Home » Білім және заң (page 3)

Білім және заң

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу соңғы уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың ҚР-ның заңнамасына сәйкестiгiн тексеруді, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру ...

Толығырақ »

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оның салдарын жою

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген, заң мен әділдікке деген, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күресте ауқымды жұмыстар жүргізілуде. ...

Толығырақ »

СОТСЫЗ ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ – ҚОҒАМ ҮШІН ҚАЖЕТТІ БАСТАМА

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Жоғары Соты төрағасының кеңесшісі С.Сүлейменнің қатысуымен «Сотсыз татуласу орталығын» құрудың тиімділігін түсіндіру мақсатында жиын өтті. Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, аудандық сот төрағасы А.Абдулла, аудан прокуроры А.Тәженов, аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Байдушев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, ...

Толығырақ »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес назарда

«Өрлеудің» солтүстік қазақстандық филиалында мемлекеттік саясаттың жүргізілу барысы талқыланды, нақтылап айтқанда, курс тыңдаушылары мен филиал қызметкерелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жайлы айтылған болатын. Семинар барысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің бас маманы А.Е. Сатанов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ҚР Заңы жобасының негізгі қағидаларын түсіндірді: заң жобасы оның мақсаттары мен міндеттерін, ...

Толығырақ »

Бастауыш мектептегі білім берудің қазіргі заманғы тәсілдері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» делінген. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғаны белгілі. Кез келген мектептен толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген оқушыдан болашақта жақсы маман білімді азамат шығары сөзсіз. Себебі, біз қадам басқан ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған білімді, өз ...

Толығырақ »

Оралдық ұстаздар ортақ мақсатқа жұмылуда

Орал қалалық білім беру бөлімінде жаңартылған білім мазмұны бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім саласына айрықша көңіл бөлінгені белгілі. Оралдық ұстаздар Жолдауда жүктелген міндеттерге ден қойып, нәтижелі жұмыс атқаруға жұмыла кірісуде. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Айгүл Рамазанова мәлімдеді. Мемлекет басшысы осы жылғы ...

Толығырақ »

Жолдау жүктеген жетінші міндет

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында білім беру жүйесіне баса назар аударған. Білім саласындағы қабілеттілікті қарыштату, мұғалімдер жалақысын жақсарту, біліктілікті растау. Бұл саладағы атқарылуы тиіс міндеттерді сатылай тарқатқан Президент осы мақ­сат­т­а биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Бейне­сабақтары мен бейнелек­цияларды ғаламтор арқылы қолжетімді ету жайты айтылды. Бұл тәсіл өз кезегінде ауыл мен қала мектептеріндегі білім ...

Толығырақ »

Жолдау – ел дамуын көздейтін құжат

Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаевтың жаңа Жолдауы — егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжат. Бұл құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тəуелсіз елімізді дамытудың, әрбір азаматтың, əрбір отбасының, жастардың жəне келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Мен білім саласында қызмет ететін болғандықтан, Жолдауда білім беру саласының ...

Толығырақ »

Жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып ...

Толығырақ »

Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Кез келген педагог үшін білім алу, біліктілігін арттыру – өзекті мәселе. Осы орайда Елбасының Қазақстан халқына жолдауын мұқият тыңдадық. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында білім берудің жаңа сапасына ерекше мән беріліп, ол бөлек міндет ретінде қарастырылған. Бұл міндеттің орындалуы барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруда жеделдететіні ...

Толығырақ »