Ғажайып бір қала бар — Маңғыстауда Күн сайын көркеюде, жаңаруда Жарқын болашағына жетелейтін Жол ашқан мақсатыңа, арманыңа Мектебім жаңа ашылған білім орда Жаңашыл білім берген балаларға Ашылған алтын кілті мектебімде Жасалған сара жолы шын ғылымға Қызғалдақ, гүл көмкерген көшелерін, Сан түрлі гүлдері бар — кілең керім. Қаласына сүйсініп қарап тұрған, Көресін Қашағаңның ескерткішін. Газеті бар аудандық ...
Толығырақ »Поэзия
Астана
Егемендік — ерлікті алтын таңым Ерікті ел — ойлап асқақ армандарын Әсем қала — ерікті ел Елордасы Жүрегінен жаралған — Елбасымның Елбасым — көп ойланған елдің қамын, Ойлаған- жүректегі армандарын Қазағымның — мерейі асқақтайтын Қазығын қаққан ғажап бұл қаланың Кешегі «көшпенділер» аталған ел Халқын білем десеңіз қаласын көр Халқына ақыл салып — қазақ үшін Астан салу қажет- ...
Толығырақ »Отбасым бар — бақытым бар деген сөз
Отбасым бар — бақытым бар басымда Анам да бар — аялайтын қасымда Әкем менің асқар тауым тірегім, Көкке мені көтеретін жасымда. Ағамда бар, жетелейтін мені алға Адастырмас «өмір» атты — орманда Інім де бар, еріп жүрер ізіме Бағалайтын мені қамқор — панаға Апам да бар тілегімді тілейтін Көрмей қалса мені бір күн жүдейтін Сіңілім де бар еркелейді ...
Толығырақ »Анама
Көзімді алғаш ашып сені көрдім Есігін аштың маған мына өмірдің Қуанғаннан деймін мен бір сол сәтте Шырылдадым, анашым еңіредім… Ана — сенің жүрегіңнен жаралдым Ақ сүтіңнен тірлігіме нәр алдым. Мен есейіп қанша жасқа келсем де Сәбиімін әлі күнге — анамның Алтын күнім сенсің, ана, нұр берген Мына өмірге есік ашып, жол берген Мен анамның жүрегінің бөлшегі ...
Толығырақ »Ұстаз — ұлы тұлға
Ұстазды мен күн нұрына баладым, Жүрегіме жол табатын — баланың. Күлімдеген көздерін мен ұқсаттым Мейірімді жүздеріне — анамның. «Күнім» дейтін — үздік баға алғанда Күлімдейтін шырқатып ән салғанда Бізбен билеп, бала болып кететін Ұстазымды теңедім мен — досыма Ұстаз — Ана, Ұстаз — дана, өр тұлға Тәлім, білім сіңіретін санаңа Достарыма айтар менің тілегім Тағзым етіп өтейік ...
Толығырақ »Қазақстан
Қазақстан-көк байрақты нұр елім, Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім. Өзіңменен қуанып, шаттанып, Мәңгілік ел болашаққа сенемін. Қазағымның дархан дала жері кең, Терезесі елдерменен болды тең. Тәуелсіздік,еркіндікке қол жетіп, Елім, жерім қиындықты еңсерген. Елбасымыз елді бастап келеді, Қиындықты халқыменен жеңеді. Бірлігі мене ынтымағы жарасқан Түрлі ұлттың достығына сенеді. Кешегі күн азаттықты аңсаған, Отаным деп ата-бабам болды арман. Жауларына ...
Толығырақ »Қуатым — ана тілім!
Қуатым — ана тілім Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді, Айтады ана тілсіз кім түбіңді? Қайсы бір қандастарым шүлдірлес Жүрегім біз сұққанай мың тілінді. Қуатым — ана тілім ақ сүт берген, Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген. Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой, Әперген маған орын ашып төрден. Қалса егер жалғыз сәтке қалғып тілім, Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім. Сен ...
Толығырақ »Әз Наурыз
Жақсылықты жалғайтұғын үмітпен, Самарқанның көк тасын да жібіткен, Жаңа жылдың, жаңа күннің бастауы, Наурыз келді, арылалық күдіктен. Араздық та, өкпе-реніш тыйылсын, Кең далаға елдің бәрі жиылсын. Ортамызға мол дастарқан жайылып, Наурыз көже молынан бір құйылсын. Кешіріңдер бір-біріңнің қатеңді, Өшіріңдер, араздық та жат енді. Құрмет көрсет, ардақ тұтар анаңа, Алғыс айтып, ризала әкеңді. Құттықтағын аға-іні, бауырды, Кіндік кескен, ...
Толығырақ »Қазақ болу – зор бақыт!
Біз – қазақпыз, туылған көк бөріден, Күш алған, қайрат алған жыр төрінен. Алатау боп аспанмен таласқанда Қыран ұшып, самғайды көгімізден. Талай сынақ қарсы алды жолымыздан, Төгілді қан менен жас жанымыздан. Талай ана құшағы жетімсіреп Талай сəби айырылды анасынан. Сүріндік, қайта тұрдық жігер алып, Айқайлап, Абылайды ұрандатып. Алқымынан өтсе де қылыш жүзі, Тірілдік, „Қазақпыз!“ деп қайталатып. Керей мен Жəнібектей болды көсем, ...
Толығырақ »НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Абдикеров Нұржан Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі»КММ 11 «А» сынып оқушысы Келді бүгін жаңаша күн, Келді бүгін, жаңа жыл. Бар түркілер мерекесі, Келді бүгін Әз-Наурыз. Әр халыққа бұл мейрамның, Өз мағына, мәні бар. Осы мейрам Ұлыс күнін, Тойлаудың үлкен мәні бар. Мерекеден қалыс қалмас, Барша халық, еш бір жан. Шаттанады, қуанады, Жас-кәрілер балаша. ...
Толығырақ »