Home » Жас қалам (page 9)

Жас қалам

Жеміс-жидектер

Алма, алмұрт, алхоры, жүзім, лимон, шабдалы, апельсин. Бұл жемістердің құрамында А, В, С, Д, Е, Р дәрумендері бар. Бұл витаминдер біздің ағзамызға өте пайдалы. Жеміс-жидектерді көбірек жесек әрқашан көнілді болып жүреміз. Тісіміз ауырмай, берік болып өседі. Денсаулығымыз мықты болады. Тез өсеміз, тамаққа тәбетіміз жақсы болады. Жемістер әр түрлі дәруменге бай. Жемістерді, көкөністерді жуып жеу керек. Олардың емдік қасиеттері де өте ...

Толығырақ »

Гүл ғажайып әлемі

       Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер   жайқалуда. Балалар демалысқа шығып ауылдағы ата-әжесіне барады. Күн сәулесі адам денесін ысытады. Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдер салынып, жеңіл киімдер шығады. Далада шыбындар, көбелектер, инеліктер ұша бастайды. Жаз өте ыстық болады, сондықтан отбасылар көп уақытын далада өткізеді. Төрт-түлік малдар төлдейді. Жаз – төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары ...

Толығырақ »

Әжеме сағыныш

Бір жыл болды өзіңді көрмегелі, Мейірімің мен шуағыңды сезбегелі. Сағыныштан сарғайып қалам алдым, Шабытымның суына шөлдегелі.   Әже сенен үйрендім мен барлығын да, Жоқтығың сенің мені салды қайғы-мұңға. Мектептегі алғашқы күні жылап келдім, Жәутеңдетіп жүзімді алдыңызға.   Жетектеп қолды қысып, алып бардың, Мұғалімге мен үшін айқай салдың. Тәтелерім үйге келсе бәрін бірдей, Немереме не әкелдің деп сұраққа алдың.   Мейлі ...

Толығырақ »

Жас Ұлан мен Жас Қыран

                               Адалдықты сүйеді ол, Болашағы сонша зор. Ол – бүгінгі Жас Қыран, Ол – бүгінгі ЖасҰлан. Мектеп деген ол ертең Ұшырады ғаламға. Оқуда да еңбекте Әрқашанда ол алда. Жақсы істерді түсініп, Атқарады қандайын. Мектептегі істерге Әрқашанда ол дайын.                                                                                                      Тілепі Інжу,  Опорный орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Толығырақ »

Қош бол, бала қоңырау!

Мектебім-ау, мектебім, Сенде өстім, көктедім. Арманым көп менің де Мен есейіп жеткен күн. Ұстаз деген бүгінде Ол – екінші анамыз. Білім берген бастауыш Біз қоштасып барамыз. Қош бол, бала қоңырау, Айтып жүрем ән қылып. Мектеп кеме атанған Шәкіртіңмін мәңгілік.                                                                                                        Сабырғали Динара, Опорный орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Толығырақ »

Туған жер құлпырады

Іргесі мықты болса Үйлер де құламайды. Бейбіт күн, ашық аспан Ешкім де жыламайды.   Туған жер, көркейе бер Түрленіп бақша, бағы Егемен елімізде Бәрі де жақсарады.                                                            Наурызбаева Еңілік, Опорный орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Толығырақ »

Бейбітшілік болсын мәңгі

Аналардың тілегінде –Бейбітшілік Бөбектердің жүрегінде – Бейбітшілік Балдырғанның бал тілінде – Бейбітшілік Шуағыңды төк күнде, Бейбітшілік Көгершін боп қалықта, Бейбітшілік – осы өлең жолдары еріксіз ойыма келіп, қолыма қалам алып өзіндік ой өрнегімді жазуға кірістім. Бізге еркіндік үлкен ерліктің арқасында келді. Ата-бабаларымыз Отан үшін отқа түсті, жауды жеңді. Көптеген қиындықты бастан кешірді. Отан оттан да ыстық деген ұранмен алға ұмтылды, ...

Толығырақ »

Бақытты балалық шақ

     Әр баланың балалық шағы болады. Менің де бақытты балалық шағым жалғасып, бейбіт өмірде  көтеріңкі көңілде өтіп жатыр. Балалық шақтың куәсі болатындай қызықты оқиғалардың бәрі есімде. Ата-анама мен әлі баламын, өйткені мені еркелетеді, ойнатады, қуантады. Ал әжем болса мені арқасына отырғызып балабақшаға апаратын. Әкем сайқымазақ болып, анам аяз ата, қуыршақ болып менімен ойнайтын. Балдай тәтті күндерім осылай жалғасуда .Өйткені мен ...

Толығырақ »

Мен өскенде қандай бала боламын?

Мен әлі жасөспірім баламын, Жақсылық пен жамандықты айыра да аламын. Айтыңдаршы шындығын Мен өскенде, қандай бала боламын?   Кішілерге күш көрсетпей бағамын, Үлкендердің айтқан тілін аламын. Ойлап тұрсам өзім де, Мен өскенде керемет бала болармын! Нұрғали Аружан,                                      Опорный орта мектебі,                                      4 «Ә» сынып оқушысы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,                                      Боранқұл селосы  

Толығырақ »

Өтірік өлең

Инелікке мініп ап, Айға мен ұшып бардым. Айменен мен сөйлесіп Үйге қайта оралдым.   Маса менен арыстан Төбелесіп қалыпты. Сөйтіп олар бір күні, Татуласып алыпты.                                  Базарбайқызы Аяулым,                                     Опорный орта мектебі,                                      4 «Ә» сынып оқушысы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,                                      Боранқұл селосы

Толығырақ »