Home » Тұлға (page 3)

Тұлға

Жақсы адам ғана жақсы ұстаз бола алады…

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық – адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен «ұстаз» деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны ішкі жан-дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы ...

Толығырақ »

Мен психологпын  

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов:  «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп бекер айтпаған. Ғалымдарымыздың зерттеуі бойынша «Психолог» мамандығы ең танымал мамандықтар қатарының бестігіне кіреді. Психология әлемі, психолог мамандығы несімен қызықтырады? Психолог ол дәрігер емес, ол адам жанының емшісі. Психолог-өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін  ізгі жан. Психолог-өзін терең  ...

Толығырақ »

Менің ұстаздық ұстанымым

Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады. Мен бүгінгі таңда білім беру саласында  2 жылдай еңбек етіп келемін. Күн сайын алдымда адал көздерімен жәудіреп отырған шәкірттеріме зер сала қараймын. Қарап отырып, ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін іштей сезінемін. Сондықтан да менің өзіме қоятын талабым, алдыма қойған мақсатым ...

Толығырақ »

 Тараз қаласының №44 орта мектебінде Амангелді батыр ұлықталды  

  Жамбыл облысы, Тараз қаласының Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде тарих пәні ұстаздары М.Ақбергенова, Д.Нұрбекова, Қ.Умиралиева, Д.Нүсіпбек және Г.Зорбаеваның мұрындық болуымен халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 145 жыл толуына орай «Ердің ері – Амангелді» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.    «Ер есімі – ел есінде» дегендей, Амангелді Үдербайұлы Имановтың 145 жыл ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ-ТҮРІК ДОСТЫҒЫН ЖЫРЛАҒАН АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ

Қазақ руханиятының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың таланты мен мұрасы сан қырлы. Ол ұлт тарихын, оның іргелі оқиғалары мен тұлғаларын зерделей ұлықтауға, өткеннің тәжірибесі мен тағылымын қоғамдық санада ұялатуға мол мұра қалдырған ұлы ақын. Мағжан жыры –таусылмайтын жыр. Ақындардың ақыны аталған жыр жасампазы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай бабамыздың рухын асқақтатып, өшпес мұрасының насихатталуына үлкен жол ашылды. Соның тағы ...

Толығырақ »

Ұлы Ұстаздың Дара жолы

 Ұлы ұстаз, қоғам қайраткері, қобызшы Фатима Жұмағұлқызы Балғаеваның 90 жылдығына арналған I Cолтүстiк регионалдық жас орындаушылар конкурсы мен «Дара  жол» халықаралық ғылыми – тәжірибелiк конференциясы биік деңгейде өткен еді. Бұл іс-шараның өтуіне ұйытқы болып, белсенділік көрсеткен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Қобыз және ОХА» кафедрасының профессоры Раушан Қожабекқызы Мұсақожаеваның еңбегін атап өту абзал.   Бұл игі ...

Толығырақ »

Қарағандылық ұстаз, әрі басшы

  Ықылым заманнан бері ұстаз атаулының шоқтығы қашан да биік. Ұстазға құрмет көрсету- білімге құрмет көрсету. Адамның адамшылығы- жақсы ұстаздан» деп  Абай атамыз айтқандай, біз бүгін Қарағанды шахарындағы № 102 мектеп- гимназиясының  басшысы, үздік ұстаздарының бірі де бірегейі, білім ордасының шоқтығы, абыройын биіктеткен- ұлы ұстаз Мусина Айман Оразовна жайлы сөз етпекпіз.  Мектептің оқушыларына дейін үлгі алып, құрмет көрсететін биік тұлға ...

Толығырақ »

Үлгілі ана, ұлағатты ұстаз

Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз баршылық. Солардың қатарында өзгені де өзін де бақытты етсем деген Целиноград ауданы №2 Қосшы орта мектебінің математика пәні мұғалімі  Исмағұлова Нұршат Ермұханқызы да  бар. Педагогикалық тәжірибесі мол, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін меңгерген инновациялық технологияларды қолданатын шығармашылықпен жұмыс істей білетін ұстаз оқушыларына саналы түрде білім беруді  өзінің борышы деп санайды. ...

Толығырақ »

Жеңімпаз мұғалім

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен 2012 жылдан бастау алған республикалық «үздік педагог» конкурсы мақсатты нәтижеге бағытталған. Биылғы 2018 жылдың қорытындысы бойынша «үздік педагог» атағымен 64 жеңімпаз іріктеліп, арнайы төсбелгі, куәлік, сондай-ақ, қаржылай сыйақымен марапатталған болатын. Осы орайда, «Білім айнасы» редакциясы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған Астана қаласы №68 орта мектептің жеңімпаз мұғалімімен тілдесіп қайтты. «Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша бүгінгі ...

Толығырақ »

Жақсы бастығың – жарты бақытың

Жаныңда жүр жақсы адам Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының бұл сөзі ұжымын  саусақтың саласындай біріктіре білетін іскер басшыларға арналып айтылғанына дау жоқ. Басшылыққа қабілеті мол, жауапкершілікпен ауыртпашылықты көтере білетін бір сөзбен айтқанда ұжымдағы атмосфераны ұстайтын жан өзіне сене қараған барлық әріптестеріне қорған бола алады. Бүгінгі біз қалам тербеген кейіпкеріміз бүлдіршіндер ордасын басқарып, есіктен кірген әр жанды өзінің мейірімді жүзімен шынайы ...

Толығырақ »