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға — Оңғаршиев отбасын шақырамыз. Изтелеуов Асылай отбасын шақырамыз Қарсабаев Ермек отбасын шақырамыз Жолдасбаев Жасұлан отбасын шақырамыз Менкешов Азамат отбасын…








