Home » Жаңалықтар (page 5)

Жаңалықтар

Тілім менің-сарқылмас қазынамсың!

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Түрксіб ауданындағы №170 жалпы білім беретін мектебінде “Тілім менің-сарқылмас қазынамсың!” тақырыбында    қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің  онкүндігі салтанаты түрде ашылды. Ашылу салтанаты мектеп директоры Тастанбекова Гулнар Молдабекқызының кіріспе сөзімен басталды. Әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй ойнады, ару қыздар мың бұралып би биледі. Қазақ ұлтының салт-дәстүрі  ұлықталып, тілге құрметті ұлттан бастаған бірлестік мұғалімдері қазақилық танытып шашу ...

Толығырақ »

Ұлттық ойындар-ұлт мұрасы

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Алмалы ауданындағы № 16 бөбекжай балабақшасында ұлттық ойын түрлерін насихаттау мақсатында көрсетілім өтті. Сахнаға Ұлттық киіммен шыққан балабақша тәрбиеленушілері көпшілікті өздеріне еріксіз қаратты.  Дастархан басына жайғасып, алдымен Наурыз мейрамы жайлы әңгіме өрбітті. Балалардың бірі “Наурыз-қазақ халқының жаңа жылы, ақ түйенің қарны жарылған күн”десе, енді бірі “Бұл — той, ата-бабамыз ежелден Наурызды бір ай бойы тойлаған” ...

Толығырақ »

Тәжіктер келген күн

Тәжікстаннан келген қонақтарды мектебіміздің «Гүлшашу» ансамблі керемет бимен қарсы алды. Мектеп директоры Алма Алтынхановна мектеп дамуының негізгі стратегиялық бағыттарымен таныстырды. Қонақтарды мектептің цифрлық контенті қызықтырды. Оқушыларымыздың дана Абай туралы ойлары, өзін-өзі басқарудың рөлі, STEM кабинетінің ғылыми жобаларға дайындалу мүмкіндігі туралы ақпараттарды асқан қызығушылықпен тыңдады. Қонақтарға «Цифрлық мұғалім» жобасын информатика мұғалімдері таныстырды. Цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, мұғалімдер өзінің кәсіби дамуын арттырады. ...

Толығырақ »

Қуыршақ көрсе балаша қуанады…

Бүгін жол түсіп Астана қаласы Білім басқармасына қарасты Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде болдым. Мектеп директоры Алма Алтынханқызы жылы қарсы алды. Үздік ұстаздарымен және аз уақытта оқу орнымен таныстырып шықты. Ол жайында видео үзінділер ұсынып отырмын. Сырттай қарағанға тұйықтау, қаталдау сияқты болып көрінетін басшы еді. Сөйтсем Алма ханымның көңілінің қысы жоқ, жаны жайсаң жаз кісі болып шықты. Бір теңеулерде айтатындай ...

Толығырақ »

«Қаршақызға арналған көктемгі сыйлық»

Жақында Наурызбай ауданы Нұрбала бөбекжай-балабақшасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Қаршақызға арналған көктемгі сыйлық» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеште  бүлдіршіндер «Қаршақызбен 7 ергежейлі» ертегісінен көріністер көрсетіп, Қаршақыздың, ергежейлердің, ару көктемнің, мысықтардың, батыл теңізшілердің рөлін сомдады. Ертегі соңында теңізшілерге жолыққан 7 ергежейлі Қаршақызға алтын балықты ұсынды. Сондай-ақ шара барысында би билеп, ән айтып, өлең оқыды. Бұдан бөлек, кеште ата-аналармен  ойындар ойнатылды.  Ата-аналар қолдан ...

Толығырақ »

Балабақшада ерекше балалармен жұмыс жақсы атқарылуда

Алматы қаласы Думан ықшам ауданындағы  №166 бөбекжай-балабақшасында ерекше білімді қажет ететін балалармен әртүрлі ойын-түрі форматында жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде балабақшада психологиялық, медициналық,педагокикалық консультация қызметі тексерісінен өткен 40-қа жуық ерекше бала бар.   Мұның бірден бір себебі — тұқым қуалау, аяғы ауыр кезінде ананың күйзеліске түсуі, үшіншіден, дәрі-дәрімектерді қабылдауы, балалармен кері-байланысқа түспеуі, баланың қорқып қалуынан болады. Сондай-ақ, баланың дамуына ұялы телефонның да ...

Толығырақ »

“Табиғат және біз”

2023 жылдың шілде айында Алматы қаласы әкімдігі және білім басқармасының қолдауымен Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсы бойынша Лондон қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында болып келді. Англия балабақшаларының ерекшелігі — қалдық заттардан жасалынған бұйымдар қолданылады. Лондон іс-тәжірибесі негізінде Бостандық аудандық №152 бөбекжай-балабақшасында “Табиғат және біз” экологиялық жобасы ...

Толығырақ »

Балабақшада психологиялық ахуал қандай?

6 наурыз күні Наурызбай ауданындағы №194 бөбекжай-балабақшасында «Балабақшада психологиялық-педагогикалық жағымды қарым-қатынас орнату жолдары» атты аудандық семинар өтті. Оған аталған ауданның білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова мен Алматы қаласы әдістемелік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің жетекшісі Раушан Тумаева, бас маман Маншук Зеитова қатысты. Семинарда Салтанат Құсайынова қазіргі таңда тәрбиешілердің психологиялық жағдайы балаларға төзімсіз екенін айтты. -Балабақшада жағымды қарым-қатынас орнату ...

Толығырақ »

Ерекше ертеңгілік өтті

8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында еліміздің түпкір-түпкіріндегі мектепке дейінгі ұйымдар ертеңгілік өткізуде, соның бірі бүгін Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты № 95 бөбекжай-балабақшасында өткен мерекелік іс-шара.    Аталмыш мерекеге осы балабақшада тәрбиеленіп жатқан 6 топтың ата-аналары қонақ болып келіпті. Мерекелік шарада «Тамшы», «Балапан», «Балдырған», «Көбелек», «Айжұлдыз» және «Қарлығаш» топтарының бүлдіршіндері өнер көрсетті. Олар біраздан бері анамыздың мерекесіне деп дайындаған өнерлерін ...

Толығырақ »

Ақын – елдің ардағы

Кітап – халықтың рухани қазынасы, адамзат баласының сан ғасырлар жинақтаған білімдер жиынтығы. Кемелденген қоғам мүшесін қалыптастыруда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, тұлғаны дамытуда кітап оқу мәдениетін, үздіксіз оқу дағдысын қалыптстырудың маңызы зор. Сондықтан да кітап оқу мәдениетін дамыту бүгінгі адамзат қоғамында кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. Президент Қасымжомарт Тоқаевтың: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі» деген пікірі де оқу мәдениетін дамытудың халықтық ...

Толығырақ »