Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығайтуы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Керекті құралдар: доптар, кеглилер, шығыршық, уақ доп, құрсаулар, кедергілер, қаптар, шайба, хокей клюшкасы, секіргіштер. Жүргізуші: дене шынықтыру маманы – Қазыханова Марта Асылбекқызы Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар, бүгінгі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысымызға ересектер және ортаңғы тобымыздың бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысады. Жарысқа қатысушыларды шақырамыз, Әр таңды бақытпенен атырамыз. Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға — Оңғаршиев отбасын шақырамыз. Изтелеуов Асылай отбасын шақырамыз Қарсабаев Ермек отбасын шақырамыз Жолдасбаев Жасұлан отбасын шақырамыз Менкешов Азамат отбасын шақырамыз Келманов Рустем отбасын шақырамыз ...
Толығырақ »Білім және денсаулық
Бастауыш сыныптарындағы оқушылардың көз ауруларына әсер етуші факторлар және олардың алдын алу
Жұмыстың мақсаты: Жас ерекшеліктеріне байланысты көру мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерімен танысу, оқушылар мен студенттер арасында анализаторлардың гигиеналық талаптары мен әртүрлі потологиялық аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Жұмыстың міндеттері: — Жас ерекшеліктеріне байланысты көру мүмкіндіктері; — Көру талдағышының патологиясы және алдын алу жолдары; — Рефракция; — Жақыннан көргіштік (МИОПИЯ); — Гиперметропия; — Іштен туа пайда болатын көз аурулары.
Толығырақ »Ұлттық ойындар арқылы балалардың денесін шынықтыру
Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Ұлттық ойындар – ата-бабаларымыздың бізге берген байлығы мен асыл қазынасы. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар ұжымының дамуында басты рөл атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әрекетін өз ...
Толығырақ »Салауатты ұрпақ – ел болашағы
Ел болу үшін бесігінің түзулігін ойлаған халық емеспіз бе?! Ел болашағының бесігі бірінші отбасы болса, одан кейін, әрине, мектеп тұрары анық. Қазақы салт-дәстүрлерімізді берік сақтай отырып, ғылым мен техниканың озық үлгілерін өмірімізге енгізу заман талабы болып отырғаны да шындық. Елбасымыз атап өткендей: ұрпақтарымызға ұлттық кодымызға негізделген тәрбие беру – біздерге міндет. Ұстаздарға қойылып отырған талаптардың бірі – өз ойын еркін ...
Толығырақ »Ақмола облысының педагог-психологтары мен медицина қызметкерлеріне арналған жоба
Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен педагог-психологтардың арнайы курсы басталды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Кәмелетке толмаған балалардың арасында өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мақсатында Қазақстандағы ЮНИСЕФ Біріккен Ұлттар Ұйымы балалар қорының өкілдігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған балаларды ...
Толығырақ »Инклюзивті білім беруде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың құқықтарын іске асырудағы іс-әрекеттер
Инклюзивті білім беруде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың құқықтарын іске асырудағы психологиялық- педагогикалық түзеу кабинетінің іс-әрекеті Елбасы Н. Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, «…Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз ...
Толығырақ »Денсаулық сақтау саласының мейірімді тұлғасы
«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша Астана қаласы әкімшілігі мемлекеттік мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері де біздің кейіпкеріміздің жан-жақты білікті әрі тәжірибелі педиатр-дәрігер екендігін мақтан етеді. Өйткені жүрегі мейірімді, қайсар мінезді мықты педиатр Бағира Игенқызы өзінің жан-жақтылығын дәлелдей білген маман иесі. Жүнісбекова Бағира Игенқызы, 1961 жылы 13 қарашада Қарағанды облысы Ағадір кентінде дүниеге келген. Ол Ағадір кентінде 1979 жылы 10 жылдық ...
Толығырақ »